Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

7-20 514
Аннотация

Бұл мaқaлaдa биoлoгия пәнiндe қaзaқ этнoпeдaгoгикaсы элeмeнттepiн ұтымды пaйдaлaнy жoлдapы, әдic-тәciлдepi тypaлы жaзылғaн. Жалпы, зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ хaлық пeдaгoгикaсын кешегі жақсы мен бүгінгі жаңаны өмip тaлaбымeн ұштacтыpa oтыpып, opтa мeктeптepдeгi биoлoгия пәнiн oқытудa этнoпeдaгoгикa элeмeнттepiн тиiмдi пaйдaлaнудың әдicтeмeciн жacaу, oны oқу үpдiciндe ұтымды қoлдaнудың мүмкiндiктepiн aнықтaу болып табылады. Биoлoгия пәнiн этнoпeдaгoгикa нeгiзiндe oқыту oқушылapдың бiлiмгe дeгeн ынтa-ықылacын apттыpaды. Биoлoгия caбaғындa жәнe cыныптaн тыc жұмыcтapдa қaзaқ этнoпeдaгoгикacын тиiмдi пaйдaлaну oқушылapдың бiлiмiн, бiлiктiлiк дaғдылapын қaлыптacтыpуғa aлғaн бiлiмдepiн тepeңдeтiп кeңeйтe түcугe, қызығушылығын apттыpуғa, coнымeн қaтap, oлapдың хaлықтық әдeт-ғұpып, caлт-дәcтүp туpaлы бiлiмiн мoлaйтып, жeкe тұлғaлық қacиeттepiн дұpыc қaлыптacтыpуғa ықпaл eтeтінін біздін өз тәжірибемізде қолданып дәлелдеп шыққанымыз туралы толықтай таныса аласыздар. Ocығaн opaй, бiз бұл мaқaлaдa қaзaқ этнoпeдaгoгикa элeмeнттepiн қoлдaнып биoлoгияны oқытудың бipнeшe әдic-тәciлдepiн қapacтыpaмыз.

21-30 1022
Аннотация

Білім саласында жаңа технологиялардың ықпалы мен үлесі күн санап өсуде, атап айтқанда, қашықтықтан білім беру, онлайн курстар мен тренингтер, бейне конференциялар мен вебинарлар, мобильді оқыту, электрондық және цифрлық білім беру ресурстары, т.б. Солардың бірі – мобильді оқыту технологиялары инновациялық жетістіктердің негізгі құраушыларына айналды. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде мобильді оқыту технологияларын қолдану мәселесі өзекті болып отыр. Мақалада мобильді оқыту технологияларының білім берудегі рөлі мен қолдану тенденциялары, әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ, мобильді оқыту терминіне түсінік беріліп, мобильді технологияларды білім беруде қолдану мәселелері мен оның зерттелу барысы баяндалған. Мобильді қосымшаларға талдау жасай отырып, биология пәнін оқытуда қолданылатын бірнеше қосымшалар ұсынылған.

31-38 419
Аннотация

Бұл мақалада, "Туризм" мамандығы студенттерінің геоэкологиялық құзыреттілігін қалыптастыру үшін "Геоэкология және туризм" пәнін оқу кезінде тұлғалық-бағытталған және қызметтік педагогикалық технологиялар қарастырылды. Сондай-ақ, проблемалық оқыту технологияларын қолдану тиімділігі қарастырылып, болашақ кәсіби қызметпен байланысты геоэкологиялық проблемаларға өз көзқарасын білдіре алатын және кәсіптік проблемаларды шешетін құзыретті маманды қалыптастыру мүмкіндіктері ұсынылған. Жеке тұлғаға бағытталған бағдарлы білім беру процесі оқу және дидактикалық материалдарды, оны қолдануға әдістемелік ұсынымдарды, білімді меңгеру барысында студенттің жеке дамуын бақылаудың әдістері қарастырылды. Педагогикалық технологияның мәні нақты қойылған мақсаттарға жетуіне кепілдік беретін оқытушы мен студенттер арасындағы тұрақты кері байланыс екендігі тұжырымдалды. Сондықтан мақсаттардың дұрыс қойылуы педагогикалық технологияның маңызды шарты болып табылады.

