Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.52512/2306-5079-2022-90-2-41-55

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеу жұмысында тақырып бойынша соңғы жылдардағы ғылыми әдебиет мәліметтеріне талдау жасалды. Зерттеуге зияты жеңіл дәрежеде зақымдалған 8 - сынып оқушылары қатысты. Зерттеу мақсаты - зияты зақымдалған балалардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін анықтап, оны жақсарту шараларын іріктеп қолдану. Анықтаушы эксперимент төмендегідей зерттеу бағыттарын қамтыды: 1) мұғалімдердің цифрлық технологияларды пайдалану мәселелері мен нәтижелері; 2) оқушылардың негізгі АКТ құзыреттілігін анықтау. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған сыныптар үшін «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының 8 - сыныпқа арналған мазмұнына сәйкес құрастырылған сауалнама өткізілді. Жауаптардың нұсқаларына сәйкес жиынтық балл санына ақпараттық технологияларды меңгерудің 4 дәрежесі бөлінді: «меңгермедім», «бастама меңгердім», «орташа меңгердім», «жақсы меңгердім», «толыққанды меңгердім». Сұрақтар «Ақпараттық үдерістер», «Компьютерлік жүйелер» және «Денсаулық пен қауіпсіздік» атты бөлімдерге сәйкес топтастырылды. «Бастама меңгердім» деген жауаптың кездесуі 1 - бөлім бойынша 27% көрсеткішіне тең болса, 2 - бөлім бойынша 33%, ал 3 - бөлім бойынша 52% көрсеткішін құрады. Ал «меңгермедім» жауабы сәйкесінше 16% және 18%-дарға тең болды. Сондықтан оқушылармен қалыптастырушы эксперимент өткізіліп, сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылды: викториналар, экскурсиялар, ойындар, дене және көз жаттығулары, тақырыптық тәрбие сағаттары. Мұндай сабақтар 6 ай бойы аптасына 1 рет өткізіліп отырды. Жүргізілген жұмыс тиімділігі байқалды, оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша көрсеткіштер жоғарылады. «Бастама меңгердім» деген жауаптың кездесу жиілігі 1 - бөлім бойынша бұрынғы 27% деңгейінде қалды, алайда 2 - бөлім бойынша 31%, ал 3 - бөлім бойынша 43% көрсеткішіне дейін төмендеген. Ал төмен дәрежеге сай келетін «меңгермедім» жауабы барлық бөлім бойынша айтарлықтай төмендеп, 6%-ға тең болды. Оның есесіне «жақсы меңгердім», «толыққанды меңгердім» деген жауаптардың үлесі артқан.

Авторлар туралы

М. И. Кабделдаева
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан

Кабделдаева Мольдир Исламовна – 2-курс магистранты

Алматы қ., Гоголь к-сі, 161 



Г. С. Шубаева
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан

Шубаева Галия Сабыржановна - медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Алматы қ., Гоголь к-сі, 161 



Л. Т. Исаева
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан

Исаева Лаура Тлеужановна – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Алматы қ., Гоголь к-сі, 161 



Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын бекіту туралы қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000726#z3

2. Панзабек Б.Т. (2021) Пандемия жағдайында қашықтықтан оқытудың қиындықтары мен мүмкіндіктері// Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы. №1(85). 25-32бб. https://vestnik.kazmkpu.kz/jour/article/view/258/244

3. Буслаева Е.Н. (2019). Особенности применения цифровых технологий в инклюзивной образовательной среде// В сборнике: Научные труды Калужского государственного университета имени К.Э. Циолковского. Материалы региональной университетской научно-практической конференции. Сер. "Психологопедагогические науки". С. 268-274. https://www.elibrary.ru/download/elibrary_43021358_63086984.pdf

4. Бегалиева С. (2020). Информационные-коммуникационные технологии как ресурсы инклюзивного образования // Педагогика и психология. № 2(43). С.56–62. https://journalpedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/53/399

5. Легкая Е.Ф. (2022). Влияние информационно-коммуникативных технологий на развитие предметноманипулятивной деятельности у больных детским церебральным параличом: Автореф.дисс...к.б.н.-Москва.-23с. - https://www.dissercat.com/content/vliyanie-informatsionno-kommunikativnykh-tekhnologii-na-razvitie-predmetnomanipulyativnoi

6. Гусейнова А. А. (2021). Особенности дистанционного обучения детей с нарушениями опорнодвигательного аппарата// Вестник Московского городского педагогического университета. Серия: Педагогика и психология. №1(55). С.147-158. https://www.elibrary.ru/download/elibrary_45541740_61695840.pdf

