Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2021)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

7-14 2292
Аннотация

Бұл мақалада бүкіләлемдік ғаламторда жиі қолжетімді болатын жалған ақпарат мәселесі қарастырылады. Бұл бұрмалау халық арасында үлкен сенімсіздік тудырды, бұл қоғамның бір бөлігін бұзатын көзқарастар поляризациясына, ашуланшақтық пен қорқынышқа әкелді. Олардың сенімділігі мен жарамдылығы туралы пайымдау үшін ақпарат көздерін қалай бағалау керек, әсіресе оқу тәжірибесінде әділ, объективті перспективаны қажет ететін әсерлі студенттер үшін өте маңызды. Университеттердің қоғамның белгілі бір салаларында танымал емес идеялар мен материалдармен айналысуы - бұл шешілуі керек мәселе. Сөз бостандығы әрқашан қоғамның дамуы үшін қажет деп саналды, бірақ қазіргі кездегі көзқарасы қабылданбайтындарды жоятын қатыгез мәдениетке қауіп төніп тұр.

15-24 827
Аннотация

Құзырлылықтың парадигмалық сипаты әлемдік деңгейдегі құзырлылқ ұғымының шығу тарихына жасалған ой пікірлерге дефинициялық талдау негізінде мазмұндық бірліктің анықталуымен жинақталады. Т.Кунның ғылымның дамуындағы тарихи белдеулері сарапталып, парадигмалық сәйкессіздіктің себептері әлеуметтік желілердегі ынтымақтастық жағдайында өсіп келе жатқан Z ұрпақтың ой өрісі негізінде сипатталады. Мазмұндық бірлік ретіндегі құзырлылықты қалыпты ғылым процедуралары арқылы жүзеге асырудағы проблемалар айқындалып, құзырлылық жеке пәндер жетістіктерінің емес, қоршаған ортада, өмірде туындайтын ситуациялардан абыроймен шығу мүмкіндігі деген қорытынды жасалады. Қазақстан ғылымындағы «парадигмалық – қауымдастықтар» арасындағы парадигмалық бәсекелестікті Z ұрпақтың құзырлылығын шыңдай түсетін білім мазмұнын құрастыруға бағыттау ұсынылады.

25-32 1286
Аннотация

Мақалада пандемия жағдайында қашықтықтан оқытудың барысы, оқытушылар мен студенттер арасындағы оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері айқындалып, оқытудың тиімділігінің сапасын арттыру мәселесі сөз болады. Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір- бірінен оқу үдерісі бойынша ерекшеленеді. Сонымен бірге білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша да сараланады. Осындай сан қырлы әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда студенттердің білім дәрежесінің артуын және білім деңгейінің кенейтілуін көздейді. Пандемия барысында білім беру технологиялары қажеттілігі туындап, қашықтықтан оқытудың тиімді көшбасшылық мүмкіндіктерін пайлануға, мәдени құндылықтарға назар аудару керектігі анықталады.

Мақалада қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы екендігі, оны ұйымдастыруда қашықтықтан және аралас оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, электрондық материалдар, технологиялар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау қажеттілігі туындайтындығын көрсетеді.

33-46 619
Аннотация

Мақалада жаһандық экономиканың әсерінен білім беру кәсіпкерлігі ортасының дамуына байланысты болашақ мұғалімдердің кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігіне негізделген. Сонымен қатар, білім беру кәсіпкерлігін әдіснамалық негіздеудің жеткіліксіздігі, Болашақ педагогтардың кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің дамымауы, нарықтық тетіктердің әсерін болдырмайтын педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру процесін ұйымдастыру проблемалары белгіленді. Мәселелерді шешу үшін болашақ мұғалімдердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамытудың ұйымдастырушылық және педагогикалық жағдайларына байланысты зерттеу мақсаты анықталды. Аталған шарттар әзірленген модель аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тәжірибелік жұмыс жағдайында жүзеге асырылды. Эксперименттік жұмыстың нәтижелері бойынша келесілер анықталды: білім беру кәсіпкерлігінің ортасын модельдеу, ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар болашақ педагогтерді білім беру және кәсіпкерлік қызметке ынталандырады, университеттің білім беру ортасын кәсіби түрде қанықтырады, кәсіби және педагогикалық қызметте өзін-өзі жүзеге асырудың алғышарттарын жасайды.