39-45 529
Аннотация

Мақалада кондициясыз мұнайды сусыздандыру үшін әртүрлі композициялық сұйықтан мұнайды ажыратқыштардың зертханалық-өнеркәсіптік сынаулардың нәтижелері көрсетілген. Жүргізілген зерттеулердің мақсаты Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Кенқияқ Надсолевое кенорнының кондициясыз мұнайын сусыздандырудың мұнайды үнемдеу, өндірістік технологияларын әзірлеу болып табылады.

Зертханалық сынаулардың нәтижесінде KLN-3 тобындағы сұйықтан мұнайды ажыратқыштың қолайлы қыздыру температурасы мен концентрациясының мәні анықталды, мұнда кондициясыз мұнайды сұйықтан ажырату үдерісі суды барынша шығару арқылы жүрді. Алынған нәтижелер өнеркәсіптік сынаулармен расталды.

Тауарлы мұнайды шығаруды арттыру, кондициясыз өнімдердің көлемін азайту, өндірістің экологиялық және экономикалық тиімділігімен қамтамасыз ету мақсатында Кенқияқ кенорнында мұнайды дайындау өндірістік үдерісіне KLN-3 сұйықтан мұнайды ажыратқышын пайдаланып, кондициясыз мұнайды сусыздандыру технологиясы енгізілді.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

47-54 619
Аннотация

Бағалау - оқытудың ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Ол оқушының сабақтағы ілгерілеуі туралы ақпарат береді және оқу үдерісін жетілдіруге көмектеседі. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жағдайындағы бағалау - аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуға арналған түрлі платформалар бар, дегенмен аталған ресурстар жиынтық бағалауды өткізуге қолайлы бола бермейді. Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалауды өткізу үшін тапсырмалардың түрлі типтерін қолдануға, тапсырмаларды орындау уақытын анықтауға, автоматты түрде балл қоюға мүмкіндік беретін платформалар ыңғайлы болып табылады. Мақалада бағалауға қатысты әдебиеттерге, қашықтықтан оқытуға, бағалау рәсімдеріне байланысты тапсырмалар құрастырудың тәсілдеріне талдау жасалған, Microsoft Forms платформасы арқылы математика пәнінен сабақтарда жиынтық бағалау тапсырмаларын жүзеге асырудың мысалдары берілген.

55-63 491
Аннотация

Қазіргі уақытта студенттерге математиканы оқытуда шындықпен туындайтын мәселелерді шешуде оның практикалық маңыздылығын көрсету өте маңызды. Реалистік математиканың мақсаты - қолданбалы контекстік есептер арқылы қызықты және пайдалы оқыту. Алайда, оқытушылар студенттердің математикалық талдау, Ықтималдық теориясы, Математикалық статистика, алгебра және геометрия бөлімдерін оқуы кезінде қолданбалы есептерді таңдау және жіктеу мәселесін өткір қойып отыр. Қолданбалы мазмұны бар математикадағы есептерді олардың күрделілік деңгейіне қарай жіктеу өте маңызды. Авторлар қолданбалы есептерді қолданудың ең тиімді әдіснамалық тәсілдерін сипаттайды. Теориялық біліммен қатар студенттерде өздерінің қолданбалы міндеттерін жасау бойынша практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру қажет.

64-72 381
Аннотация

Әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне көңіл аудару - мектеп оқушыларының геометрияны меңгерудегі енжарлығы мен қиындықтарды жеңудегі жолдардың бірі болып табылады. Мақалада білім берудің интерактивті әдістері мен олардың математиканы оқытудағы ерекшеліктері қарастырылған. Қарастырылып отырған әдістердің негізі - шағын топтарда оқыту. Мысал ретінде интерактивті әдістің «Жазықтықтың қозғалысы және оның қасиеттері» тақырыбын оқытуда қолданылуы қарастырылған. Бұл тақырып орта мектептің және болашақ математика мұғалімдерінің білім беру бағдарламасына кіреді. Тәжірибе көрсеткендей, жазықтықта түрлендіруді оқыту барысында оқушыларда, олардың жеке бейнелі ойлау қабілеттеріне байланысты қиындықтар туады. Мақалада негізгі мектептің жоғары сыныптарында геометрияны оқытудағы интерактивті әдістерді сипаттайтын әдістемелік әдебиеттерде кездесетін олқылықтар толықтырылған. Білім берудің тиімділігін арттыру үшін әртүрлі типтегі есептер ұсынылған.

