Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

6-10 370
Аннотация

Биологиядағы маңызды мәселелердің бірі – промоутер аймақтарын дұрыс анықтау. Есептеу әдісі мотивті іздеу негізінде дәстүрлі тәсіл ретінде қолданылған. Зерттеу көркесеткендей, бос энергия, ДНҚ қисықтығы стресспен туындайтын дуплекс дестабилизациясы (SIDD) секілді ДНҚ-ның құрылымдық қасиеті, промоторлар классификациясына қажет. Бұл мақалада промоторлар классификациясының тиімділігі үшін осы құрылымдарға салыстыру жүргізілді. ДНҚ – ның құрылымдық қасиетіне негізделген, промоторлар классификациясына шешім ағашын қолдану барсында, SIDD бос энергия мен ДНҚ қисықтығына қарағанда шамалы жақсарғанын көрсетті, сондай-ақ сәйкесінше f-score 70,9%,67,1% және
61,5% болды.

11-16 409
Аннотация

Бүгінгі күні дүниежүзіндегі раушан гүлдердің 25 мыңнан астам сорттары бар. Олар 35 бақтық топқа бөлінеді. Осыған қарамастан, раушан гүлдерінің аса әдемі және жергілікті қоршаған ортаның суық-ыстық ауа температурасына бейімделе алатын, ауруларға төзімді жаңа сорттарын алу үшін олармен әрдайым ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе екені сөзсіз. «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы жеті басымдылықтың бірі – қоршаған ортаны қорғау, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды толықтырып отыру екені бәрімізгебелгілі [1].

17-21 324
Аннотация

Күрделі аралас оксидті Bi0.3Dy0.7Mn7O12 манганиті печини әдісі арқылы синтезделініп алынды. Печини әдісінде кешен түзуші ретінде мочевина қолданылды. Тәжірибелік түрде синтезделген манганиттің құрамы мен құрылысы анықталды. Алғаш рет рентген фазалық талдау арқылы манганитттің құрылысы, сингония типі, қарапайым ұяшық параметрлері, ренгендік тығыздығы анықталды: а=7.5472, b= 8.5244, с=5.7836 Å, Vun.cell. = 372.090Å3, Z=4, ρrad.= 7,120 g/cm3, ρpyc. = 7,09 g/cm3. Пикнометрлік тығыздығы 5-6 рет өлшеніп, мәліметтердің орташа мәні алынды. Индифферентті сұйықтық ретінде толуол қолданылды.

22-25 318
Аннотация

Мақалада полимерлердің жалғанған және блокты түрлерін алудың жаңа жолдары және олардың механизмі туралы, бүгінгі таңдағы, мағлұматтар жазылған Жалғанған полимерлер алу үшін инертті полимерлер буын құрамына активті топтарды негізу шарт,өйткені жүйедегі пайда болған радикалдар солармен әрекеттесіп тізбек өсуін тоқтатуы керек. Сонымен қатар ізденіс өнімі өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін алынған гомополимерлер молекулалық массалары бірынғай болуы керек. Механикалық жолмен алынған блокты және жалғанған полимерлер физикалық, химиялық және физико- механикалық қасиеттері тұрақты болуы тізбек буындарының ұзындығының, олардың молекулалық салмақтарының шамасына, еріткіш табиғатына, жүйе температурасына және процесті өткізу технологиясына тікелей байланыстығы зерттеліп анықталды.

26-33 399
Аннотация

Орталық Азия аймағының ерекшелігі басқа интеграциялық бірлестіктердің үлгісін механикалық тұрғыдан көшіруге келмейді, оны жіті зерттеу мен бейімдеуді қажет етеді. Интеграцияның негізі ретінде сауда – экономикалық және ұжымдық ынтымақтастықтың дамуы, толыққанды және қорғалған ортақ нарықтың болуы керек.

Орталық Азия аймағының негізгі бағыты интеграциялық доктриналардың әлемдік тәжірибесімен санаса отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының механизмін құрастыруы болуы қажет. Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы ұлттық шаруашылықтар мен құрылған аймақтық экономикалық топтардың жақындауы мен өзара қарым-қатынастарымен сипатталады.

