Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Еуропа елдеріндегі дарынды балаларды қолдау жүйесі

https://doi.org/10.52512/2306-5079-2023-93-1-22-33

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеудің алғы шарттары: Қазіргі білім берудің жаһандық сипаты мен дарындылықты зерттеудегі халықаралық ынтымақтастық дарындыларды қолдайтын ұйымдармен тығыз байланыс орнату және осы саладағы озық тәжірибе алмасу қажеттілігін туғызады.

Зерттеу мақсаты: Еуропа елдеріндегі дарынды балаларды қолдайтын ұйымдар жүйесі туралы мәліметтерді жинақтау, оларды мәліметтер базасы түрінде көрсету.

Зерттеу әдістері: Негізгі зерттеу әдісі Еуропа елдеріндегі дарынды балаларды қолдайтын әртүрлі типтегі ұйымдардың жұмысын іздеу және талдау, сондай-ақ қызметінің теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау болды.

Зерттеу нәтижелері: Еуропа елдеріндегі дарынды балаларды қолдау бойынша Ф.Гагненің дифференциалды моделі, Х.Гарднердің көп интеллект концепциясы, Д.Рензулли СЭМ байыту моделі, «Турникет» білім беру үлгілері және «Актиотоп» теориялық және әдістемелік негіздеріне шолу жасалды. Жалпыеуропалық және халықаралық, сонымен қатар аймақтық ұйымдардың қызметі сипатталған, олардың көпшілігі мұғалімдердің, ғылыми қызметкерлердің және дарынды балалар ата- аналарының мемлекеттік емес бірлестіктері болып табылады. Жоғары қабілеттілік жөніндегі Еуропалық кеңес (ECHA), Еуропалық дарындыларды қолдау желісі (ESTN), IQ Mensa интеллект коэффициенті жоғары адамдарға арналған коммерциялық емес ұйымы, дарындыларды Халықаралық зерттеу орталығы (ICBF) сияқты ұйымдар қызметінің ерекшеліктері, дарындылар білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар желісі (IPEGE), Португалиядағы дарындыларды зерттеу және көмек көрсету ұлттық қауымдастығы (ANEIS), венгрлік дарындыларды қолдау ұйымдарының қауымдастығы (MATEHETSZ), Швейцариядағы дарынды балаларға арналған ата-аналар қауымдастығы (EHK) және Италиядағы дарындыларға білім беру бойынша ата-аналар қауымдастығы (AGET), университеттер мен қайырымдылық ұйымдары қызметінің ерекшеліктері айқындалады.

Қорытынды: Тәлімгерлік, коучинг және өзінің оқу процесін өз бетінше құра білу арқылы жүзеге асырылатын білім беруді даралау идеялары кеңінен таралғаны атап өтіледі. Жалпыеуропалық үрдіске айналған, соның ішінде балаларға ғана емес, сонымен бірге олармен жұмыс істейтін ата-аналар мен мұғалімдерге де көмек көрсету бойынша дарындыларды қолдаудың желілік принципі бекітілген. Дарынды балалармен жұмыс істеуге Еуропаның ең ірі университеттері, қуатты қоғамдық және қайырымдылық ұйымдары тартылған.

Авторлар туралы

О. И. Ключко
«Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» МАБМ ЖО
Ресей

Ключко Ольга Ивановна – философия ғылымдарының докторы, «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» МАБМ ЖО доценті, Психология және педагогика білім беру институты Психология департаментінің профессоры.

129226, Мәскеу, 2 - Сельскохозяйственный өткель, 4 - үй, 1 – ғимарат



А. В. Ляблина
«Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» МАБМ ЖО
Ресей

Ляблина Анна Владимировна – «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» МАБМ ЖО педагогика магистрі.

129226, Москва, 2-й Сельскохозяйственный пр., д.4, корп. 1



О. Я. Гаврилова
«Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» МАБМ ЖО
Ресей

Гаврилова Ольга Яковлевна – психология ғылымдарының кандидаты, «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» МАБМ ЖО доценті, Психология және педагогика білім беру институты Психология департаментінің доценті.

