Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Редакция саясаты

Мақсаттар мен міндеттер

Журналдың мақсаты - Қазақстан Республикасында және басқа елдерде жүргізілетін педагогикалық зерттеулердің анағұрлым маңызды нәтижелерін жариялау.

Журналдың міндеттері:

  • Мектепке дейінгі білім беруден бастап кәсіптік білімдерін үздіксіз арттыруға дейінгі білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі педагогика саласында зерттеулер жүргізудің қазіргі заманғы әдіснамаларын, әдістемелері мен техникаларын ілгерілету.
  • Қазақстанның педагогикалық ғылымдарындағы ең өзекті ғылыми пікірталастар алаңы болу.
  • Ғылыми жарияланымдардың халықаралық деңгейде танылған стандарттары деңгейінде зерттеу нәтижелерін көрсету.
  • Педагогика, білім беру мен тәрбиелеудің көкейтесті мәселелерін талқылау төңірегінде түрлі елдердің ғалымдарының бірігуіне ықпал ету.
  • Академиялық адалдық, ғылыми жарияланымдар этикасы, ғылыми ізденіс еркіндігі, әртүрлі жастағы ғалымдардың идеяларына төзімділік, дайындық деңгейі мен дүниетаным қағидаттарын сақтау.

Журналдың авторлары мен оқырмандары - білім беру, жоғары мектеп педагогикасы, педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы мамандар, ЖОО педагогикалық мамандықтарының докторанттары мен магистранттары, әлеуметтік гуманитаристика саласындағы зерттеушілер, адамды оқыту және тәрбиелеу мәселелеріне қызығушылық танытады.

 

Журнал бөлімдері

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалды Рецензиялаумен
ОҚУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалды Рецензиялаумен
 

Мерзімділік

Жылына 4 рет

 

Еркін қолжетімділік саясаты

Журнал келесі принципке негізделген оның мазмұнына тікелей ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді: зерттеу нәтижелеріне еркін қолжетімділік білімнің жаһандық алмасуының артуына ықпал етеді.

 

Мұрағаттау

  • Российская Государственная Библиотека
  • Национальный Электронно-Информационный Консорциум

 

Рецензиялау

«Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы» журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде екі жақты рецензиялаудан өтеді (рецензент қолжазба авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді). Қолжазбалар бағалау үшін екі рецензентке жіберіледі.

  1. Мақалаларды рецензиялау редакциялық кеңес пен редакция алқасы мүшелері, сондай-ақ педагогика саласындағы рецензиялауға шақырылған Қазақстан және басқа елдердің жетекші мамандары тарапынан жүзеге асырылады.
  2. Мақалаларға сараптама жүргізуді осы не басқадай рецензенттерді таңдау туралы шешімді бас редактор не редактордың орынбасары қабылдайды. Рецензиялау мерзімі 2-4 аптаны құрайды, алайда рецензент өтініші бойынша ол ұзартылуы мүмкін. Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдау мен түсіндіруде көрініс табатын мүдделер  қайшылығы болған жағдайда рецензиядан бас тартуға құқылы. Қолжазбаны қарау қорытындысы бойынша мақаланың ары қарайғы шешіміне (рецензенттің әрбір пікірі негізделеді) пікір береді: мақала осы  түрде жарияланымға ұсынылады;  мақала рецензент белгілеген кемшіліктерді түзеткеннен кейін жарияланымға ұсынылады;  мақала басқа маманның қосымша рецензиялауын қажет етеді; мақала журналда жариялана алмайды.   
  3. Егер рецензияда мақаланы түзету және толықтыру бойынша пікірлер қамтылса, журналдың редакциясы авторға рецензияның мәтінін мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде оларды ескеру немесе оларды дәлелді (ішінара немесе толық) теріске шығару ұсынысын жібереді. Мақаланы толықтыру авторларға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы электрондық хабар жіберілген кезден бастап 2 айдан аспауы тиіс. Автор толықтырған мақала рецензиялауға қайта жіберіледі.   Автор мақаланы толықтырудан және жариялаудан бас тартқан жағдайда ауызша не жазбаша түрде өзінің өтінішін редакцияға хабарлауы қажет. Егер автор мақаланың толықтырылған нұсқасын  рецензия жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде  жібермесе,  автордан мәлімдеме болмаған жағдайда редакция оны тізімнен алып тастайды. Мұндай жағдайларда авторларға қолжазбаның тіркеуден шығарылғаны туралы толықтырылуға бөлінген мерзімнің аяқталуына байланысты тиісті хабарлама жіберіледі.
  4. Егер автор мен рецензенттерде қолжазбаға қатысты шешілмейтін қарама-қайшылықтар болса, редакциялық алқа қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Қарама-қайшылықтар болған жағдайда бас редактор редакциялық алқа отырысында шешім қабылдайды.
  5. Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім рецензенттің пікіріне сәйкес редакция алқасы отырысында қабылданады. Редакция алқасы шешімімен жарияланымға ұсынылмаған мақала қайта қарастырылуға қабылданбайды. Мақаланы жариялаудан бас тарту туралы мәлімдеме авторға электронды пошта арқылы жіберіледі.
  6. Редакция алқасы шешімімен мақаланың жарияланымға жіберілгені   және шығарылымы жөнінде  автор хабардар етіледі.
  7. Жағымды пікірдің болуы мақаланың жариялануы үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.  Жариялау туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда шешімді бас редактор қабылдайды.
  8. Пікірлер түпнұсқасы журнал редакциясында 3 жыл мерзімге сақтала- ды.