73-80 432
Аннотация

Бұл мақалада мектеп оқушылары үшін екі, үш және төрт орынды сандарды көбейтудің оңай, әрі жылдам тәсілі баяндалған. Мектеп қабырғасында сандарды дәстүрлі көбейту әдістерін меңгерген оқушы, осы ұсынылып отырған дәстүрлі емес тәсіл арқылы жылдам көбейтуге үйренеді. Нәтижесінде тез есептеу, ойлау қабілеті дамиды. Ауызша тез есептеуге дағдыланады. Ізденіс жасауға, зерттеу жүргізуге талпыланады.

81-89 431
Аннотация

Ұсынылып отырған ғылыми мақалада оқу үрдісінде қолданылатын толықтырылған шынайылық қосымшаларын жасақтау орталарына талдаудың нәтижесі келтірілген. Жоғары танымалдылыққа ие, әрі кең қолданыстағы он үш жасақтау орталары таңдалынып, негізгі үш топқа жіктелген критерийлер бойынша талданған. Бірінші топта типі, қолжетімділігі және жұмыс істейтін операциялық жүйесі жазылған. Екінші топ зерттеу жұмысының негізгі бөлігі болып табылатын трекинг, яғни танып-білу ерекшеліктерін қамтиды. Үшінші топта әр жасақтау ортасының кеңейтілімдері мен толықтырулары баяндалған. Сонымен қатар, толықтырылған шынайылық қосымшаларын оқу үрдісінде пайдаланудың артықшылықтары мен өзектілігіне мән берілген.

ФИЛОЛОГИЯ 

90-98 547
Аннотация

Мақалада Абай шығармаларындағы бүгінгі әдеби тілімізден өзгеше қолданыстар мен тілдік ерекшеліктер фонетикалық айырмашылықтар тұрғысынан қарастырылды. Ақын өлеңдері мен қара сөздеріндегі көне түркі тіліне тән фонетикалық формалар тарихи-салыстырмалы әдіспен зерттеліп көрсетілді. Атап айтқанда, Абайдағы «ұғлы, түғры, туғралы, түзік, ұлық», т.б. фонетикалық ескіліктер түркі ескерткіштері мен тілдері деректері негізінде талданды. Олардың ескі қазақ жазба тілі мен қазіргі қазақ тіліне қатыстылығы жайлы тұжырымдар айтылды. Мақаланың қорытынды бөлімінде қазіргі әдеби тілден бөлек ауызекі тілде айтылатын фонетикалық формалардың Абай шығармаларындағы көрінісі талқыланды.

99-107 424
Аннотация

Мақалада онлайн оқыту жүйесіне сәйкестендіріп, тілді оқытудағы сандық трансформациялаудың бес түрлі алғы шарты көрсетілді. Біріншісі, оқытушының тұлғалық өсуі, соған сәйкес дайындығы. Екіншісі – интернет ресурстарды меңгеру. Онда тиімді ресурстар туралы айтылды. Үшінші, халықаралық тілдердің бірін меңгеру қажеттілігі және негізгі себептері ашып көрсетілді. Төртінші, оқыту әдістерін онлайн жүйеге ыңғайлау мен оның басқа да мүмкіндіктері, бесінші онлайн оқытудағы бағалау жүйесі талданды.

108-115 390
Аннотация

Түркі тілдеріндегі шылауларды бір сөз табы ретінде қарағанымызбен (үшеуіне шылау деп ат беруінің себебі: олардың үшеуі де бір сөздің шылауында келуіне байланысты айтылған болу керек), олардың үшеуінің қызметтерінің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Ол лексикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да айқын көрінеді. Мұның өзі шылау түрлерінің бір-бірімен жеткілікті деңгейде салыстырыла зерттелуін қажет етеді.Мақалада алғаш рет жалғаулықтардың қызметі әрбір түркітілдерінен алынған арнайы мысалдармен дәйектеліп, түркі тілдеріндегі жалғаулықтар жүйелі түрде жинақталып беріледі. Сонымен бірге қазіргі түркі тілдеріндегі жалғаулықтарға тән басты ерекшеліктер көрсетіледі.

