Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета - Bulletin of the Kazakh State Women's Teacher Training University
Smaller Default Larger

Бас редактор

   Педагогика ғылымдарының докторы, «Педагогика» мамандығы бойынша ЖАК профессоры. Жалпы жұмыс өтілі 29 жылды құрайды, оның ішінде 20 жылдан білім беру ұйымдарында басшылық қызметте болған. 

  Гаухар Туремуратовна еңбек қызметін оқытушы қызметінен бастап, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор деңгейіне дейін жеткен. Бұдан бұрын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жұмыс жөніндегі проректор, ректордың міндетін атқарушы және басқа да лауазымдарда жұмыс істеді. 
100-ден аса ғылыми мақала, 2 монография, 2 оқу құралы, 10 оқу-әдістемелік құралының авторы. 
   Ғылыми қызығушылық салаларына педагогика, тәрбие, моральдық-этикалық өзара қарым-қатынас, қазақ тілі кіреді. 
Біліктілік курстарынан тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде: Ресей, Әзірбайжан, Германия, Ұлыбритания, Италия, Чехия, Түркия және т.б елдерде өткен. 
«Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы», білім беру ісінің құрметті қызметкері марапаттарының, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі және «Құрмет» орденінің иегері.

  • Thomson Reuters
  • Springer Link
  • ИМПАКТ - факторы журналдық презентация
  • Білім бақылау комитеті
  • Ғылым комитеті
  • Электронная библиотека
  • Білім және ғылым министрірлігі