Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета - Bulletin of the Kazakh State Women's Teacher Training University
Smaller Default Larger

Журнал туралы мәлімет

«ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2006 жылдан бері жарық көріп келе жатқан «Хабаршы - Вестник - Bulletin» ғылыми журналы білім беру және ғылым кеңістігіндегі инновациялық жаңалықтарды және ғылыми-зерттеу нәтижелерін үзбей жариялап келеді. Журналда шетелдік ғалымдардың мақалаларының көптеп жариялануы басылымның халықаралық деңгейде танылуының айғағы және журналдың имиджінің артуының дәлелі.

Журнал 6 бағытты қамтиды: Жаратылыстану, Физика, математика, информатика, Филология, Тарих, экономика, құқық, Педагогика және психология, Өнер және мәдениет. Журналда аталған бағыттар бойынша мақалалар жинақталып, периодты түрде жылына 6 рет жарияланып отырады. Журналдың редакциялық алқасы аталмыш ғылым салалары бойынша отандық және шетелдік ғалымдардан құралған.

Журнал сапасын арттыру мақсатында редакциялық алқа құрамымен қатар, редакциялық кеңес құрылды. Редакциялық кеңес мүшелері журналға ұсынылатын мақалаларға өз пікірлерін білдіріп, сын пікір бере алады.

«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің хабаршысы» журналының Қазақстан Республикасы Ақпарат және мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 04.11.2013 жылы  берілген  №13965-Ж куәлігі бар.

Журналда ғылымның әр саласы бойынша республикалық, шетелдік ғалымдар мен ізденушілердің зерттеулері, ғылыми мақалалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.

  • Thomson Reuters
  • Springer Link
  • ИМПАКТ - факторы журналдық презентация
  • Білім бақылау комитеті
  • Ғылым комитеті
  • Электронная библиотека
  • Білім және ғылым министрірлігі