47-55 1279
Аннотация

Мақалада инклюзивті білім беруде жұмыс істеу үшін арнайы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін анықтауға шетелдік және отандық ғылыми тәсілдер талданады. Елде инклюзивті білім берудің белсенді таралуы жағдайында оларды инклюзивті мектептерде жұмыс істеуге даярлауды жаңарту маңызды болып көрінеді. Авторлар білім берудің инклюзивті процесі жағдайында арнайы мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру қажеттілігін дәлелдейді. Мұғалімдер арасында инклюзивті бағытталған кәсіби және жеке құзыреттіліктерді дамыту көбіне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу сәттілігіне байланысты. Арнайы мұғалімдердің инклюзивті ұйымдарындағы практиктердің пікірлерін зерттеу негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту арнайы мұғалімдерді даярлау тәсілдерін өзгертуді, оларды оқытудың мазмұны мен бағыттарын жаңартуды талап етеді деп тұжырымдайды.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

58-66 799
Аннотация

Қазір мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі қоғам деңгейінде өзекті. Осыған байланысты болашақ математика мұғалімінің кәсіби дайындық деңгейіне жаңа талаптар қойылып отыр. Авторлар мақалада болашақ математика мұғалімдерін оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға дайындау мәселесін қарастырған. Ғалымдардың мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған еңбектері зерделенген және «модель», «математикалық модельдеу» ұғымдарына түсініктеме берілген. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту процесінде математикалық модельдеу әдісінің ерекшелігі нақтыланып, модельдеу әдісін қолданудың педагогикалық жағдайлары анықталған. Математикалық модельдеу қолданбалы есептерді шешудің құралы ғана емес, сонымен қатар оқушы меңгеруге тиіс интеллектуалды дағдыларды дамыту тәсілі болып табылатыны көрсетілген.

67-75 1306
Аннотация

Саралап оқыту тәсілі оқытуды ізгілендірудің ең қажетті шарттарының бірі болып табылады және оқушылардың қабілеттіліктері мен дағдыларын, танымдық іс-әрекеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Математиканы оқытуда саралап оқытуға қатысты әлемдік бай тәжірибелер жинақталған. Саралап оқыту жоғары сыныптарда математиканы тереңдетіп оқыту, күрделілік деңгейіне қарай түрлі тапсырмаларды, ресурстарды ұсыну, оқушылардың материалды меңгеру қарқыны, жеке, дербес оқыту және т.б. тұрғысынан қарастырылып келді. Қазіргі заман педагогикасы оқытуды ізгілендіру жағдайында саралап оқытуды оқушыға бағыттау, сыныптағы барлық оқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі қажеттіліктері мен қабілеттіліктері арқылы қарастырады. Саралап оқытуды қолданудың негізгі үш қағидасын - жеделдету, күрделендіру, тереңдетуді ерекшелеп көрсетеді. Мақалада сабақтағы саралап оқыту мәселелері мен олардың қағидаларына қатысты әдебиеттерге шолу жасалған. Саралап оқыту қағидаларын сабақта қолданудың мысалдары берілген, қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі зерттеу нәтижелері барысы кезіндегі тапсырмалардың мысалдары келтірілген.

76-83 586
Аннотация

Мақалада үлкен көлемді деректерді оқытуда бірнеше бағдарламалардың түрлері қарастырылған және үлкен деректерді кейбір жоғары оқу орындарында ендірілу жағдайына талдаулар жасалған. Информатика білім беру бағдарламасының магистратура бөлімдерінде оқу процесіне арнайы курстың ендірілуі мен оны жүзеге асыру үшін жұмыстық оқыту бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешені мазмұны, цифрлы білім ресурстары туралы айтылған. Үлкен деректерді жинау, сақтау, сұрыптауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық қамтаманың, сонымен бірге қолданылатын техникалық-технологиялық құралдардың теориялық негіздері мен оларды қолдану әдістерінің оқу процесіне ендірілуі қарастырылады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің Информатика мамандығының жоғары курс студенттері мен магистранттардың оқу үдерісінде үлкен деректерді білім беру саласында қолдану бойынша арнайы курс жүргізілетіні айтылған. Арнайы курстың бірінші модулінде турникеттің желілік контроллерінің мысалы ретінде ЭРА 500 желілік контроллері мысал ретінде қарастырылады.

