Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Журналдың тарихы

Журнал 2006 жылдан бастап жарияланады. 2018 жылдың басына дейін 6 серия бойынша шығарылды: жаратылыстану, тарихи, білім берудегі экономика және қызмет көрсету, педагогика, филологиялық, психология (серияның жылына бір шығарылымы). 2006 жылдан 2009 жылға дейін журнал профессор Ш.К. Беркімбаева (бас редактор) мен п.ғ.д., профессор Қ. Ж. Қожахметовалардың (бас редактордың орынбасары) жетекшілігімен шықты.

Журналдың редколлегиясына ҚазМемҚызПУ-дың жетекші ғалым-педагогтері кірді: Шерьязданова Қ. Т., Жарықбаев Қ. Б., Бапаева М. К., Ауталипова Ұ. И., Пірәлиева Г. Ж., Құсайынов А. К., Қараев Ж. А., Ермекова Т. Н., Сүлейменова Ж. Н., Құнантаева К. Қ., Аймағамбетова К. А., Таубаева Ш. Т., Тастемірова Л. Ө., Қожакеева Л. Т., Сәтбекова А. А., Аширбекова Ж. Б., Қалыш А. Б., Бутин Б. М., Қожантаева Ж. Ж., Жамалов А. Ж., Ершина А. К., Салгараева Г. И., Заманбеков Ш. З. және т. б.

Басылым тілі - қазақ, орыс, ағылшын. 2016 жылдан бастап журнал бір мұқабаның ішінде шығады.

Шығу жиілігі 2018 жылдан бастап – жылына 4 рет.

2018 жылғы 16 мамырда ҚР БҒМ №768 Бұйрығымен журнал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми қызметінің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілді (педагогикалық ғылымдар бөлімі).