 

Ғылыми жарияланымдардың этикасы

Авторлар, рецензенттер, редакция алқасы, журналдың бас редакторы жарияланымды дайындауға және ғылыми зерттеу нәтижелерін таратуға байланысты тиісті этикалық міндеттемелерді атқарады. Редакция өз жұмысында жалпы қабылданған этикалық нормаларды басшылыққа алады және Committee on Publication Ethics (COPE) әзірлеген ғылыми жарияланымдардың қағидаттарын (https://publicationethics.org/) ұстанады, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=1005798), «Қазақстан Республикасының ғылым туралы» Заңына» (https://online.zakon.kz/document/?doc_id=30938581) сүйенеді.

Редакция алқасының жариялау этикасының қағидаттары

Редакция алқасы, бас редактор өз қызметінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  1. Журналдың редакциялық саясатына сәйкес редакция алқасының, рецензенттер мен авторлардың этикалық қағидаттарды орындауына жағдай жасайды.
  2. Авторлықтың, рецензиялаудың және ғылыми жарияланымдарды басып шығару этикасының сақталуына кепілдік береді.
  3. Жариялау процесі барысында туындайтын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
  4. Ғылымилық, объективтілік және ашықтық қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ мақалаларды рецензиялау нәтижелері негізінде журналға жарияланымдарды орналастыруға кепілдік береді.
  5. Автордың жосықсыз әрекеттері туралы шағымдар мен айыптаулар алған кезде редакция COPE ұсынымдарын басшылыққа ала отырып шаралар қабылдайды

Ғылыми мақалалар авторларының жариялау этикасының қағидаттары

  1. Редакцияға ұсынылған мақалалардың түпнұсқа екендігіне кепілдік береді. Плагиат қабылданбайды. Көрінеу жалған және дәйексіз мәліметтерге жол берілмейді.
  2. Авторлық құқықты қорғау туралы заңнаманың нормаларын сақтайды, сондай-ақ зерттеулердің шынайы нәтижелерін ұсынады.
  3. Барлық тең авторлардың оның түпкілікті нұсқасымен және оны журналда жариялауға ұсынумен келісуін қамтамасыз етеді.

Рецензенттердің жариялау этикасының қағидаттары

  1. Авторлық материалдардың ғылыми сараптамасын жүзеге асырады және оның әрекеттері әділ сипатта болуы тиіс.
  2. Рецензиялау барысында алынған ақпаратты өз пайдасы үшін не басқа адамдардың немесе ұйымдардың беделін түсіру үшін пайдалануға құқығы жоқ.
  3. Рецензиялауға алынған кез келген ғылыми мақала құпия құжат болып табылады.
  4. Ғылыми журналдардағы жарияланымдардың этикалық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Редакция алқасы кез келген әдепке жат мінез-құлықты (өз бетінше өз мақалаларына рецензия беру, шарттық және жалған цензура, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау жөніндегі агенттік қызметтерге жүгіну, авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, мақала мәтіндерін авторлармен келіспей басқа журналдарға беру, авторлар материалдарын үшінші адамға беру, авторлық құқықтарды және редакциялық процестердің құпиялылық қағидатын бұзу, дәйексөз алумен, плагиатпен, бұрмалаумен және өтірік айла-шарғы жасау) мақұлдамайды және мұндай қателіктерге жол бермеу үшін бар күшін салады.

Егер редакция алқасына журналда жарияланған мақалаға қатысты кез келген заңсыз іс-әрекеттер туралы белгілі болса, редакция алқасы СОРЕ ұсынымдарын қолданатын болады.

 

Жарнама ақысы

Мақаланы жариялау құны 7500 теңге. Шетелдік авторлардан (Қазақстан азаматтары емес) жарияланым үшін төлем алынбайды.
Мақаланы баспаға қабылдау туралы редакциядан деректемелерді көрсете отырып, жазбаша хабарлама алғанға дейін төлем жүргізбеуді өтінеміз.

 

Жария ету саясаты және мүдделер қақтығысы

Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды.

Рецензиялау барысында алынған және ықтимал артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмауы тиіс.

Рецензенттер ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген автормен, компаниялармен немесе басқа да ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс.