129226, Москва, 2-й Сельскохозяйственный пр., д.4, корп. 1



Әдебиет тізімі

1. Gagné, F. (2004) Transforming gifts into talents: the DMGT as a developmental theory. High Ability Studies. 15 (2): 119-147. doi: 10.1080/1359813042000314682

2. Gagné, F. (2010) Motivation within the DMGT 2.0 framework. High Ability Studies. 21 (2): 81-99. doi: 10.1080/13598139.2010.525341

3. Gardner, H. (1983) Frames of Mind: The Theory of Multiple Intelligences. New York: Basic Books.

4. Gardner, H. (2006) Multiple intelligences: New horizon. New York: Basic Books.

5. Gardner, H. (1993) Multiple intelligences: The theory in practice. New York: Basic Books.

6. Gardner, H. (1991) The Unschooled Mind: How Children Think and How Schools Should Teach. New York: Basic Books.

7. Renzulli, J.S. (1977) The Enrichment Triad Model: A guide for developing defensible programs for the gifted and talented. Mansfield Center, CT: Creative Learning Press.

8. Renzulli, J.S. (1986) The three-ring conception of giftedness: A developmental model for creative productivity. Conceptions of giftedness. RJ Sternberg, JE Davidson (Eds.). New York: Cambridge University Press; 332–357

9. Renzulli, J.S, Reis S.M. (2021) The Three Ring Conception of Giftedness: A Change in Direction from Being Gifted to the Development of Gifted Behaviors. Conceptions of Giftedness and Talent. Sternberg RJ, Ambrose D. (eds). Palgrave Macmillan, Cham; doi: 10.1007/978-3-030-56869-6_19

10. Reis, S.M., Renzulli, S.J. Renzulli, J.S. (2021) Enrichment and Gifted Education Pedagogy to Develop Talents, Gifts, and Creative Productivity. Education Sciences. 11: 615. doi: 10.3390/educsci11100615

11. Renzulli, J.S. (2016). The Achievement Gap and the Education Conspiracy Against Low-Income Children. Reflections on Gifted Education. New York: Routledge. doi: 10.4324/9781003237693

12. Renzulli, J, Reis, S., Smith, L. (1981) The Revolving-Door Model: A New Way of Identifying the Gifted. https://www.researchgate.net/publication/234596861_The_Revolving-Door_Model_A_New_Way_of_Identifying_the_Gifted

13. Ziegler, A. (2005) The Actiotope Model of Giftedness. Conceptions of Giftedness. R Sternberg, J Davidson (Eds.). Cambridge: Cambridge University Press: 411-436. doi: 10.1017/CBO9780511610455.024

14. Ziegler, A, Phillipson, Sh.N. (2012) Towards a systemic theory of gifted education, High Ability Studies.; 23 (1): 3-30. doi: 10.1080/13598139.2012.679085

15. The European Council for High Ability (ECHA). https://echa-site.eu

16. European Talent Support Network https://etsn.eu

17. Mensa International https://www.mensa.org

18. Münstersche Bildungskongress https://icbfkongress.de

19. International Panel of Experts for Gifted Education http://www.ipege.net

20. Associação Nacional para o Estudo e Intervenção na Sobredotação. https://www.aneis.org

21. Magyar Tehetségsegítő Szervezetek Szövetsége. https://matehetsz.hu

22. Jacques Hadamard Mathematics Foundation, FMJH https://www.fondation-hadamard.fr/en/fmjh-supports/research/mathematics-for-artificial-intelligence/

23. Central European University https://www.ceu.edu/financialaid

24. Stichting INGKA Foundation https://www.ingkafoundation.org/

25. Elternverein hochbegabter Kinder Schweiz - Gemeinsam fördern. https://www.ehk.ch/home

26. Associazione Genitory Education to Talent. http://www.agetitalia.it


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ключко О.И., Ляблина А.В., Гаврилова О.Я. Еуропа елдеріндегі дарынды балаларды қолдау жүйесі. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы. 2023;(1):22-33. https://doi.org/10.52512/2306-5079-2023-93-1-22-33

For citation:


Klyuchko O.I., Lyablina A.V., Gavrilova O.Ya. Support system for gifted children in European countries. Bulletin of Kazakh National Women's Teacher Training University. 2023;(1):22-33. (In Russ.) https://doi.org/10.52512/2306-5079-2023-93-1-22-33

Қараулар: 387


ISSN 2306-5079 (Print)