Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Ғалым-педагог Әмина Нұғманованың балаларға музыкалық білім беру тәрбиесіне қосқан ғылыми-әдістемелік үлесі

https://doi.org/10.52512/2306-5079-2023-94-2-44-55

Толық мәтін:

Аннотация

Нұғыманова Әмина Әбдікәрімқызы (1928-2007) – белгілі әнші, зерттеуші ғалым-педагог, қоғам қайраткері, өмірін өнерге, ғылымға арнаған ұлағатты ұстаз. Бүкіл саналы ғұмырын халқының игілігі үшін сарп еткен, халқының қалтқысыз, шынайы ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленген Әмина Әбдікәрімқызы қазақ ән өнерінің дамып, көркеюіне қосқан үлесі зор. Шығармашылығы жан-жақты, ол – өзін халық әндерінің керемет орындаушысы ретінде көрсете білді және ғалым ретінде әртүрлі жастағы балалардың вокалдық дайындығына арналған кандидаттық диссертация тақырыбы бойынша эксперименттік зерттеу жүргізді. Ұзақ жылдар бойы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында вокал бойынша оқытушы және кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. Еңбектерінің көпшілігін қазақ ән шығармашылығы негізінде балалар мен жасөспірімдерді вокалдық өнерге тәрбиелеу мәселесіне арнады. Ғалымның балаларға әнді талап бойынша дұрыс үйрету әдістемесі қазіргі жалпы білім беретін мектептің «Музыка» пәнінде қолдану тиімді әрі қолайлы. Автор ән сабағы сапасын көтерудің мәселесін алға қойып, оны іске асыру жолдарын қарастырады. Музыка сабақтарында оқушыларға мұғалімнің көмегімен нота сауаттылығын игертіп, әнді вокал талаптары бойынша орындатуды қамтамасыз ету әдіс-тәсілдерін сипаттап көрсетті. Сабақ сапасы жоғары болуына әсер ететін маңызды шарттардың бірі ‒ ән репертуарының тартымды болуы. Мұғалімнің алдына қоятын тағы бір мақсат – балаларды музыканы түсініп, одан ләззат алуға үйренуін талап ете білу. Әмина Әбдікәрімқызы – балалар мен жасөспірімдерге музыкалық білім беру саласында ұзақ жылдық ізденісі мен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде терең білімге ие ғалым, сондай-ақ қазақ, орыс, қытай тілдерін жоғары дәрежеде білетін, араб графикасын жетік меңгерген, жас жеткіншектерге әнді үйрету және балалар дауысын қалыптастыру тәрбиесін мұқият зерттеп, оқыту әдістемесін ұсынып, ғылыми тұрғыда дәлелдеген бірден бір білгір тұлға деп айтуға болады

Авторлар туралы

Ш. Б. Құлманова
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан

педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әдеуметтік-гуманитарлық институт, музыка кафедрасының профессоры

050000, Алматы қ., Гоголь көшесі, 114



А. А. Қосанова
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Қазақстан

педагогика ғылымдарының магистрі, Т. Жүргенов атындағы

050000, Алматы, Панфилов көшесі, 127



Әдебиет тізімі

1. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы туралы (2004 ж. 20 қантар, №1277 қаулы). Астана. akorda.kz

2. 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы туралы (2007 ж. 20 сәуір, №319 қаулы). Астана. akorda.kz

3. «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2014 жылдарға арналған тұжырымдамасы (2008 ж. 6 қараша, №1016 қаулы). Астана. akorda.kz

4. Кульманова Ш.Б. (2018). Амина Нугманова – ученый-педагог: научный вклад в развитие музыкального образования Казахстана //Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №1(73). С. 169-174.

5. Кульманова Ш.Б. (2018). Амина Нугманова: научно-исследовательская, педагогическая и исполнительская деятельность. Педагогика и психология. Научно-методический журнал. 2 (35) КазНПУ имени Абая: Алматы. С.94-98

6. Қосанова А.А. (2018). Әмина Нұғманованың педагогикалық және шығармашылық жолы. 6М10600- Музыкалық білім мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін қорғалған диссертация. Алматы: ҚазМемҚызПУ. – 79 б.

7. Қосанова А. (2017). Әмина Нұғыманова: педагог, музыкант, ғалым. /Жастар және ғылым: Бүгіні мен болашағы./ 70-ші мерейтойлық студенттер, магистранттар,DPhD мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конферен. материалдар жинағы. - Алматы: ҚазМемҚызПУ. - 12 сәуір. – Б. 334-336.

8. Нугманова А.А. (1969). Вокальное воспитание детей и подростков в казахских общеобразовательных школах. Диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. М. – 214 с.

9. Нугманова А.А. Вокальное воспитание детей и подростков в казахских общеобразовательных школах. Автореф. дис... канд. пед. наук. – М.,1970. – 18 с.

10. Нұғманова Ә. Балалар даусының тәрбиесі //Ән оқытушыларына көмекші құрал. - Алматы: «Жазушы», 1970. – 25 б.

11. Нұғман Ә. (2009). Қазақтың әншілік дәстүрі /Әмина Нұғыман. – Алматы: Арыс, 2009. – 240 б.

12. Нугман А. (2020). Певческие традиции и отражение этико-эстетических воззрений в произведениях казахских народных композиторов ХІХ века /Сост. Б. Нугман. Алматы: Раритет. – 320 с.

13. Нұғман Баян (қызы) отбасылық мұрағаты.

14. Argingazinova G.B., Khussainova G.A., Kobozeva I.S., Maimakova L.K., Chsherbotayeva N.J. (2020). Formation and development history of higher music and pedagogical education in Kazakhstan (late 20th - early 21st centuries). Turismo: Estudos & Práticas (UERN), Mossoró/RN, Caderno Suplementar 01, 2020. http://natal.uern.br/periodicos/index.php/RTEP/index [ISSN 2316-1493]

15. Dyganova E.A., Yavgildina Z.M. (2020) Development of Student Musician's Methodological Competence in Practice-Oriented University Environment. Utopia y Praxis Latinoamericana. ANO:25, n0 EXTRA 5, 2020, pp.113-125


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Құлманова Ш.Б., Қосанова А.А. Ғалым-педагог Әмина Нұғманованың балаларға музыкалық білім беру тәрбиесіне қосқан ғылыми-әдістемелік үлесі. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы. 2023;(2):44-55. https://doi.org/10.52512/2306-5079-2023-94-2-44-55

For citation:


Kulmanova Sh.B., Kosanova A.A. Scientific and methodological contribution of the scientist-pedagogue Amina Nugmanova to the musical education of childrenchildren. Bulletin of Kazakh National Women's Teacher Training University. 2023;(2):44-55. (In Kazakh) https://doi.org/10.52512/2306-5079-2023-94-2-44-55

Қараулар: 308


ISSN 2306-5079 (Print)