116-123 496
Аннотация

Мақалада, балалар поэзиясының көрнекті өкілі, Тұманбай Молдағалиевтің «Кім болам?» шығармасын жаңартылған білім беру мазмұны аясында гибридті немесе аралас оқытудың артықшылықтары айтылған. Қазақ әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесі жайында сөз қозғалып, қазіргі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқытудың тиімділігі қарастырылған. Қазақ әдебиеті пәнін (оқыту тілі қазақ тілі емес) мектепте оқытуда Google Forms және Google Sites бағдарламалық қосымшаларын қолдана отырып оқытудың қолайлылығы, "сатылай кешенді талдау технологиясы", тілді меңгеру психологиясы тұрғысынан анықталатын төрт жалпы бағыт төңірегінде сөз қозғалады. Гибридті немесе аралас оқудың артықшылығы мен мүмкіншіліктері, оқуды жеке тұлғаға бағыттаудың он тәсілі, коммуникативтік оқыту ұстанымдары, қазіргі таңдағы Z ұрпағы болып саналатын, ақпараттар легі саналарын көмкерген жас буынның ұлттық құндылықпен сусындатудың тәсілдері жан-жақты қарастырылған. Төл әдебиеті мен мәдениетінің асыл тұлғасы Тұманбай ақынның жауһар жырларын оқытуда қолданатын заманауи әдіс–тәсілдердің тиімділігін көрсете отырып, молынан ақпарат береміз.

124-131 414
Аннотация

Мақалада Л.В.Соловьевтің дилогиясын екітілді көркем мәтіндер санатына жатқызу мәселесі қарастырылған. «Көркем екі тілдік мәтін» феноменін зерттеуге арналған еңбектерді талдау оның негізгі сипаттамалары мен өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада мысалдар келтірілген (түрікшілдіктер, кескіндемелік және экспрессивтік құралдар, өлең-имитациялар, лингвистикалық клишелер, фразеологиялық айналымдарды қадағалау), олардың көмегімен жазушы дилогияда ұлттық образ жасайды. Орыс тілінде әлемнің ұлттық суретін жасаған кезде жазушының жүгінетін лингвистикалық мағынасы көркем екі тілдік мәтіннің ерекшеліктерінің айқын көрінісі болып табылады. Л.Соловьевтің дилогиясын сөз шебері шығармашылық контекст ерекшеліктері мен әртүрлі мәдениеттер - орыс және шығыс тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жеткізу тәсілдеріне негізделген екі тілді көркем мәтіндерге жатқызу туралы тұжырымдар жасалады.

132-138 416
Аннотация

Бұл зерттеу Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ағылшын филологиясы кафедрасында оқитын қазақ оқушыларының ағылшын тілінде қаншалықты ықыласпен сөйлейтінін және жыныстың қарым-қатынас жасауға дайындығына (WTC) әсер ететінін зерттеуге бағытталған. Біздің зерттеуімізде деректерді жинаудың сандық және сапалық әдістері қолданылды, зерттеуге A2 деңгейіндегі 30 студент қатысты. Сандық мәліметтер сауалнаманың, сапалық-жартылай құрылымдалған сұхбат көмегімен алынды. Нәтижелер А2 деңгейіндегі студенттердің қарым-қатынасқа орташа дайын екендігін көрсетті. Ағылшын тілінде сөйлесуге дайындық деңгейінде статистикалық маңызды гендерлік айырмашылықтар табылған жоқ.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