7. Кремер О.Б. (2003) Разработка объектно-ориентированного математического и программного обеспечения информационных технологий управления индивидуализированным обучением в коррекционной школе: Дисс...к.т.н. Воронеж. -242с. http://www.dslib.net/mat-obespechenie/razrabotka-obektno-orientirovannogomatematicheskogo-i-programmnogo-obespechenija.html

8. Глазкова Н.Н. (2007). Обучение элементам информатики старших школьников с недоразвитием интеллекта: Автореф.дисс...к.п.н. Санкт-Петербург, 23с. https://www.dissercat.com/content/obuchenie-elementaminformatiki-starshikh-shkolnikov-s-nedorazvitiem-intellekta

9. Кутепова Е.Н. (2002). Совершенствование процесса обучения умственно отсталых учащихся с применением программно-методических средств: Дисс...к.п.н. Санкт-Петербург, 184с. https://www.dissercat.com/content/sovershenstvovanie-protsessa-obucheniya-umstvenno-otstalykh-uchashchikhsya-sprimeneniem-pro

10. Ларина А.Б., Бельтюгова М.Г. (2020) Дистанционное обучение детей с особыми образовательными потребностями: ресурсы и трудности// Образование лиц с особыми образовательными потребностями: методология, теория, практика. Сб. науч. статей Межд. науч.-прак.конф. Минск. С. 219-227. https://www.elibrary.ru/download/elibrary_44637744_26980416.pdf

11. Седышев В.В. (2018) Дистанционные технологии как эффективное средство обучения детей с ООП (на примере деятельности регионального ресурсного центра дистанционного обучения Новосибирской области)// Вопросы педагогики. №3. С.90-93. https://www.elibrary.ru/download/elibrary_32712477_78829018.pdf

12. Шадиев Қ. (2006) Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері// Қазақстан мектебі.- №5.- 7-8б.

13. Нұрғалиева Г.Қ. (2002) Электрондық оқулықтар-мұғаліммен оқушы арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау құралы // «Информатика негіздері». №2. 2-3б.

14. Әжібекова Ж. (2003) Оқу процесінде гипермәтіндік электрондық оқулықтарды енгізу. // «Информатика негіздері», №3. 5-7б.

15. Информатика. Задачник-практикум в 2т./ под редакцией И.Г.Семакина, Е.К.Хеннера (2004). М.: Бином. Лаборатория знаний.

16. Абықанова Б.Т. (2005) Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы. – 29б.

17. Смағұлова Л.А. (2002) Орта мектептегі информатика курсында компьютерлік модельдеуді оқыту әдістемесін жетілдіру: п.ғ.к. ... дисс. Алматы. - 101 бет.

18. Yngve, M., Ekladh, E., Lidström, H., Hemmingsson, H. (2021). Information and communication technology to improve school participation among upper secondary school students with special educational needs. Scandinavian Journal of Occupational Therapy. https://www.tandfonline.com/doi/full/10.1080/11038128.2021.1998610

19. Burt, C., Graham, L., Hoang, T.. (2020). Effectiveness of Computer-assisted Vocabulary Instruction for Secondary Students with Mild Intellectual Disability. International Journal of Disability, Development and Education. Pp.1-22. https://www.tandfonline.com/doi/full/10.1080/1034912X.2020.1776849

20. Yarimkaya, D., Töman, U. (2021). Exploring Turkish parents’ lived experiences on online science lessons of their children with mild intellectual disability amid the COVID-19 pandemic. International Journal of Developmental Disabilities. https://www.tandfonline.com/doi/full/10.1080/20473869.2021.1922242

21. Байдыбекова А.Ө. (2004) Бастауыш сыныптардағы математиканы оқытуда компьютерді пайдалану: п.ғ.к. ... дисс. Шымкент. - 147 б.

22. Ястребов Л.И. (2007) Определение уровня базовой ИКТ-компетентности// Вопросы интернет-образования. №52. https://vio.uchim.info/Vio_52/cd_site/articles/art_3_6.htm


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кабделдаева М.И., Шубаева Г.С., Исаева Л.Т. ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы. 2022;(2):41-55. https://doi.org/10.52512/2306-5079-2022-90-2-41-55

For citation:


Kabdeldayeva M.I., Shubayeva G.S., Issayeva L.T. OPPORTUNITIES TO IMPROVE INFORMATION AND COMMUNICATION SKILLS OF HIGH SCHOOL STUDENTS WITH INTELLECTUAL DISABILITIES. Bulletin of Kazakh National Women's Teacher Training University. 2022;(2):41-55. (In Kazakh) https://doi.org/10.52512/2306-5079-2022-90-2-41-55

Қараулар: 958


ISSN 2306-5079 (Print)