84-90 707
Аннотация

Бұл мақалада мәтіндер жанрын анықтауға арналған белгілерді зерттеу және талдаудағы қолдануға болатын алгоритмдер қарастырылады. Мәтіндер жанрын анықтаудағы ерекшеліктер көрсетілген. Сонымен қатар мәтіндерді сипаттай отырып, тек мәтіндерді қалдырып, керек емес символдарды алып тастайды. Соның ішінен мәліметтер қорымен салыстырмалы түрде анықталады. Мақалада барлық параметрлерге негізделген мәтіндік жанрды автоматты түрде танудың тәжірибелік әдісі сипатталған. Логистикалык регрессия, шешім ағашы, кездейсоқ орман, MLPClassifier, AdaBoostClassifier, GaussianNB алгоритмдерін салыстыра келе мәтіндер үшін ең маңызды параметрлерді таңдау қарастырылды. Мәтіндер жанрын анықтау қазірге кезде ақпараттық қоғамда барлық салада өзекті болып отыр.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

92-105 492
Аннотация

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің элементтері қызмет тиімділігінің көтерілу және төмендеу кезеңдеріне сәйкес келетін динамикада жұмыс істейді. Жүйенің элементтерінің бірі ретінде инновациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуінде кездесетін проблемалар (кедергілер) құлдырауға тән. Мақалада құлдырау жағдайынан шығуды жеделдету үшін инновациялық инфрақұрылымның жұмыс істеу проблемалары жүйеленген. Мақсатқа жоспарлаудың стратегиялық құжаттарын, оларды практикада іске асырудың тиімділігін зерделеу және болып жатқан цифрландыру шеңберінде олардың шындыққа сәйкестігін анықтау арқылы инновациялық инфрақұрылымды басқару және реттеу жүйелерін талдау арқылы қол жеткізілді.

ФИЛОЛОГИЯ 

107-114 518
Аннотация

Мақалада Асанқайғы туралы аңыздардың негізінде туған жырдың екі нұсқасы қарастырылады. Нұсқалар арасындағы сюжеттік ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталады. 2006 жылы «Асанқайғы» атты зерттеу еңбекте басылым көрген мәтін Орталық ғылыми кітапханада сақтаулы түпнұсқамен жолма-жол салыстырылып, текстологиялық жұмыс жүргізіліп, басылымда кеткен кемшіліктердің себебі дәлелденеді. Аталған кемшіліктердің қалай жөнделгені сөз болады. Ал «Мәдени мұра» аясында жарияланған «Бабалар сөзінің» 100 томдық сериясы ғылыми басылым болғандықтан мәтіннің түпнұсқа негізінде дайындалғаны айтылады.

115-123 865
Аннотация

Қазақ әдебиетінде өзіндік ой-өрнегімен дараланатын Тұрысбек Сәукетаевтың шағын және көлемді туындыларында адам тағдыры, түрлі әлеуметтік ахуалдар қабаттас суреттеледі. Стилі өзгеше, тақырыбы оқшау. «Мен – жындымын» романының символдық мәні жоғары. Қоғамдағы келеңсіздік пен жалғандықтың жеке адам тағдырына тигізген залалы, шындық, әділеттік, махаббат т.б. адами құндылықтардың құнсыздануының кейіпкер жанына әсерін көрсету арқылы қоғам мен жеке адам арасындағы үзілген байланысты, қайшылықты ашады. Адам болмысындағы ізгілікке, әділетке құштарлық идеясына назар аудартады.

124-135 1947
Аннотация

Бұл мақалада жаңартылған білім беру мазмұны аясында Қазақстан мектеп оқушыларының когнитивті дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіру қатысты мәселелер қарастырылады. Орта мектепте шет тілі ретінде ағылшын тілі сабағында мәтіндермен жұмыс жасау кезінде графикалық органайзер қолданудың тиімді тәсілдерін іздеуге бағытталған қолданбалы зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Жаратылыстану циклінің пәндерін шет тілінде оқытудың ерекшеліктері CLIL технологиясы тұрғысынан қарастырылады. Графикалық органайзерлерді когнитивтік процестерді белсендірудің және оқушылардың танымдық дағдыларын жетілдірудің тиімді құралы ретінде пайдалану туралы авторлық идеялар сипатталған. Графикалық органайзерлерді вариативті формалары жоғары деңгейлі сұрақтарды тұжырымдау дағдыларын дамытады, шет тіліндегі мәтіннен алынған пәндік білімді қолдана отырып, өз пікірін айтуға, ақпаратты құрылымдауға, өз көзқарасын дәлелдеуге үйретеді. Осылайша, оқушылардың сыни ойлауды қалыптастыруға негізделген дағдылары дамиды.

