Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

6-12 351
Аннотация

Көпжылдық зерттеулер қызылшаны егу уақытының арасында ұзақ мерзім сақталып отырса қызылшаның тамыржемісінің зардапталу қаупі төмен болады. Себебі ауру қоздырғыш түрлердің споралары, конидиялары азайып топырақ тазаланады. Шаруашылықтарда қызылшаны бұрынғы егілген орнына 1-2 жылда қайта егу жағдайында шіру процессі 78,9 пайызға жеткен. Шірудің аз мөлшерде болуы бұрынғы егілген орынға қайта 8 одан да көп жылдан кейін қайта өсіру кезінде байқалады. Яғни егістік қайта тазарған болды да, бұл жердегі шірудің сандық мөлшері 9,8 % -ыз болды. Нәтижесінде қызылшаның өнімі жоғарлады (334-425 ц/га).

13-18 387
Аннотация

Бүгiнгi тaңдa пeдaгoгикa ғылымының caлaлapы экoлoгиялық бiлiм мeн тәpбиeнiң ғылыми нeгiздepiн, ұcтaнымдapы мeн мiндeттepiн тoлық aнықтaуғa ұмтылудa. Экoлoгиялық бiлiм бepу дeгeнiмiз – aдaмзaт қaуымының, қoғaмның, тaбиғaттың жәнe қopшaғaн opтaның үйлecімділігінiң eң тиiмдi жoлдapын ұpпaққa түciндipу. Экoлoгиялық бiлiм бepу жeкe aдaмның экoлoгиялық мәдeниeтiн қaлыптacтыpудaн бacтaп, көпшiлiккe үздiкciз экoлoгиялық бiлiм бepудi қapacтыpaды. Мақалада бейорганикалық химия курсындағы «Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері
қарастырылған. Сонымен қатар бұл мақалада студенттерге «Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбын оқыту кезінде экологиялық білім мене тәрбиені қалыптастыру үшін бейорганикалық химияны оқытудың формасы мен терминдері көрсетілген.

19-24 350
Аннотация

Өсімдіктер организмінде ауыр металдардың артық мөлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды физиологиялық-биохимиялық процестерге қауіп төндіреді. Осыған сәйкес, мақалада күріш өсімдігі сорттарының биомассасының жинақталуына ауыр металдардың (кадмий-Cd, мыс-Си, мырыш-Zn) әсері зерттелді. Ауыр металдардың концентрациясы артқан сайын күріш өсімдігінің биомассасы тәуелді түрде төмендейді. Күріш өсімдігінің Титан, АйСауле сорттарының биомасса жиналуына ауыр металдар мыс пен мырышқа қарағанда кадмийдің әсері басым екені дәлелденді. Ауыр металдардың улы әсері төмендегі ретпен: кадмий > мыс > мырыш күшейетіні анықталды.

25-34 1282
Аннотация

Туристік әлеует пайдаланылған ресурстар көлемі, олардың құрылымы мен іске асыру мүмкіндіктері бойынша анықталады. Ол табиғи-климаттық ресурстардың (ресурстық әлеуеттің) болуы, білікті кадрлардың саны, оларды оқыту сапасы, қажетті ақпараттың саны мен сапасы, техникалық жабдықталу деңгейімен сипатталады. Экономикалық қызметтің кез-келген басқа саласы сияқты, туризм индустриясы – оның даму әлеуеті мен оның тиімділігіне байланысты өте күрделі жүйе. Қазақстанның бәсекеге қабілетті және табысты туристік индустрияны құру мүмкіндігі бар: елдің оңтайлы геосаяси жағдайы, саяси тұрақтылық, туристік және рекреациялық ресурстардың бірегейлігі, туристік және рекреациялық аймақтардың, табиғи ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлілігі.

Мақалада аумақтың туристік және рекреациялық әлеуетіне Атырау облысының мысалында баға беріледі,

Атырау облысының физикалық-географиялық жағдайы сипатталады. Атырау облысындағы рекреациялық аймақтардың территориялық ұйымдастырылуының сипаттамасы беріліп, болашақта даму аспектілері анықталған.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

35-40 339
Аннотация

Білім күрделі жүйе ретінде құрылымдық әдістермен дискретті түрде бағалануы тиіс. Бұл кезде өлшеу шкаласы өздігінен реттелу деңгейлеріне және таным үдерісінде игерілетін информация мөлшеріне сәйкес таңдалып құрылады. Мақалада синергетикалық заңдылықтардың негізінде өзіміз жасаған оқу танымдық іс-әрекеттерді бақылау мен бағалаудың жаңа жүйесі қарастырылған.

