Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета - Bulletin of the Kazakh State Women's Teacher Training University
Smaller Default Larger

Мақалаға қойылатын талаптар

Мақалаға қойылатын талаптар

1. Мазмұны:

 

-     бұдан бұрын жарияланбаған, түпнұсқалық ғылыми жұмыстар қабылданады;

-     жұмыстың өзектілігі (тұжырымдар мен ғылыми-практикалық мәні, идеялардың, әдістердің, технологиялардың қолданылуы);

-     ғылыми зерттеу нәтижесі (жаңалығы, өзгешелігі, салыстырмалы зерттеулер тұжырымдамасы, идеялардың түпнұсқалығы);

-     құрылымдылығы (баяндаудың логикалық жүйелілігі);

-     Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелерінің сақталуы;

-     автордың мақаласына сырттан пікір болуы;

-     пайдаланылған әдебиеттер тізімі 7-ден кем емес;

-     барлық мақалалар плагиат үшін тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кем дегенде 70%.

 

2. Техникалық:

-        мәтін Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 11 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;

-        мақаланың көлемі 5-10 бет;

-        мақалаға бірден үш авторға дейін рұқсат етіледі;

-        мақаланың бірінші бетіндегі жоғарғы сол жақ бұрышында ҒТАХР - ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикасы көрсетіледі. (ҒТАХР www.grnti.ru сайтында анықталады);

-        мақала атауы бас әріптермен жазылады;

-        авторлар туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні мен әкесінің аты инцалдармен, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымы, қаласы, елі, авторлардың бірінің е-mail);

-        аңдатпада 5-6 сөйлем болуы керек, бұнда жүргізілген зерттеу жұмыстарының қысқаша және нақты сипаттамасы, зерттеудің мақсаты, әдістері және негізгі нәтижелері келтіріледі;

-        кілт сөздер 5-тен 8-ге дейін, сипатталған тақырып үшін ойлаудың маңыздылық деңгейімен беріледі. Түйінді сөздер зат есімдері, нақты атаулар, географиялық атаулар, сөз тіркестері болуы мүмкін. Сын есімдер, сөйлемдер, қысқартулар (мысалы, танымал КСРО, БҰҰ, ДНҚ) кілт сөздер бола алмайды;

-        мақалада келтірілген суреттердің, графиктердің, кестелердің саны бестен аспауы керек. Әрбір сурет, графика, кесте дереккөзде көрсетілуімен бірге жүреді (Дереккөзі: www.stat.gov.kz немесе Дереккөзі: Автордың құрастыруымен);

-        Microsoft Equation және Microsoft Word редакторында теріліп, нөмірленіп, сілтемелер жасалынады;

-        әдебиеттер тізіміндегі дереккөздері тек мәтінде көрсетілген сілтемелер болуы керек. Дереккөздер саны кем дегенде жеті, дереккөздердің нөмірленуі - мәтінде көрсетілгендей болуы шарт;

-        графиктер, сызбалар, диаграммалар әдебиеттерге жасалған сілтемелер дереккөзінің нөмері мен беті тік жақшамен көрсетіледі: [1; 15].

-        әдебиеттер тізімінен кейін екі түйін сөздермен аңдатпа беріледі: егер мақала қазақ тілінде жазылса, аңдатпалар орыс және ағылшын тілдерінде беріледі; егер мақала орыс тілінде болса, аңдатпалар қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі, ағылшын тіліндегі мақалада – анотациялар қазақ және орыс тілдерінде ресімделеді;

-        аңдатпаға дейін мақаланың атауы келтіріледі, авторлар туралы толық мәліметтер курсивпен (аты, әкесінің аты, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйым атауы, қала, мемлекет, авторлардың бірінің е-mail).

  • Thomson Reuters
  • Springer Link
  • ИМПАКТ - факторы журналдық презентация
  • Білім бақылау комитеті
  • Ғылым комитеті
  • Электронная библиотека
  • Білім және ғылым министрірлігі