140-147 412
Аннотация

Өнімдерді жеке тұтынушыға бейімдеу және қызметтерді жеке клиенттер талғамына сай түрлендірудің қазіргі тенденциялары тұтынушылар қажеттіліктерін егжей-тегжейлі талдау қажеттілігін туғызды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың дұрыс іріктелген сегменттеріне бағытталған бірегей ұсыныстар жасау үшін өте маңызды. Зерттеу ауқымы Орталық Қазақстанды, атап айтқанда Ұлытау өңірін қамтиды. Бұл эмпирикалық зерттеу сауалнамаға негізделген сандық зерттеу әдісі бойынша жүзеге асырылды. Сауалнамалар страталық кездейсоқ іріктеу әдісімен әлеуетті клиенттер арасында таратылды. Тұтынушылардың мінез-құлқындағы гендерлік айырмашылықтар SPSS.22 бағдарламасын қолдана отырып, T-test сараптамалық талдау әдісін қолдану арқылы тексерілді. Нәтижелер экотуризм мен экологиялық жауапкершілікке негізделген қонақжайлылық қызметтерге қатысты ерлер мен әйелдердің тұтынушылық сегменттері арасында айтарлықтай артықшылықтардың бар екенін және әр сегмент жеке маркетингтік тәсілді қажет ететіндігін көрсетті.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

149-157 376
Аннотация

Мақалада провинциялық Ресей университетінде оқитын орыс және түрікмен студенттерінің гендерлік менталитетіндегі ерлер мен әйелдер мінез-құлық нормаларын эмпирикалық зерттеу нәтижелері келтірілген. Бұл зерттеулер қазіргі студенттердің гендерлік нормалардың, оның ішінде дәстүрлі және эгалитарлық мінез-құлық модельдерінің аралас нұсқасын ұстанатындығын көрсетеді. Салыстырмалы талдау студенттердің жынысына және ұлтына байланысты қабылдауындағы статистикалық маңызды айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Респонденттер ер мінез-құлық нормаларына қатысты дәстүрлі көзқарастарды ұстануға бейім. Екі жыныстағы түрікмен студенттерінің көзқарастары консервативті болып шықты.

158-166 493
Аннотация

Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің метақұзыреттілігін қалыптастырудың жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті білім кеңестігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі - жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы білім алушылардың бойында шығармашылық ойлауы мен метақұзыреттілігі қалыптастасқан жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Қазіргі таңдағы басты мақсат білім беру жүйесіндегі білім мен біліктілікті тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігі, яғни, шешуші құзыреттілікке жетуді көздейді. Сонымен қатар, ойлау мәдениеті, ақпаратты синтездеу, талдау, танымдық әдістер мен құралдарды қолдану, зияткерлік даму, оқыту және өзін-өзі басқару, кәсіби біліктілікті арттыру студенттердің назарында болуы тиіс. Болашақ педагогтердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру ЖОО кәсіби маман даярлаудағы өзекті мәселесі ретінде қарастырылады.

167-176 510
Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі және бастауыш математикалық білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға студенттерді даярлау мәселесі қарастырылады. Авторлар педагогикалық феномен ретіндегі сабақтастықтың философиялық, психологиялық-педагогикалық мәнін анықтайды. ЖОО-нда педагогтарды кәсіби даярлаудың қолданыстағы теориялық базасы мен екі деңгейдегі сабақтастықты жүзеге асырудың табыстылығын анықтайтын әзірлемесінің болмауы болашақ мамандарды сабақтастықты жүзеге асыруға болашақ педагогтардың даярлығын қалыптастыру мәселесін анықтады. Мектепке дейінгі және бастауыш математикалық білім беруді табысты жүзеге асырудың алғышарттары студенттердің сабақтастықты жүзеге асыруға даярлық үдерісіне тікелей енуіне жағдайлар жасайтын арнайы түзілген шығармашылық, әдістемелік-математикалық тапсырмалар болды. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға болашақ педагогтардың даярлығының көрсеткіштері мен деңгейлері, сондай- ақ эксперимент жұмыстарының нәтижелері ұсынылды.

177-187 552
Аннотация

Мақалада қазіргі таңдағы педагогика және психология ғылымындағы өзекті мәселердің бірі - эмоционалдық қарым-қатынас отбасылық тәрбиенің негізгі факторы ретінде қарастырылады. Отбасылық тәрбие - бұл ата-аналардың белгілі бір қасиеттерді, іскерлікті қалыптастыру мақсатында жүзеге асыратын мақсатты, саналы түрде жүргізілетін фактор. Отбасының тәрбие тетігін нығайту негізінде отбасындағы ересектер дұрыс деп санайтын мінез-құлықты көтермелеп, белгіленген ережелер мен белгілі бір нормалар жүйесін енгізеді, оларды сақтап біртіндеп әдетке және ішкі қажеттілікке айналдырады. Сондай-ақ, отбасындағы сәйкестендіру тетігі - бала ата-аналарға еліктеп өседі, олардың іс-әрекетіне бағдарланып, ата- анасы сияқты болуға тырысады. Мақалада отбасындағы эмоционалдық қарым-қатынастың үш тобы мен ана тәрбиесінің екі стилі бөліп көрсетіледі және тұлғааралық эмоционалдық қатынастардың негізі түрлері қамтылған.