41-46 376
Аннотация

Жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін сызықты көпнүктелі шеттік есеп қарастырылады. Қарастырылып отырған есепті шешу үшін параметрлеу әдісі қолданылады. Жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін сызықты көпнүктелі шеттік есеп шеткі жәнеаралықты бөлунүктелерінде қосымша параметрлер енгізу арқылы параметрлі пара-пар шеттік есепке келтіріледі. Мақала жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін сызықты үшнүктелі шеттік есептің шешімін табу мысалымен сипатталады.

47-52 378
Аннотация

Бұл мақалада ақпаратты шифрлау және nm көлеміндегі шифрленген матрица мен оның түрлері қарастырылады. Шифрмәтiндi қалыптастыру үшiн хабар мәтiнiн баған бойынша кестенi толтырудан кейiн қатар бойынша кестенiң құрамы есептеледi. Егер шифрмәтiндi жетi әрiп бойынша тобымен жазып отырса, шифрланған хабар алынады. Шифрды ашу кезiнде iсәрекеттер керi ретпен орындалады. Мақалада келтірілген кілттердің ең тиімдісі кестенің өлшемін қолдану болып табылады.

ФИЛОЛОГИЯ 

53-58 346
Аннотация

Бұл жұмыста физиканы оқытуда қолданылатын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар қарастырылады. Ақпараттық технологиялардың білім беру саласынада қолданылуы болашақ оқытушыларды кәсіби даярлаудың мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру
түрлерін сапалы өзгертуге, білім беру жүйесінің қарқындатуы мен оқытудың сапасын арттыру әрекеттерін іске асырады. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде плазма физикасын оқыту барысында қолданып, студенттердің білім деңгейлерін
арттыруға және шығармашылық жұмыс істеу біліктіліктерін дамытуға үлес қосады. Физика сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын,
көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне қызығушылықты арттырады. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда студентке дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, студенттердің ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады.

60-65 596
Аннотация

Мақалада жазушының “Айқай” атты әңгімелер жинағы талқыланады. Жинаққа енген әңгімелерге жеке-жеке қысқаша сипаттама беріледі. Жазушы осы шығармалары арқылы сол кездегі отарлық жүйедегі қытай қоғамына қарата алқымына тығылған жан дауысын бар күшімен айтқысы келеді [1]. Алайда, аузын ашса, жан сарайы құлазып сала береді. Торыққан, әлжуаз халы мен жақсы күннен ешқашан үмітін үзбеген асқақ мұратын баяндайды.

66-69 393
Аннотация

Мақалада халықаралық фонетикалық әліппенің өзекті мәселелері баяндалады. Жазу тілдері болған жағдайда, ресми әліпбиде табылмаған арнайы белгілерді халықаралық фонетикалық әліппеден пайдалану қажет. Әртүрлі жазу жүйелерімен жазылған ежелгі мәтіндерді жариялау барысында ресми әліпбидегі белгілер жеткіліксіз. Атап айтқанда, сөйлеудің фонетикалық ерекшеліктерін транскрипциялауда арнайы белгілерді қолдану қажет. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін әртүрлі транскрипциялық жүйелер жасалады. Олардың ішінде, барлық танымал әлемдік тілдердің дыбыстарын көрсетуде дамыған халықаралық фонетикалық әліппе ең кең таралған жүйе болып табылады.

70-77 361
Аннотация

Мақалада жаңа латын жазуына негізделген қазақ әліпбиі мәселелері қарастырылады. Ы.Алтынсариннен бастап, бүгінге дейінгі әліпбидің өзекті мәселелеріне арналған еңбектер талданады. Тілдің жазылған әліпби жүйесі, о тілде сөйлейтін ұлттың мәдениет ортасының белгісі. Үңгірлердің қабырғаларына, тау жыныстарына сурет салумен бастап, уақыт өте келе дамыған жазба жүйелері, өз ерекшеліктеріне сәйкес бейнелер тұжырымдама жазба жүйелері (pictographic or ideographicsystems), буын жазба жүйелері (syllabaries), абжад жазба жүйелері (abjads) және әліпби жазба жүйелері (alphabets) ретінде жіктелген. Қазіргі уақытта тілді
жазбаға аудару үшін ең алдымен әліпби жазба жүйесімен буын және абжад жазба жүйелері қолданылады. Түріктер және қазақтар әртүрлі географиялардағы бір тілдің түрлерінде сөйлесуі болғанымен, емледе әртүрлі әліпбилерді қолданғандықтан, тікелей өздерінің жазу тілдері арқылы бір-бірінің мәліметерін пайдалана алмады. Мақалада қазақ, түрік тілдерінің фонетикасын зерттеген ғалымдардың эксперименталды жұмыстарының нәтижелері көрсетіледі.