Қазіргі заманғы соны үлгісі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия мемлекеттері ортаазиялық интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, территориялық тұтастықпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең басты салаларымен байланыстырады. Орталық Азия елдеріндегі интеграцияның әлсіз жақтарын анықтау үшін оны халықаралық экономикалық интеграцияның шарттары мен алғышарттарына сәйкес зерттеу қажет. Жалпы аймақтағы интеграция үрдісі өте баяу жүргізілуде. Ол бірнеше себептермен түсіндіріледі, олардың қатарына экономика мен саяси жүйелерді реформалау модельдерінің әртүрлілігі жатады. Экономика мен саяси жүйелердің, ұлттық мүдделердің және халықаралық аренаға бағытталудың әртүрлі болуы әзірше интеграциялану үрдісінен жоғары орын алуда.

34-39 365
Аннотация

Зайсан тауаралық ойысының ланшафттық құрылымы ұзақ уақыт бойында қалыптасты. Оның аумағында шөл, шөлейт және далалық ландшафттиптері қалыптасқан. Зайсан ойысы өте құрғақ, ыстық климатымен ерекшеленеді. Өзен торы жиі болғанымен, жауын-шашын аз болғандықтан, олардың суы Зайсан көліне жете бермейді. Шекельмес мүйісі, Ашутас каньоны және «Киін- Керіш»геоморфологиялық табиғат ескерткіштері Зайсан көлін айнала жайғасқан.Мақаланы берудің мақсаты әсем табиғат көріністерін туристерге, жастарға таныстырып, болашақта зерттету болып табылады.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

41-46 346
Аннотация

Жел энергетикасы - атмосферадағы ауа массасы энергиясы жел энергиясын қолдануға бағытталған энергия түрі. Жел энергиясын қолдану арнайы құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Жел энергетика қондырғысы (ЖЭҚ) - бұл жел ағынының кинетикалық энергиясын басқа бір энергия түріне түрлендіретін техникалық құрылғылар құрылымы. Жел энергетикасы қондырғысы арнайы қолданыстық (сорғылық немесе су көтеруші, электрмен зарядтаушы, диірмендік, су тұщыландырушы, т.б.) жел энергетикасы қондырғысы және кешенді қолданылатын жел энергетикасы қондырғысы (жел электр станциялары) болып ажыратылады. ЖЭК-тің бірнеше конструкциялық түрлері бар. Электромагниттік өрсітің жел қондырғысының екі роторлы генераторға әсері қарастырылады.

ФИЛОЛОГИЯ 

47-52 363
Аннотация

Ақынды ақын ететін оның өлеңдері. Әр ақын өз заманының шындығын жырына арқау ете білуі керек. Сонда ғана оның өлеңдері әсерлі шығады. Ақын болып дүниеге келіп, ақын болып өткен қазақтың дарынды ұлдарының бірі - Сағи Жиенбаев. Ол ешкімге ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Оның өлеңдері халық көңілінен шығып, жүректерінен орын тапқан. Ол өлеңдерінде өмірдің бар шындығын, бірін қалдырмай шебер жырлай білген. Мақалада С.Жиенбаев поэзиясындағы лирикалық тұлға туралы сөз болады.

53-58 526
Аннотация

Қазіргі заманда балаларға білім беруде оқытушының ең басты мақсаты – балаға неғұрлым түсінікті ақпарат беріп, қызығушылығын арттыру. Педагогикалық технологияның басты міндеті саралау арқылы білім беру жүйесін дамыту, салыстыру арқылы тәсілдер мен олардың нәтижелерін іріктеу, тиімдісін қолдана білу, зерттеу, талдау жасау, түйінге келу. Осыған байланысты білім беру үрдісін жетілдіру мақсатында балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды қолдану ұсынылады. Инновациялық технологиялар балалардың қызығушылығын арттырып, жаңа ақпаратты жақсы қабылдауға мүмкіндік беріп, білім беру жұйесін жаңа деңгейге шығарады. Педагогтарға көмек болатын инновациялық технологиялардың қолдану тәсілдері, сонымен қатар оқыту және жазу арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру әдісінің деңгейлері атап өтіледі.