188-194 418
Аннотация

Мақалада болашақ мамандарды мектептегі қиын балалармен жұмысқа даярлау мәселелері қарастырылады. Авторлар университет оқу процесі жүйесіндегі болашақ маман даярлаудың мазмұны мен кезеңдерін ашады. Бұл болашақ педагог-психологтың девиантты мінез-құлқы оқушыларымен жұмыс жасауға дайындығын қалыптастырудың оңтайлы тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге авторлар девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыс жасау үшін болашақ педагог-психолог даярлығын қалыптастырудың теориялық моделін ұсынды. Оның мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік, бағалық- рефлексиялық компоненттері айқындалған. Болашақ педагог-психологтардың даярлық деңгейлері мен көрсеткіштері анықталған. Авторлық әдістеме мектеп психологының қиын жасөспірімдермен түзету- тәрбиелеу іс әрекет мазмұнын ұйымдастыру мен құрылымдауды жүзеге асыру үшін педагогикалық білім мен дағдыларын кезең-кезеңімен жетілдіруді қамтиды.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

196-208 640
Аннотация

1920-1940 жылдары Қазақстанның ұлттық композиторлық мектебінің қалыптасуы дәстүрлі және еуропалық музыканың өзара қарым-қатынасына негізделген стильдік құралдар кешенінің қалыптасуымен ерекшеленді. Бұл зерттеудің мақсаты - Еуразиялық идеялар, Еуразия халықтары мәдениеттерінің өзара әрекеті контекстінде ұлттық симфониялық стильдің қалыптасу процестерін ғылыми тұрғыдан түсіну болды. Салыстырмалы және музыкалық-стильдік талдау негізінде композиторлардың дәстүрлі ән және күймен жұмыс істеу әдістері салыстырылды. Егер дәстүрлі әндердің әуендері еуропалық музыкадағы үйлестікке негізделген әдіске ұқсас болса, онда күй мен ірі симфониялық формалардың алғашқы онжылдықтардағы қарым-қатынасы тек дәйексөздерде ғана емес, сонымен қатар күйдің үйлесімділігі, құрылымы мен формасының оркестрлік дыбысқа бейімделуінде, сондай-ақ музыкалық драматургияға ерекше көзқарасты қалыптастыруда көп қырлы көрінді. 1920-1940 жылдардағы симфониялық шығармалардың көркемдік мәнерлілік құралдары, тақырыптары, бағдарламалық-сюжеттік негізі Орталық Азиядағы Еуразиялық мәдениетаралық диалогтың дамуымен байланысты мәдениеттегі айқындаушы үрдістерді көрсетеді.

209-218 530
Аннотация

Әлем кинематографиясы мен қазақ киносы тарихының қалыптасуы әдебиетпен тығыз байланыста дамыды. Кино өнерінің бүгінгі таңдағы қарқынды дамуы әдебиет пен кино салаларының арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеп қарастыруда әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Мақалада авторлар Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі мен Дулат Исабековтің «Жаужүрек» пьесасының желісімен экрандалған толықметрлі «Балуан Шолақ» көркем фильмі сценарийінің бірнеше нұсқаларын негізге ала отырып, кешенді талдау жасайды. Зерттеу нысанына алынған әдебиет пен кино, театр салаларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата отырып, экранизация және оның түрлерін, соның ішінде қазақ киносының қалыптасуындағы айтулы экрандалған фильмдерге шолу жасайды. Авторлар «Балуан Шолақ» фильмнің көркемдік-идеялық мәнін ашудағы әдеби сценарийдің атқарған роліне, кино тілі мен көркемдік бейнелердің ашылуына, режиссерлік шешімдерге талдау жүргізеді.



ISSN 2306-5079 (Print)