Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Мақалаларды қабылдау

Мақалаларды жіберу

Сізде Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы журналына арналған логиніңіз бар ма?
Логин

Логин керек пе?
Тіркелу

Егер сіз тіркеліп, өз аккаунтыңызға кірсеңіз, Сіз мақаланы жіберу процесін бастай аласыз. Ол үшін Автор рөлін таңдау керек.

Мақаланы жіберу
 

Авторларға арналған ережелер

1. Бұрын жарияланбаған, бірегей ғылыми жұмыстар қабылданады.

2. Журнал «Педагогикалық білім беру мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері»,  «Оқу пәндерін оқыту әдістемесі»  тараулары  бойынша ғылыми-педагогикалық мазмұндағы мақалаларды жариялайды.

3. Жұмыс проблема өзектілігінің сипаттамасын (теориялық және ғылыми-практикалық маңызы, практикада әдістемелер мен технологияларды қолдану) қамтуы тиіс.

4. Сипатталып отырған тақырып бойынша теориялық тәсілдер мен негізгі әдебиеттерді шолудан басқа, мақалада теориялық немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижелері ұсынылуы тиіс (ғылыми тәсілді таңдау негіздемесі, ғылыми жаңалығы, мақсат қою, міндеттерді шешу, салыстырмалы зерттеулер, эксперимент).

5. Ғылыми жұмыс құрылымына мақала атауы, аңдатпа, түйін сөздер, негізгі ережелер, кіріспе, материалдар мен әдістер, талқылау, қорытынды,  қаржыландырылу туралы ақпарат (бар болса) әдебиеттер тізімі кіреді. Әрбір түпнұсқалық мақалада (әлеуметтік-гуманитарлық бағытты қоспағанда) зерттеу нәтижесінің  жаңадан енгізілуі қамтамасыз етіледі, жабдықтар мен материалдардың  құрастырылуы көрсетілген зерттеу әдістемесі, деректерді статистикалық өңдеу әдістері және өнімділікті  қамтамасыз етудің басқа тәсілдері көрсетіле отырып сипатталады.

6. Әдебиеттер тізімі 15-тен кем болмауы керек.

7. Мақалада Scopus немесе Web of Science базасымен индекстелген соңғы 3 жылдағы шетелдік авторлардың шет тіліндегі жұмыстарына мазмұнды сілтемелер берілуі тиіс.

8. Барлық мақалалар плагиатқа тексеріледі. Плагиат табылған жағдайда мақала қарастырылмайды, ал оның авторы журналда мақаласын  жариялау құқығынан айырылады.

9. Автор өзіне сілтеме жасай беруден аулақ болғаны дұрыс, бұрын жарияланған материалына сілтеме жасауға және  оны мақалаға енгізуге болмайды. 

10. Бір мақалаға үш авторға дейін рұқсат етіледі.

11. Журналдың бір нөміріне бір автордан 1 мақала қабылданады, екі немесе үш автор болған жағдайда сол автордың екінші мақаласының жарияланымы редколлегияның қалауы бойынша қабылданады.

Техникалық талаптар

1. Мәтін Microsoft Word редакторында теріледі, шрифт Times New Roman, өлшемі 11 пт, интервал 1, жиегі – барлық жағынан 2 см.

2. Мақала көлемі (мақала атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияларды, тірек сөздерді, әдебиеттер тізімін есептемегенде) – 3000 сөзден кем емес және 5000 сөзден артық емес.

3. Мақаланың бірінші бетінің жоғарғы сол жақ бұрышында ҒТАХР - ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы көрсетіледі. ҒТАХР www.grnti.ru сайтынан анықтауға болады. 

4. Мақала атауы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады.

5. Авторлар туралы мәлімет (аты-жөні, әкесінің аты, тегі, мекеме атауы, қаласы, елі, автор-корреспонденттің е-mail).

6. Аңдатпа көлемі  150 сөзден кем емес, бұнда жүргізілген зерттеу жұмыстарының  қысқаша және нақты сипаттамасы, зерттеудің мақсаты, әдістері және негізгі нәтижелері келтіріледі.

7. Саны 5-тен 8-ге дейінгі түйін сөздер сипатталатын тақырып үшін мағыналық маңыздылық дәрежесі бойынша келтіріледі. Түйін сөздер зат есім, жалқы есім, географиялық атаулар, сөз тіркестері болуы мүмкін. Сын есім, сөйлемдер түйін сөз бола алмайды.

8. Аббревиатуралар мен қысқартуларды, жалпыға белгілі деп танылғандарынан басқаларын, мәтінде бірінші рет қолданылған кезде ашып жазу керек.

9. Келтірілген сурет, график, кестелердің саны бестен аспау керек. Әрбір сурет, график, кестеге сілтеме жасалуы тиіс (Сілтеме: stat.gov.kz немесе сілтеме: автормен жасалған).

10. Формулалар мен таңбалар Microsoft Equation және Microsoft Word форматында орындалады, нөмірленеді, мәтінде оларға сілтемелер беріледі.

11. Әдебиеттер тізімінде тек мәтінде сілтеме жасалған дереккөздер болуы тиіс. Дереккөздердің нөмірленуі – мәтінде қолданылуына қарай. Әдебиеттер тізіміндегі деректер келесідей ресімделеді:

Fink L.D. (2016) Five High Impact Teaching Practices. Collected Essays on Learning and Teaching (CELT). Vol. IX. https://files.eric.ed.gov/fulltext/EJ1104478.pdf

Нисская А.С., Савина Е.В. (2018) Общение педагогов  и родителей. Анализ взглядов и предпочтений для позитивной коммуникации // Современное дошкольное образование. № 3. С.4-11.

