Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета - Bulletin of the Kazakh State Women's Teacher Training University
Smaller Default Larger

Жарияланым этикасы

1. Рецензент этикасы

1.1         Рецензент сараптау мерзіміне обьективті себептермен үлгермеген жағдайда алдын-ала редакция алқасына хабарлауы тиіс.

1.2.       Рецензент мақалада дәйеккөз ретінде келтірілмеген ұқсас жарияланған жұмыстарды ашық көрсетуі тиіс.

1.3.       Рецензент зерттеудің баяндалған нәтижесін саралап, әділ әрі дәлелді баға беруге міндетті.

1.4.       Автордың жеке басына, оның ғылыми деңгейіне, ғылыми дүниетанымына сыни пікір айтуға болмайды.

 

2. Жарияланымдар этикасы

2.1.       Шектен тыс мәтін қолдану, ресімделген дәйексөздерді өзгертіп беру, басқа біреудің зерттеу нәтижелерін иемдену, кез келген формадағы плагиаттық – әдепсіздік болып табылады және қабылданбайды.

2.2.       Жұмысқа сын айтылған жағдайда немесе рецензентің ескертпелері болған жағдайда авторлар этикалық нормаларды сақтауы тиіс.

2.3.       Авторлар редакция алқасы мен рецензиялаушылардың жұмыстарына сыйластықпен, түсіністікпен қарап, көрсетілген кемшіліктерді жоюға немесе дәлелді түсініктеме береді.

2.4.       Автор ұсынылған мақала басқа ғылыми басылымда қарастырылмағанын кепілдік береді.

2.5.       Авторлар (авторлық бірлестік) ғылыми-зерттеу жұмыстарының этикасына сүйене отырып, дереккөздермен жұмыс істеу барысында, шамадан тыс өзін-өзіне сілтеме жасауды болдырмау керек.

2.6.       Авторлық бірлескен мақалада, авторлардың нұсқаулық тәртібі әрбір автордың мақаладағы жұмысына қосқан үлесінің маңыздылығына негізделеді.

2.7.       Плагиат анықталған жағдайда редакция алқасы мақаланы жариялаудан және келесі жолы мақаланы автордан қабылдаудан бас тартуға құқылы.

  • Thomson Reuters
  • Springer Link
  • ИМПАКТ - факторы журналдық презентация
  • Білім бақылау комитеті
  • Ғылым комитеті
  • Электронная библиотека
  • Білім және ғылым министрірлігі