Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета - Bulletin of the Kazakh State Women's Teacher Training University
Smaller Default Larger

Корректор

SymbatСүйіндікова Сымбат Жанахметқызы 1975 жылы 22 маусымда Семей облысы Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Филология магистрі.

1992 жылы орта мектепті бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Аталған университетті 1996 жылы бітіріп, осы факультеттің магистратурасына қабылданды. 1998 жылы магистратураны әдебиет мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Алғаш еңбек жолын №58 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастады.

2005-2011 жылдары №51 мектеп-лицейінде ұстаздық қызмет атқарды.

2011-2013 жылдары «Дала мен қала» газетінде корректор қызметін атқарды.

2014 жылдың сәуір айынан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Хабаршы – Вестник – Bullletin» журналында корректор.

  • Thomson Reuters
  • Springer Link
  • ИМПАКТ - факторы журналдық презентация
  • Білім бақылау комитеті
  • Ғылым комитеті
  • Электронная библиотека
  • Білім және ғылым министрірлігі