Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жалпы білім беру ұйымдары іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері қарастырылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделгендігі туралы тоқталған. Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері екеніне ерекше назар аударылған. Аталған функционалдық біліктерді қалыптастыруда мектеп пен мектеп ұжымының басты орын алатындығы талдана келе, білім беру ұйымдарындағы оқыту процесі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталуының қажеттігі аталып көрсетілген. Отандық және шетелдік білім беру теориясы мен практикасында жүргізген зерттеулердегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған кейбір еңбектерге талдау жасалып, жаңартылған білім мазмұны негізінде бағалау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталған.

Авторлар туралы

К. Т. Медеубаева
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан

п.ғ.к., қауым профессор м.а.

Алматы қ.



Д. К. Садирбекова
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан

п.ғ.магистрі, аға оқытушы

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Н.Назарбаев. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». Жолдау. Астана, 2018 ж.

2. Найденова Н.Н., Мұратбаева Г.Ә. Білім сапасын бағалаудың қазақстандық және әлемдік инструментарийлері. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы, №1(73) 2018, 118б.

3. РІSА халықаралық зерттеуі, әдістемелік құрал. Астана: ҰББСБО, 2013. – 8б.

4. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика. Алматы, 2017, 244б.

5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам». «Егемен Қазақстан». 10 шілде 2012 ж.

6. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 ж.

7. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». «Егемен Қазақстан». 14 желтоқсан 2012 ж.

8. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: 10 томдық / (құраст. С. Қалиев, К. Аюбай).- Алматы, 2005.

9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Медеубаева К.Т., Садирбекова Д.К. БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы. 2018;(2):100-105.

For citation:


Medeubaeva K.T., Sadirbekova D.K. PEDAGOGICAL VALUE OF FUNCTIONAL LITERACY IN IMPROVING THE QUALITY OF KNOWLEDGE. Bulletin of Kazakh National Women's Teacher Training University. 2018;(2):100-105. (In Kazakh)

Қараулар: 643


ISSN 2306-5079 (Print)