59-66 361
Аннотация

Біздің зерттеуде ежелгі түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті мен діни негіздерінің іргетасы болып табылатын тәңіршілдікке басым мағына беріледі. Біріншіден, көне түркі руханияты бастап келе жатқан құбылыстардың ажырамас қаулысымен «сенім» және «білім» ұғымдарын терең қарастыру, екіншіден, тәңіршілдікті басқа діни жүйелермен өзара талдау, үшіншіден, көне түркі жазба ескерткіштерінің жаңаша түсіндіру және әртараптандыру, түркі халықтарының мәдениетінің шығу тегін қалпына келтіру.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

67-74 371
Аннотация

Мақалада шығыстанушы, библиограф және этнограф-тарихшы Н.Сәбитовтың қоғамдық-ғылыми мұрасы мен өмірінің бастапқы кезеңі оның жеке мұрағаттық қорында сақталған құжаттық деректерді арқылы талдауға алынады. Н.Сәбитовтың өмір жолы Кеңестік кезеңдегі ашаршылық, ұжымдастыру, индустриаландыру, мәдени революция мен қуғын-сүргін жылдарына тұспа-тұс келген болатын. Кәсіби этнограф, шығыстанушы, дінтанушы және мәдениеттанушы мен библиограф ретінде өз соңынан үлкен ғылыми мұра қалдырды.

75-80 310
Аннотация

Ресейде ғылыми және педагогикалық кадрларды аттестациялау мәселесі зерттелді. Ресей мен КСРО-да сертификаттау жүйесін құру тарихы анықталды. ВАК қызметі туралы сыни баға берілді. В.Р. Мединскийдің қорғаған докторлық диссертация тарихы және диссертация төңірегіндегі дау дамайдың мәні баяндалған. Ғылыми кадрларды аттестациялаудың ресейлік жүйесін жетілдірудің мүмкін жолдары қысқаша қарастырылады.

81-85 480
Аннотация

Ежелгі Қазақстан тарихында Алтай өңірі ерекше орын алады. Бұл өңірде ерте темір дәуірін мекендеген тайпалар тарихымызға өшпес із қалдырып кеткен. Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінің тарихы туралы антик тарихнамасында бірсыпыра мәліметтер берілген. Мәселен, Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде көшпелі скиф тайпаларының орналасу географиясы, олардың тарихы, рухани мәдениеті, әдет-ғұрыптары туралы баяндалған. Алтай өңірінің ерте темір дәуіріне қатысты мәліметтерді антик авторларының жазба деректерінен бөлек XVIII-ХІХ ғасырдың саяхатшылары мен ғалымдары еңбектерінен кездестіре аламыз.

86-92 396
Аннотация

Бұл мақалада фокус-топ әдісінің мүмкіндіктерін талқылайды. Әлеуметтік зерттеулер бұл әдістің қолдану практикалық тәжірибе негізінде рәсімін компоненттерін талқылайды. Сандық бағалау және жағдай жасау мәселелерінде осы әдістің мүмкіндігін талқылады. Біз сондай-ақ топта проекциялық әдістер, топтың оңтайлы параметрлері, топтық динамикасының мәні, фокус топтарын іске қосу үшін орнатуға болады деп санаймыз.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

93-99 2587
Аннотация

Педагогикалық өлшемдердің теориясы мен әдіснамасын дамытуға ұмтылыс және осы негізде тестілерді құрастыруға деген талпыныстар жөніндегі осыған дейінгі кеңестік педагогика кезеңінен бастап әлемдік, ресейлік, отандық тәжірибелер бар. Педагогикалық өлшемдер – пәнаралық қолданбалы теория әрі тәжірибе. Педагогикалық
өлшемдерді бұлай түсіндіру арнайы теорияның құрылу және негіздеу мәселелеріне, сонымен бірге бұрын бар тәжірибені қайта құру әдістерін құру және негіздеу мәселелеріне зейін аударуды талап етеді. Бұл педагогикалық өлшемдердің ғылыми әдіснама мәселесі. Әдіснаманың басты мәселелері – педагогикалық өлшемдердің, шкалалаудың және нәтижелерді интерпретациялау ережелерінің мәнін, мақсаттарын, міндеттерін анықтау және әдістерін негіздеу. Елімізде 6М012400 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша 2014 жылдан мамандар даярлануда. Білім берудің сапасын арттыруға жаңаша бағыттың алғашқы қадамдары деп білеміз. Білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңартумен қатар енген бағалаудың жаңа әдістері мен мүмкіндіктері, оның білім сапасын жақсартудағы өлшеудің жаңа инструментарийлері осылайша көпшілікке мейлінше түсінікті бола түседі.