136-145 724
Аннотация

Екінші шет тілін үйрену кезінде студенттер көбінесе көптеген проблемаларға тап болады, олардың бірі зерттелетін тілдің лингвистикалық ресурстарының болмауы. Бұл мәселенің ең тиімді шешімі пәндік-тілдік оқыту (CLIL) контекстінде әдістемелік тіректерді (скаффолдинг) пайдалану болуы мүмкін. Бұл мақалада дискурс-талдау арқылы CLIL контексінде білім алушылардың ғылыми мазмұнын дамыту және түсінуі үшін әлеуетті құнды мультимодальдық құрал ретінде визуалды ойлауды пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Дискурстың прагматикаға, әртүрлі тілдік жағдайларға, қарым-қатынасқа және тұтастай мәтінге бағытталғандығы белгілі. Дискурс және оны талдау бір уақытта мәтін түрінде процесс және нәтиже ретінде қарастырылады деп саналады.

146-156 1833
Аннотация

Мақала шет тілін оқыту процесінде студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне арналған. Жаһандану және өсіп келе жатқан мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында бұл мәселе - өте өзекті. Бұл мақалада «мәдениетаралық құзыреттілік» ұғымы, сондай-ақ шет тілін оқытуда «тілдік портфолио» әдісі студенттердің әр түрлі мәдениеттер өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қалыптастырудың оңтайлы білім беру технологиясы ретінде пайдалануы қарастырылады. Толыққанды мәдениетаралық қарым-қатынас үшін, басқа елдердің өкілдерімен өзара әрекеттесу үшін студент шет тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар мәдениетаралық құзыреттілікке ие болуы керек. Осы орайда, тілдік портфолио технологиясы студенттерге тілдік дағдылары мен мәдениетаралық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

158-168 478
Аннотация

Жоғарғы және орта оқу орындарында оқу-теоретикалық іс-әрекет студенттерді интеллектуалды дамытуға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған, бұл олардың кәсіби таным деңгейін қалыптастырады, оқу-тәжірибелік іс-әрекет – орындаушылық қабілеттілігі мен техникалық шеберлігін дамыту мен жетілдіруге бағытталады. Алайда, тұлғаның шығармашылдық мәселелері тыс қалуда, осыған орай біздің зерттеуіміз бүгінгі күні білім беру жүйесінде болашақ хореограф мамандарды кәсіби даярлау барысында шығармашылық қабілеттерін дамытуға аса көңіл бөлінуіне бейімделген.

Зерттеу жұмысының проблемасы хореограф студенттердің шығармашылық қасиеттерін дамытудың маңыздылығы мен құрылымының, қағидалары мен шарттарының мәнін ашу, сондай-ақ колледждер және университеттерде оқыту процесінде оларды жетілдірудің тиімді технологияларын іздеу болып табылады. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін өркендетудегі хореографиялық қызмет, күрделі әлеуметтік- педагогикалық құбылыстар кешені ретінде түсіндіріледі және оның шығармашылық қызығушылықтарын, бейімділігін, жеке ерекшеліктерін және хореографиялық қабілеттерін есепке алу негізінде студенттің біртұтас тұлғасын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған хореографиялық әдістемелер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Студенттердің шығармашылығын дамытуы табысты болу үшін шығармашылық байқаулар мен фестивальдарға, шеберлік-кластарына, концерттегі орындауларға қатысу сияқты іс-әрекет түрлерін пайдаланған абзал. Оларға студенттердің қатысуы студенттердің теоретикалық және практикалық білімдерін тереңдету мен жүйелеуге, тәжірибелік міндеттерді шешу үшін жаңашыл әдістерді қолдана отырып, шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық іс-әрекет инновациялық іс-әрекет құралдары арқылы болашақ маманның шығармашылық қабілеттіліктерін күшейту үдерісінде айрықша роль ойнайды.



ISSN 2306-5079 (Print)