Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

6-16 103
Аннотация

Ресей-Украина қақтығысы посткеңестік кеңістіктегі ұлттық және этникалық құрылыстың әлі де белсенді кезеңінде екенін айқын көрсетті. Сол кезеңдегі мобильді технологияның қарқынды дамуы мен әлеуметтік желінің кең танымалдылығы, әлеуметтік желіні пайдалану мен ұлттық ерекшелікті сезіну өзара әрекеттестік мәселесі көтерілді. Менің зерттеуім қазақстандық орыс жастарынан алынған 22 жартылай құрылымдық сұхбаттарды негізге ала отырып, орыстардың азаматтық және этноұлттық ерекшеліктері үрдісіндегі әлеуметтік желінің: 1) тәуелсіз Қазақстанда туылған және өскендігі; 2) қазіргі уақытта әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушылары болып табылатындығының рөлін сипаттайды. Зерттеу әлеуметтік желіні пайдалану бірнеше белгіленген сәйкестікті сақтауда және қолдауда көмегін көрсете алатындығын байқатты. Сонымен қатар, этникалық орыс жастары Қазақстанның мультимәдениетті азаматтық парадигмасын қолдайды және жеке әлеуметтік желілерінде сәйкес келетін ақпараттық ортаны қалыптастырады. Вконтакте, Facebook немесе Instagram жаңалықтар тізбесін оқи отыра, Қазақстан орыстарының жас ұрпақтары өздерінің дүниеге келіп, олардың көптеген ұлттық ерекшеліктерімен теңестірілетін және әлеуметтік екіойлылықтан аулақ болуға мүмкіндік беретін өскен елдері туралы нақты түсінік қалыптастырады.

17-25 57
Аннотация

Басқа елдердегідей Қырғызстанда жұмыс істейтін адамдар да отбасы құрылымының өзгеруіне, жұмыс орнындағы талаптардың жоғарылауына және бала тәрбиелеу практикасына, соңғы бірнеше онжылдықта жұмыс күшіндегі әйелдер санының өсуіне т.б. байланысты екі сала - үй мен жұмыс арасындағы қарым-қатынастың күрт өсуін сезінуде. Зерттеудің мақсаты - Қырғызстанда жұмыс істеушілер, жұмыс пен үй арасындағы өзара әрекеттесудің ең көп таралған түрлерін, екі саланың өзара әрекеттесуіндегі гендерлік айырмашылықтарды, жұмыс пен отбасы арасындағы қақтығыстың ең жоғары деңгейіне тап болған топтың демографиялық сипаттамаларын және жұмыс пен үй арасындағы келеңсіз әрекеттерді төмендету үшін біршама пайдалы кеңестер мен отбасылық өмірге ұйымның әлеуметтік қолдауы. Зерттеуде ерлер мен әйелдер, үкіметтік, үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдар, үйленген және жалғызбасты қызметкерлер, үй мен жұмыс арасындағы өзара әрекеттесулер салыстырылды. Нәтижелер отбасы мен серіктестікке әлеуметтік көмек көрсету, жұмыс орнындағы ұйымдастырушылық қолдау жұмыс пен үйдің өзара әрекеттесу сипатына байланысты екенін көрсетті. Зерттеу көрсеткендей, Қырғызстандағы ерлер де, әйелдер де жұмыс пен үй арасындағы оң өзара әрекеттесуді теріс өзара әрекеттесуден әлдеқайда жоғары бағалайды, ал ерлер мен әйелдердің үй мен жұмыс арасындағы қақтығыс деңгейіндегі гендерлік айырмашылықтар жоқ.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

