Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЖЕТІСУДЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЙМАҒЫ ӘН ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ (2018ж. Жамбыл облысы, Меркі ауданына барған экспедиция материалдары бойынша)

Толық мәтін:

Аннотация

Меркі ауданы Қырғыз Алатауының етегінде орналасып, Қырғызстанның солтүстігімен, Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм және Тұрар Рысқұлов ауданымен шекаралас. Меркі ауданы халқының мал шаруашылығымен айналысуы, қоғамда патриархалды әдет-салттардың сақталуы аталған аймақта қазақтың ғұрыптық және ғұрыптық емес фольклорының тарауына негіз болған. Меркіде жазылып алынған нұсқалар ішінде жалпыұлттық сипаттағы әндермен, этномузыкатанушылардың аға буын өкілдері кездестірмеген әндер бар. Соңғы топқа: «Дом-дом», «Діридан», «Арба келді», «Жел сөздің данасымын», «Иғаужан», «Үри-соқ», «Нұрлығайын», т.б. жатады. Бұл жерден табылған әндердің бірқатары еліміздің басқа аймақтары әндерінің сөздерімен айтылғаны, сонымен қатар, кейбір нұсқалардың әуені мен сөзі мүлдем жаңа қайырмаларға ұласатыны белгілі болды. Экспедиция барысында жазылған әндер шумақтық және жартышумақтық музыкалық құрылымда, әуендік жүйесі диатоника және аралас (диатоника-пентатоника) жүйелеріне сүйеніап шығарылған.

Автор туралы

Б. Ж. Бәбіжан
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Елеманова С. (2000) Казахское традиционное песенное искусство. Алматы: Дайк-пресс. - 188 с.

2. Бәбіжан Б. (2002) Қазақтың жүз қара өлеңі. Алматы: Сорос-Қазақстан қоры. – 256 б.

3. Бекхожина Т. (1972) Қазақтың 200 әні: музыкалық-этнографиялық жинақ. Алматы. Ғылым. -232 б.

4. Гиппиус Е. (1982) Проблемы ареального исследования традиционной русской песни в областях украинского и белорусского пограничья// Традиционное музыкальное искусство и современность (вопросы типологии). Сб. трудов, вып.60. Отв.ред. Енговатова М.А. М.: ГМПИ им. Гнесиных. С.5-13

5. Байгаскина А. Е. (2003) Ритмика казахской традиционной песни. Издание 2-е. Алматы. – 204 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бәбіжан Б.Ж. ЖЕТІСУДЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЙМАҒЫ ӘН ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ (2018ж. Жамбыл облысы, Меркі ауданына барған экспедиция материалдары бойынша). Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы. 2020;(1):233-237.

For citation:


Babizhan B.Zh. THE CURRENT STATE OF EXISTENCE OF SONG FOLKLORE OF THE SOUTH-WEST OF ZHETYSU (based on materials from the 2018 folk expedition to the Merke district of the Zhambyl region). Bulletin of Kazakh National Women's Teacher Training University. 2020;(1):233-237. (In Kazakh)

Қараулар: 395


ISSN 2306-5079 (Print)