 

Қайталау және плагиат

«Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы» журналының редакциялық алқасы мақаланы қарау кезінде материалды Антиплагиат жүйесінің көмегімен тексере алады. Көптеген қайталау анықталған жағдайда редакция COPE ережелеріне сәйкес әрекет етеді.

 

Препринттер мен постпринттерді орналастыру саясаты

Мақаланы ұсыну барысында автор мақаланың жарияланбағанын немесе басқа ғылыми журналда жариялауға қабылданбағанын растауы тиіс. «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы» журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған кезде баспа журналдың ресми сайтына сілтеме (материалдың толық URL) орналастыруды сұрайды.

Авторларға бұрын басқа баспаларға жатпайтын жеке немесе жария сайттарда орналастырған мақалаларды қарауға рұқсат етіледі.

 

Мақалаларды қайтарып алу және түзету, түзетулерді, кешірім жасауды, теріске шығаруды жариялау

Редакциялық алқа мүшелері әдепсіз іс-әрекет, плагиат, өзін-өзі плагиаттау, авторлардың өзін-өзі артық бағалауы, мүдделер қақтығысының мәлім белгілері бар мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады.

Автор немесе басқа да мүдделі адам жарияланған мақалада жариялау этикасы бұзылу фактілерін тауып, журнал редакциясының назарына жеткізе алады. Бұл ретте растаушы ақпараттың жеткілікті мөлшерін ұсыну қажет. Егер автор (авторлар) мақала жазу кезінде жариялау немесе ғылыми этика қағидаттарын бұзса, журнал редакциясы істі қарауды жүргізеді.

Мақаланың тек азғана бөлігі (мысалы, бірнеше сөйлем) жариялау немесе ғылыми этика қағидаларын бұзу белгілері бар материалдарды қамтыған жағдайда (мысалы, плагиат болып табылады) редакция авторларға анықталған бұзушылықтарды жою үшін түзетулер енгізуді ұсынуы мүмкін.

Басқа жағдайларда редакция редакциялық алқа шешімінің негізінде келесі себептер болған жағдайда жарияланымның ретракциясын (жойылуын) жүргізе алады:

  • автордың (авторлардың) саналы іс-әрекеттері нәтижесінде жарияланатын ақпарат анық еместігінің дәлелі (мысалы, деректерді бұрмалау, ойдан шығару);
  • басқа автордың мәтінін рұқсатсыз пайдалану (плагиат);
  • қайталанатын жарияланымдар жағдайы;
  • нәтижелерде және оларды түсіндіруде елеулі қателіктер жіберу (мысалы, эксперименттердегі, есептеулердегі, т.б. қателер);
  • авторлар құрамының дұрыс көрсетілмеуі;
  • мүдделердің жасырын қақтығысы (жариялау этикасының басқа да бұзылуы).

Мақалаларды автор (авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтарып алуы мүмкін. Редакция жариялау немесе ғылыми этика бұзылған жағдайда СОРЕ ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланған мақалаларды алып қоюды жүзеге асырады.

Ретракцияның негізгі мақсаты – бұзушылық жасаған авторларды жазалау емес, жарияланған ақпаратты түзету және оның тұтастығын қамтамасыз ету.

Егер редакция мақаланы кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаса, онда мақаланың өзі тиісті шығарылымда журналдың сайтында қалады, бірақ хабарлама ресімделеді, онда кері қайтарып алынған мақаланың атауы, авторлардың аты-жөні, кері қайтарып алу себебі мен ретракция күні көрсетіледі, сондай-ақ мақаланы кері қайтарып алатын адамдар көрсетіледі. Хабарламалар журналдың электрондық және баспа нұсқаларында жарияланады. Шығарылымның мазмұнында «кері қайтарып алынды /retracted» деген белгі қойылады. Редакция мақаланы қайтарып алу себептерін көрсете отырып, өзінің шешімі туралы авторлық ұжымға хабарлайды. Мақаланы кері қайтарып алу туралы ақпарат журнал индекстелетін деректер базасына жіберіледі.

Авторлар қателерді анықтаған немесе жарияланған мақалаға түзетулер (өзгерістер) енгізген жағдайда редакция қате немесе түзету туралы хабарлама орналастырады (Эратум/Erratum). Эратум орыс және ағылшын тілдерінде журналдың жеке бетінде «Түзетулер/Эратум» бөлімінде орналастырылады және DOI жазбалары беріледі. Эратум ашық пайдалану үшін жарияланады. Қате/түзету туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:

  • мақаланың атрибуттары (бірінші авторы, т.б., мақала атауы);
  • жарияланған мақаланың бастапқы нұсқасына сілтеме, DOI және жарияланған күні;
  • түзетулердің сипаттамасы және енгізілген күні;
  • бастапқы мәтін және түзетуден кейінгі мәтін;
  • түзету енгізу авторлар жасаған тұжырымдарға әсер етпегенін көрсету;
  • журналдың онлайн нұсқасына түзету енгізілгенін көрсету.