27-35 69
Аннотация

Бұл мақалада көпшілік оқушыларда қалыптасқан "химия - қиын" түсінігін "химия оңай әрі қызықты" түсінігіне ауыстыру мәселесі сөз болады. Бүгінгі таңдағы мектеп оқушыларының басым көпшілігі химия мен математика пәндері арасында терең байланыс орната алмауын, бір пәннен алған білімді келесі пәнге қолдана алудың төмендігі, ұғымдарды пәнге сәйкес түрлендіріп қолданудың практикалық дамымауы, PISA, TIMSS сияқты т.б. халықаралық сынақ сұрақтары ауыр соғуын қозғайған. Оларды шешу жолдарының бірі ретінде химия мен математика сабақтарында пәнаралық байланысты оңтайландырып химиядан алған білімдері сапасын арттыру жолдарын ұсынған. Кез келген балада болатын өзінің жасырын құлшынысын (энергиясын) мотивация бере отырып ашу, математика сабақтарында меңгерген сан түрлері, сандарға амалдар қолдану, формулалар, оларды түрлендіре алу, физикалық шамалардың белгіленуі, өлшем бірліктері т.б. білімдерін қайта еске түсіртіп, автоматты түрде қолдана алғанға дейін жаттықтыру. Әр сабақ сайын өтілген тақырып бойынша есепке өз бетінше оқушы не қоса алады, есепті жеңіл әрі тез шешудің жолдарын, лайфхактарын іздестіру. Теориялық білім, есептер шешу және тәжірибені меңгеру қажет. Сілтеме арқылы тақырыпқа сай виртуальды зертханадан тәжірибе көру, талқылау,талдау, қарапайым болса да, есеп құрастыруды меңгеру керектігі айтылған. Нәтижесінде, пәндерді пәнаралық байланыста оқытуды оңтайландыру арқылы сыныптағы көптеген оқушыларда химиялық мазмұндағы есептерді оңай әрі тез шешу дағдысының қалыптасып, пәндерге қызығушылығы артқаны байқалған.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

37-48 71
Аннотация

Мотивация негізінен студенттердің оқу үлгеріміне болжам жасай отырып, оқу процесін дамытуға үлкен үлес қосады. Мотивацияны өлшейтін құралдарды меңгеру әртүрлі оқу стратегиялары мен оқу технологияларының тиімділігі туралы талдау жасауға және педагогикалық оқу технологияларын таңдауға ықпал етеді. Кейбір зерттеушілер өз еңбектерінде анимация студенттердің сапалы білім алуына кедергі келтіруі мүмкін және оқу процесінде қате ұғым қалыптастыру мүмкін деп болжауда. Біз осы мәселенің ақиқатына жету барысында Open Toonz анимациялау программасы және студенттердің оқуға деген ынтасына әсерін IMMS мотивацияны өлшеу құралымен зерттеу жүргіздік. Атом құрылысы тарауы аяқталғаннан кейін осы сабаққа құрылған анимацияның студенттер білім сапасына әсерін және тақырыпты меңгеру деңгейіне талдау жасадық. Бұл зерттеуде колледждің атомдық физика пәні оқу бағдарламасына сәйкес сабақтар өтілді және 121 студент қатысты. IMMS сауалнамасын қолданып, атом құрылысы тарауына құрастырылған анимацияның тиімділігін анықтауға бағытталған. Студенттердің тақырыптарды игеру деңгейі сауалнама кезінде берілген жауаптар арқылы талданды. Сандық әдіснаманы қолдана отырып, студенттердің анимацияланған сабақтардан кейін атомдар құрылысын сипаттай алатындығын көрсетті. Сонымен қатар сабақ барысында анимация аудио мүмкіндіктерін қолдану студенттердің ойлау қабілетін жақсартып, ғылымды тереңінен түсінуге, сабақ барысында өз білімін қолдана алуға көмектесетіндігін анықтадық. Атом құрылысы тарауына арналған анимациялар студенттердің визуалды сауаттылығын арттырғандығын көрсетті. Атом құрылысы тарауына арналған анимациялардың көмегімен студенттердің көпшілігі атомдардың ең маңызды компоненттері - протондарды, нейтрондарды және электрондарды ажыратып, олардың құрылысын анықтай бастады. Сабақ барысында әртүрлі анимация көмегімен Резерфордтың атом моделі теориясын ұғынып, атом құрылымы туралы өз идеяларын қалыптастыра бастады.