100-105 646
Аннотация

Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жалпы білім беру ұйымдары іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері қарастырылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделгендігі туралы тоқталған. Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері екеніне ерекше назар аударылған. Аталған функционалдық біліктерді қалыптастыруда мектеп пен мектеп ұжымының басты орын алатындығы талдана келе, білім беру ұйымдарындағы оқыту процесі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталуының қажеттігі аталып көрсетілген. Отандық және шетелдік білім беру теориясы мен практикасында жүргізген зерттеулердегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған кейбір еңбектерге талдау жасалып, жаңартылған білім мазмұны негізінде бағалау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталған.

106-111 445
Аннотация

Мақалада кәсіби бағдар беру мәселелері қарастырылып, мамандық таңдау жолдары айқындалған. Оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмыстарының негізі орталығы – жалпы білім беретін орта мектеп болып табылатын мәселе қарастырылады. Мектептегі кәсіби бағдар беру тек оқушылардың мектепті бітіруіне байланысты өткізілетін іс-шара ретінде ғана емес, сонымен қатар барлық оқу-тәрбие жұмысы жүйесінің органикалық құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Жалпы алғанда ол жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасу үрдісімен, оқушыларды еңбекке, өмірге дайындаумен тығыз байланысты және мектепте оқу кезеңінде іске асырылады. Мақалада кәсіби бағдар беру- тұлғаның жалпы бағыттылығының негізгі құрамды бөліктерінің бірі ретінде қарастырылады. «Тұлғаның бағыттылығы» және «кәсіби бағдар беру» анықтамалары әртүрлі тәсілдермен сипатталады.

112-118 317
Аннотация

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі даму жағдайында жастарға құндылықтарды қалыптастырудың жаңа мазмұнға ие болуы мен бүгінгі күнге дейін қалыптасқан білім беру идеялары құндылық бағдар туралы білім берудің теориялық негіздеуге қажеттілігі туындап тұр. Құндылықтарды қалыптастыру тәжірибесінде жинақталған жетістіктер мен кемшіліктердің ескерілмеуі бар екендігі рас.

Қазақстан өзге халықтармен шектескен аумақ болып табылады, онда ежелгі дәуірден бастап шоғырлану мен агрессия, этностардың ішке енуі мен сыртқа қоныс аударуы, нәсілдік және тілдік үдерістер байқалады. Қазақ халқының рухани мұрасын, онда этномәдени білім берудің дамуы мен қалыптасу тарихын оқып-үйренуге бұл жағдайдың тікелей қатысы болуы керек.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

119-122 429
Аннотация

Мақалада хореография сабақтарындағы музыканың негізі функцияларын туралы баяндалған. Оқу процесінде музыканың рөлі коммуникация ұғымдар негізінде талданады, белгілі бір би жаттығуларында классикалық музыканы қолдану нүктесі қарастырылады, болашақ жас мұғалімге өздерінің тәуелсіз қызыметінде музыкалық логиканы қолдану тралы мәселе қарастырылған.

123-126 370
Аннотация

Мақалада дәстүрлі және қазіргі заманғы технологиялар философиясының аспектілерінің бірі қарастырылады. Бұл адам ағзасының рөлін, әсіресе соңғы екі ғасырда технологиялық прогрестің тірі органдарын түсіндіреді. Қазіргі заманғы өнердегі дәстүрлі және заманауи философиялық ағымдардың технологиялық қолданылуымен соқтығысады. Қорытынды шешімдерде өнертапқыштардың, ғалымдардың және қазіргі заманғы суретшілердің миссиясының этикасы баса назар аударылады. Құжат үш пәнді: философия, техника және өнер ескере отырып, пәнаралық тәсілдерге негізделген.

127-132 329
Аннотация

Мақала ұлы композитордың шығармашылығымен қатар дирижерлік тұлғасының керемет көрінісін ашады. Көрнекті дирижердің өнердегі өзіндік шығармашылығы және бірегей қасиеті естеліктермен ерекше тұлға ретінде сипатталады. Оның дирижерлау әдіс – тәсілдеріндегі өзгеше даралығы қарастырылып, сондай-ақ ұлттық мәдениет қазынасына қосқан теңдесі жоқ үлесі жайында айтылған.



ISSN 2306-5079 (Print)