Әбдиев К.С., Амзеева Б.Ш. (2019) Ұлттық мониторинг нәтижелерін түсіндіру мәселелері // Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. № 4 (80), 223-230 б.

Негізгі әдебиеттер тізімінен кейін әдебиеттер тізімі транслитерацияда (кириллицадан латыншаға) және жұмыстың атауы  ағылшын тіліндегі аудармасымен беріледі.

12. Дереккөздерге сілтемелер тік жақшаның ішінде беріледі, онда сілтеме берілген дереккөз нөмірі мен беті көрсетіледі: [1;15]. Рецензияланбайтын  басылымдарға, бейғылыми сипаттағы басылымдарға сілтеме жасамаған дұрыс.

13. Әдебиеттер тізімінен кейін түйін сөздер келтірілген екі аннотация беріледі: егер мақала қазақ тілінде жазылған болса, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация беріледі; егер мақала орыс тілінде болса - қазақ және ағылшын тілдерінде аннотация беріледі, егер мақала ағылшын тілінде болса - қазақ және орыс тілдерінде аннотация беріледі.

14. Аннотация алдында мақаланың атауы, автор/лар туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, ұйымның атауы, қаласы, елі, еmail) беріледі.

15. Мақала соңында 3 тілде (орыс, қазақ, ағылшын) автор/лар туралы мәлімет беріледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (егер бар болса), лауазымы, ұйымның атауы толық. Мекенжайы: ел, қала, индекс, көше, үй; еmail.

16. Мақала мәтіні грамматика, стилистика және пунктуацияға мұқият тексерілуі тиіс. Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар пысықтау үшін қайтарылады.

Мақалаларды қабылдау және қарау мерзімі

Шыға-рылым

Мақаланы қабылдау мерзімі

Мақаланы қарау мерзімі

Шығу мерзімі

№ 1

 1 ақпанға дейін

 20 наурызға дейін

30  наурыз

№ 2

 1 мамырға дейін

 20 маусымға дейін

30  маусым

№ 3

 1 қыркүйекке дейін

 20 қыркүйекке дейін

30  қыркүйек

№ 4

 1 қарашаға дейін

 20 желтоқсанға дейін

30  желтоқсан

 

Мақалаларды дайындау

Мақаланы ұсыну үшін авторлар келесі тармақтарды растауы тиіс. Қолжазба, егер ол сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.

  1. Бұл мақала бұрын жарияланбаған, сондай-ақ басқа журналда қарастыру және жариялау үшін ұсынылмаған (немесе Редакторға арналған түсініктемелерде бұған түсіндіру берілген).

  2. Жіберілетін мақаланың файлы OpenOffice, Microsoft Word, RTF немесе WordPerfect құжат форматында ұсынылды.

  3. Сілтемелер үшін мүмкіндігінше толық интернет-адрестер (URL) берілген. 

  4. Мәтін бір жоларалық интервалмен терілді; 11 пунктті қаріп кеглі қолданылады; бөлектеу үшін астын сызу емес, ерекшелеу үшін курсив қолданылады (интернет-адрестерді қоспағанда); барлық иллюстрациялар, графиктер мен кестелер құжаттың соңында емес, мәтіндегі тиісті орындарда орналасқан.

  5. Мәтін «Журнал туралы» бетте орналасқан Авторларға арналған нұсқаулықта сипатталған стилистикалық және библиографиялық талаптарға сәйкес келеді.

  6. Біздің журнал рецензияланады, сондықтан сізЖасырын рецензиялауды қамтамасыз ету құжатының талаптарын орындадыңыз.

 

Авторлық құқықтар

Осы журналда жариялайтын авторлар мыналармен келіседі:

  1. Авторлар жұмысқа авторлық құқықтарын өзіне қалдырады және журналға Creative Commons Attribution License лицензиясы шарттарында жұмысты бірінші рет жариялау құқығын береді, бұл осы журналдағы түпнұсқа жұмыстың авторларына және түпнұсқа басылымға сілтемелерді міндетті түрде сақтай отырып, бұл жұмысты басқаларға таратуға мүмкіндік береді.
  2. Авторлар осы журналда оның түпнұсқа жарияланымына сілтеме жасай отырып, осында жарияланған түрдегі (мысалы, оны институт қоймасында орналастыру, кітапта жариялау) жұмыс нұсқасын эксклюзивті емес таратуға қатысты жеке келісім-шарттық уағдаластық жасасу құқығын сақтайды.
  3. Авторлар олардың жұмысын осы журналда қарастыру процесіне дейін және сол уақытта Интернетте (мысалы, институт қоймасында немесе жеке сайтта) орналастыруға құқылы, өйткені бұл өнімді талқылауға және осы жұмысқа көбірек сілтеме жасауға әкелуі мүмкін (The Effect of Open Access қараңыз).

 

Құпиялылық

Осы журналдың веб-сайтына енгізілген электрондық пошта атаулары мен адрестері тек осы журналда белгіленген мақсаттары үшін пайдаланылады және қандай да бір басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды немесе басқа адамдар мен ұйымдарға берілмейді.