49-56 56
Аннотация

Білім алушылардың технологиялық құзыреттіліктерін үздіксіз қалыптастыру қажеттілігін асинхронды оқыту арқылы үйлесімді түрде қол жеткізу мәселесі зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды. Сонымен бірге, жалпы білім беретін орта мектептерде кәсіби сауаттылықты жан-жақты арттыруға мүмкіндік беретін пән ретінде информатиканың әлеуетін толық пайдалану ұсынылады. Осы зерттеудің мақсаты - информатика пәні ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша білім беруді ұйымдастыру әдістерін дайындау және құру кезінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру нысаны ретінде жеке білім беру траекториясын қалыптастыру барысын зерттеу. Зерттеу барысында біз информатика саласындағы педагогикалық әдебиеттерге, оқулықтарға талдау, жүйелік талдау, салыстырмалы талдау, эксперименттік деректерді жүйелеу, модельдеу сияқты теориялық әдістерді қолдандық. Ғылыми мақалада асинхронды оқыту тұжырымдамасы өзіндік жұмыс контекстіне қатысты талданады. Асинхронды оқыту – бұл уақыт айырмашылығы бар оқыту. Сондықтан асинхронды оқытуды мұғалім мен оқушы арасында тікелей әрекеттесуі жоқ оқыту деп те түсінуге болады. Өзіндік жұмыстың белсенділігін және білім алушылардың өз бетінше жасаған жұмысына қанағаттануын арттыруға мүмкіндік беретін, практикалық қолдануға арналған модель ұсынылады. Бұл жұмысты орындайтын оқушының топтық немесе ұжымдық іс-әрекетте, яғни асинхронды өзара іс-қимыл процесінде сыныптастарымен бірге оқу міндеттерін шешуге мүмкіндігі болуы маңызды. Сонымен қатар, болашақ бакалаврлардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытудың маңызды әдістерінің бірі оқушыларды оқытудың дәстүрлі нысандары шеңберінде электрондық технологияларды пайдалану болып табылады.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

60-71 77
Аннотация

Мақала Батыс Қазақстан күйшілік дәстүріндегі қыз-келіншектердің шығармашылығы мен орындаушылығы жөнінде жазылған. Этномузыкатану ғылымында арнайы түрде зерттелмеген тақырыпқа тоқталып, өзектілігі мен рөлін көрсетеді. Мақалада тарихи-салыстырмалы, салыстырмалы-типологиялық, сипаттамалық, этнофоникалық жүйелерді қолдану мен күйлерді талдау әдістері жүргізілді. Ислам дінінен бастау алған әйел қауымына қойылған «шектеудің» аясы теріс тұрғыда қолданылып, сонымен қатар, қоғамда гендерлік саясатпен, кейін феминизм ұғымын қате бағытта қолдану ұлт менталитетіне жат деген пікір орнады. Аңыз беттері мен ғылыми еңбектерде қыз-келіншектер есімдері беймәлім болып, уақыт өте келе ұмытылып отырды. Осы тұрғыда туындаған мәселелерге шешілу жолдары мақалада талқыланды. Тақырыпты ашу жолында, автордың экспедиция жасау барысында ХІХ-ХХІ ғасыр күй тарихында алғаш рет Күріш Қалиева туралы дерек алынып, күйі талданып, нақтыланды. Жалпы Батыс өңіріндегі күйшілердің екі бағытты саралай келе, музыкалық-стильдік ерекшелігі мен орындаушылық шеберлігі салыстыра тұжырымдалды. Қызкеліншектер өнері арқылы күйшілік дәстүрге жаңашылдық (Дина стилі) енген. Күй мектебіндегі кейбір штрих, музыкалық стильдер дәл осы нәзік жандылар орындаушылығында орын алған. Қазақ салттұрмысында, тарихы мен дәстүріне негізделген өткен заманның қыз балаға жүргізген әділетсіз заңдылықтары мен қоғамдағы орнын, іштегі наз-мұңын екі жақты мәлімдеуде өз пікірін білдіре алмаған нәзік болмыстың сезім күйі музыкада жасырылған еді. Мұның бәрі тек аңыз күйінде қалып қоймай, болашақ қоғамда саналы ұрпақ өсу үшін зерттеліп, пайдалы ақпаратқа айналғаны маңызды еді.



ISSN 2306-5079 (Print)