78-83 434
Аннотация

Мақалада түркі халықтары көк бөріні аса жоғары дәрежеде қадір тұтқаны және қасиетті жануар санағаны жайында сөз етеді. Көк бөрі – түркі мифологиясында киелі ұғымдардың бірі. Мұның басты себебі шамандық, тотемдік түсініктерде жатыр. Мифологиялық сарындағы ертегілердің де негізігі арқауы – бөрінің адамдарға тылсым сиқыр әлемімен байланысы төңірегінде өрбиді.

85-89 378
Аннотация

Мақалада қай әдебиетте болмасын ақын-жазушылардың сирек қалам тартатын жанры - қанатты сөздер, яғни афоризмдердің көркемдік ерекшеліктері, құрылымы мен ой қуаттылығы туралы қарастырылады. Адамзат баласы жиырма бірінші ғасырға аттаған және де биік технология мен цифрлы дәуірге аяқ басқанына қарамастан, кітап ғасыры адами капиталды рухани жетілдірудің бірден бірі жолы ретінде өз құнын жойған жоқ. Сонымен бірге, әдеби жанрлар ішінде шағын көлемді көркем шығармалар мен бір қазан ойды бір қасық сөзбен жеткізуге қауқарлы, айтылуы көркем әрі ырғақты болып келетін сентенциялар, григерийлер, афоризмдер мен қанатты сөздер қашан да оқырман сұранысына еге болып келеді. Мемлекет көлеміндегі мыңдаған баспаханалардан шығып жатқан түрлі саладағы әдеби, ғылыми, мәдени еңбектерге, күніне толығып жататын ақпаратты басылымдарды қоссақ, интернет пен технология заманы саналатын XXI ғасырда оқырман назары әлі де кітапта екендігіне көз жеткізуге болады.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

91-96 346
Аннотация

Бүгінгі күнде қала мен ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейінде алшақтық бар және ол соңғы жылдарда өсіп келе жатыр. Әйелдер әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктен көбірек зардап шегеді. Авторлар қала және ауыл әйелдерінің өмір сүру сапасына салыстырмалы талдау жасайды және әлеуметтік практикада олардың нарық жағдайындағы олардың адаптациясын талқылайды. Өкінішке орай, бүгінгі күні мемлекеттің қаланы дамытуында, инфрақұрылымын дамытуына және базалық қызметтерге қолжетімділікке байланысты мәселелерді шешуге қатысты сұрақтарда гендерлік мәселелерді шешу толығымен қамтылмайды. Базалық инфрақұрылымның кемшіліктері әйелдерге де ерлерге де әсерін тигізеді және жобалардың дамытылуы кезінде бұл мәселелерді шешу нақты іске асырылуға тиіс. Негізгі қызметтерге қолжетімділік экономикалық факторларға, сонымен қатар баламаларды іздеуде әйелдер мен ерлердің рөлі, қызмет жеткіліксіз болған кезде, өз әсерін тигізеді, және әсіресе, әйелдерге инфрақұрылымның дамуы қаншалықты пайда әкелетініне назарымызды аударуымыз керек.

97-102 360
Аннотация

Мақалада постгендеризмнің қазіргі заманғы өзекті мәселелері қарастырылады. Алдымен, патриархаттық қоғам, феминизм, гендерлік саясат пен гендерология, одан соң неогендереология ілімдерінің эволюциясы туралы шолулар жасалады. Постгендеризмге сыни көзқарас ұстана отырып, автор оның шығу тегі мен негізгі сипатына онтологиялық және психоаналитикалық талдаулар жасайды. Постгендеризм идеясын қолдаушылардың мінез- бейнелерін атап көрсетеді. Автор постгендерлік комбинациялардың біздің ұлттық құндылықтарымызға сай келмейтіндігі туралы қортындыға келеді.

103-108 510
Аннотация

Бұл мақалада қазіргі кезде Қазақстанда әйелдерге байланысты мәселелердің зерттелу бағыттары қарастырылған. Экономикалық дағдарыс әйелдердің әлеуметтік, экономикалық әл ауқатын нашарлатып қана қоймай, ол әйелге байланысты басқа да жақтарына кері әсерін тигізетіндіктен гендерге байланысты тақырып өзекті болып отыр. Өтпелі кезеңде әйелдер мен ер адамдардың әлеуметтік-рөльдік қызметтері, әйелдердің қоғамда алатын орны біршама өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан қоғамда құндылықтар жүйесі патриархалдық стереотипті ескере отырып өзгерске ұшырады.

109-114 352
Аннотация

Мақалада «аутогогикалық» концептуалдық теорияны негіздеудің философиялық мәселелері талданған. Сол тұрғыдан жоғары оқу орындары жүйесінде оқытудың жаңа «аутодидактикалық» әдістемесін қолданудың актуальдылығы көрсетілген. Авторлық теория мен дидактиканың актуалдығы қоғамдық еңбектің үдемелі сапалы дамуымен байланысты қаралған. Ал бұл үдеріс, өз орайында, ғылыми дамудың шапшаңдауының объективті салдары болып табылады. Мұндай түбегейлі өзгеріс жоғары білім беру жүйелеріндегі бұрынғы сызықтық технологиямен оқытудың (СТО) орнына кредиттік технологиямен оқытуды (КТО) жүзеге асыру арқылы орынды болатыны негізделген. Бұл негіз ХХ-ХХI ғғ. тоғысында туындаған осы объективтік-тарихи қайшылықтарды анықтау мен соларды шешу керектігі Болон үдерісінде мойындалған.

115-119 355
Аннотация

ХІІІ ғасырдың басында Ұлы Дала жерін бір басқару жүйесіне ұйыстырған Моңғол мемлекеті пайда болды. Моңғол мемлекетінің ұлан-ғайыр жерлерді жаулап алуында сөзсіз 1206 жылы хан сайланған Шыңғыс ханның алар орны ерекше. Өз қарамағындағы халықтар мен негізгі жоспарын іске асырған әскерлерін жүйелі басқару үшін заңдарын қабылдап, өзара қарым-қатынастарын реттей алды. Осы мәселеге қатысты зерттеушілер Шыңғыс ханның қабылдаған «Яссы» заңдар жинағы «қарулы», «заң» дегенді білдіре отырып, бұл заңдар жинағының тұпнұсқада сақталмағандығын алға тартады. Шыңғыс ханның шапқыншылық соғыстарының жағымсыз тұстарымен қатар, болашақ қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына тигізген өзіндік әсерлері де болды.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

121-130 515
Аннотация

Мақалада елімізде және Ресейдегі білім сапасын бағалаудың проблемалары, әлемдік білім сапасын өлшеудің инструментарийлері және оларды қолданудың қажеттілігі мен маңызы жан- жақты қарастырылған. Ресейлік ғалым Н.Н. Найденованың білім берудің сапасын мультиплексті өлшеу әдісі және оның құрылымдық жүйесі берілген. Бүгінгі таңда білім беруді модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыруда пәнаралық сипаттағы білім берудің сапасын тәуелсіз бағалаудың болғаны қажеттілігін, бағалау жүйесінде қолданылатын инструментарийлердің үлгісін беруде талдау жүргізілген. Сонымен қатар, бағаға әсер ететін әлеуметтік және педагогикалық факторларды ескере отырып, объективті өлшенетін бағалауды беретін білім берудің сапасын бағалау үшін инструментарийлер қатарын қолданудың тәжірибесіне талдау жасалған. Халықаралық зерттеулер бойынша тестілеуге қатысатын оқушылардың алдына қойылған мақсат-міндеттерге сипаттама беріліп, пәнаралық байланыс негізінде оқу, математика және жаратылыстану пәндерінен сауаттылықты бағалау, ақпаратты қайта жаңғырту, интерпретациялау және рефлексиялау бойынша оқышылар дағдыларын бағалау тәсілдері баяндалады. Шет елдердегі және Ресейдегі білім берудің сапасын объективті өлшеудің қазіргі жүйелерінің дамуы, эвалюацияның конструктивистік парадигмасының аясында жүргізілген парадигмада инструментарийдің кемшіліктері мен оның әлсіз жақтары көрсетілген.

130-137 433
Аннотация

Мақалада «адамгершілік», «рух», «ішкі дүниесі» ұғымдарының мәні кеңінен ашылады. «Рухани-адамгершілік тәрбие» ұғымының анықтамасына негізделген сәйкес өлшемдер мен көрсеткіштер, деңгейлерден, мазмұндық, мотивациялық, процессуалдық компоненттерден құралған студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің құрылымдық моделі ұсынылып отыр. «Қарым-қатынастағы қазақэтноэтикеті» элективті курсының тақырыптық жоспары берілген. Курстың негізгі міндеттері: кәсіпкерлік мәдениеті негізгі бір бөлігі ретінде этикет негізгі аспектілерін анықтау, кәсіпкерлік қарым-қатынаста қолданылатын ең озық қазақтың этноэтикет үлгілерін қолдануды анықтау.

138-145 435
Аннотация

Мақалада ерекше көмекті қажет ететін балаларға ерте жастан көмек беруді ұйымдастыру, жанұяның түзету жұмыстарында алатын орны мен міндеттері және жұмыс жүргізудің кезеңдері, жанұяға кеңес жүргізу ережелері қарастырылған.

146-151 388
Аннотация

Мақалада жоғары оқу орындарында ритмопластикадағы қыймыл іс-әрекеттерді үйрену негіздері бойынша зерттеу әдістемесі қарастырылған. Ритмопластика сабақтарын өткізудің негізгі әдістерінің мүмкүншілігі мен тиімділігі анықталды. ЖОО оқитын студенттерге ритмопластикадағы тәжірибелік және әдістемесі жұмыстардың мазмұны әзірленген. Студенттердің психофизиологиялық қасиеттеріне ритмопластика әсерін сипаттайтын түпнұсқалық эксперименттік деректер алынды.

152-157 405
Аннотация

Мақалада мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қажеттіліктерінің ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері ұсынылған, және мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата- аналары инклюзивті білім беру қажеттіліктерін қағаттандыруға және тиісті қызмет пен білім беру шарттарына қаншалықты бағдарланғаны анықталды.Арнайы мектептерде оқытылудың артықшылықтарын экспериментке қатысушылардыңбарлығы көріп отыр. Біріншіден, бағдарлама да, оқыту қарқындылығы мен оқыту тәртібі де, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес екендігіаталып көрсетілген. Екіншіден, балалар мектептегі арнайы техникалық құралдардың және қондырғылардың болуымен қанағаттанады.Үшіншіден, балалар өмірлік және тұрмыстық дағдыларды, болашақ мамандыққа даярлықты жеткілікті дәрежеде аламыз деп ойлайды.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

159-164 314
Аннотация

Мақала жоғары сынып оқушыларының өмір сүру салтын қалыптастырудағы педагог оқытушылардың педагогикалық –ұйымдастырушылық мәселелеріне арналған. Сонымен қатар психология және педагогикадан материалдар сарапталады. Музыка мұғалімдеріне жоғары шығармашылық белестерге жету мақсатында жаңа инновациялық зерттеу әдістерін қолдану жолдары ұсынылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмыстарына іс шаралар тізбегі беріледі.

166-172 754
Аннотация

Мақалада хореографиялық ұжымның басшылығы талданады. Шығармашылық ұжымның қызметін басқару құралы ретінде басқарудың анықтамасы берілген және оларды қолдану ерекшеліктерді хоерографиялық ұжымның мысалында анықталған. Бұл жұмыс жаңа хореографиялық ұжымдардың пайда болуына және қалыптасуына қызығушылықтың айтарлықтай артуына байланысты. Қазіргі жағдайда хореографиялық ұжымды басқару және ұйымдастыру туралы білімге деген қажеттілік бар, яғни өнерді басқару әдістерін игеру. Мақала тәжірибеге бағдарланған сипатқа ие. Оның материалдары мұғалімдерге, ұйымдастырушыларға хореографиялық студиялар мен ужымдар басшыларына, сондай-ақ «хореография» және «әлеуметтік-мәдени қызмет» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге пайдалы болуы мүмкін.

173-178 433
Аннотация

Мақала – ғалым, педагог, музыкант Ә. Нұғымановаға арналған. Ол – шығармашылығы мол тұлға және қалық әндерді керемет орындаушысы. Көп жылдар бойы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты вокал пәні бойынша оқытушы және кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасаған. Ол, өзі жазған еңбектерінің көбісін қазақ әншілік дәстүрі негізінде балалар мен жеткеншектерді вокал тәрбиесің проблемаларын шешуге арнаған. Жалпы орта мектеп тәжірибесіне ұсынған өзінің балаларды вокалды тәрбиелеу әдістемесінің тиімділігі мен нәтижелілігі.

179-183 355
Аннотация

Мемлекетіміз қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған.

184-189 387
Аннотация

Мақала педагогикалық мамандықтар түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мәселелеріне арналған. Авторлар Канада университеттерінің кәсіби даму мектептерін ұйымдастыру тәжірибесін қарастыра отырып, солардың негізінде болашақ мұғалімдердің, тәжірибелі оқытушылар мен жоғары оқу орындары ұстаздарының тікелей ынтымақтастықта жүргізу мәселесін ұсынады.



ISSN 2306-5079 (Print)