Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

8-13 815
Аннотация

Оқу-далалық практикалар студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Қолданбалы биология және топырақтану негіздері» пәні бойынша оқу-далалық практика кезінде биология мамандығының студенттері тәжірибелік телімде ғылыми жұмыстарды орындауды, мәдени дақылды күтіп баптауды, агротехникалық тәсілдерді, тыңайтқыштарды оңтайлы қолдану, фенологиялық бақылау жүргізуді, дақылдың биомассасын анықтау әдістерін меңгереді. Өндірістік мақсатта тамшылатып суғару жүйесімен өсірілген күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктерімен, дақылды өндіруде су үнемдегіш агротехнологияның жұмыс істеу принципімен танысады. Оқу-далалық практика студенттердің танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытып, білімдерін кеңейтіп, зерттеушілік дағдыларын, біліктерін қалыптастырады.

14-18 340
Аннотация

Мақалада болашақ биолог мамандарды дайындауда көкөністерді зақымдайтын саңырауқұлақ түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелерін оқу үдерісінде қолданудың құрылымдық-мазмұндық жүйесі жасалынды. Білікті биолог маман дайындау мақсатында оқу үдерісін ұйымдастыру және нәтиже алу жолдары қарастырылды. Көкөністерді зақымдайтын саңырауқұлақ түрлері туралы білімін сапа көрсеткіштеріне сәйкес меңгерудегі компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері нақтыланды.

19-25 526
Аннотация

Географиялық орта қазіргі географияның басты ұғымдарының бірі және бұл ұғымды түсіндіру өте күрделі. Географиялық орта – кеңістік пен уақытта дамитын ашық динамикалық жүйе. Ол географиялық қабық эволюциясының нәтижесінде пайда болған және оны құрайтын негізгі құрамбөліктер тек кеңістіктен ғана емес, сонымен қатар өзара байланысты және тәуелді табиғат кешендері немесе элементтерден қалыптасқан. Географиялық ортаның әрбір элементі өзіне тән заңдылықтар негізінде қалыптасады және дамиды.

Географиялық орта – қоғам дамуының материалдық базасы. Қоғам дамыған сайын оның материалдық қажеттерін қамтамасыз ететін табиғат ортасы да кеңейе береді және функционалдық әртүрлілігі адамның, қоғамның өмір сүру сферасының арнайы нысандары болып табылады.

26-31 332
Аннотация

Бәсекеге қабілеттілік – бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде белгілі бір дәрежені қағаз жүзінде иеленумен емес, қазақстандық қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу. Сондықтан да Қазақстанның алдына әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену және орнығу өршіл міндеті қойылды. Осыны ескере отырып, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктердің мәліметтеріне негізделген елдің бәсекеге қабілеттілігін кешенді мониторингтеу мәселесі ерекше өзектілікке ие болды. Бәсекеге қабілеттіліктің жүргізілген мониторингінің нәтижелері, жаңа амал-тәсілдері ұсынылған, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштерін шет елдермен салыстыру арқылы талдап шығуға әрекет жасалған.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

33-37 353
Аннотация

Мақалада Индустрия 4.0 әсерінің мектеп физикасының тиімді оқытылуы және физика ғылымына қызығушылықты арттыруға ықпалы қарастырылған. «Төртінші өнеркәсіптік революция» ақылды машиналар мен жүйелерден ғана тұрмайды, оның спектрі аса кең. Жаңа технологиялар мен әмбебап инновациялардың өте жылдам тарауы. Төртінші өнеркәсіптік революцияның туындатар өзгерістерін сезіну және басқару тетіктерін саралау, қоғамды тұтастай даярлау секілді аталмыш өзгерістерді білім беру саласын дамытуда, жаһандану дәуіріндегі серпілісті жүзеге асыруда қолдану маңызды болып табылады. Физика ғылымы - осы өзгерістердің негізі. Сол себепті мектепте физика пәнін тиімді оқыту өркендеу заманының талаптарын орындаудың алғашқы баспалдақтарының бірі болмақ.

ФИЛОЛОГИЯ 

39-44 506
Аннотация

Мақалада тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы қаралады. Адамзат баласының дыбыстық тілі қоғам мүшелерінің бәріне ортақ коммуникация құралы болғандықтан, бүгінгі күндегі кейбір тілдік мәселелер тіл білімінің аясында шешілмей, басқа ғылымдармен арақатынасында белгілі болады. Тіл білімінің гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы ғылымдармен қарым-қатынасы бүгінгі лингвистиканың өзекті мәселелердің біріне айналып отырғандығын аңғартады. Күрделі мәтінге тілдік интерпретация жасау, қоғамда болып жатқан түрлі жағдайлардың тілге әсер етуі, тілдік коммуникацияда таңбаларды ажырату белгілері, дүниені тіл арқылы моделдеу, машиналық аударма жасау мәселелері, жасанды интеллект, сот істеріндегі шиеленісті мәселелер аталмыш мақалада сөз болады.Антропоөзектік бағыттың тіл біліміне әсер етуінен пайда болған психолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика сияқты пәндердің де қарастыратын мәселелері баяндалады.

45-50 342
Аннотация

Мақалада әлемдік тіл біліміндегі әдеби тілдің маңызы, қалыптасуы және даму жолдары қарастырылған. Ағылшын, түрік, қырғыз және қазақ тілдеріндегі әдеби тілдің даму барысы мен қалыптасу тарихы жан-жақты сараланған. Толық зерттей келе, әдеби тіл дегеніміз – сұрыпталған, орныққан, нормаланған, стильдік тармақтары сараланған, жалпыға түсінікті, ортақ, қарапайым тіл мен диалектіден жоғары тұратын тіл. Жалпыхалықтық тілдің жоғарғы формасы болып саналады деген тұжырымға келінді. Осы тақырыпқа қатысты әлемдік құнды зерттеулер негізге алынып, қазақ әдеби тілімен салыстыра отырып зерттелінді.

51-55 445
Аннотация

Мақалада көне тарихи мұрамыз Орхон-Енисей жазба ескерткішіндегі қазіргі қазақ әдеби тілінде кездесе бермейтін, мән-мазмұны ұмытыла бастаған жалқы есімдер қарастырылады. Көне жалқы есімдердің мән- мағынасы, шығу төркіні бұл күні жалпы қауымға белгісіз, тіптен түсініксіз келеді. Онимдерді зерттеу тек ғылымның тіл білімі саласы үшін емес, тарих, этнография, мәдениеттану секілді салалары үшін де өзекті. Ономастика – әр ұлттың, халықтың мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін танытатын ауқымды ғылыми сала. Сол себепті осы мақалада қазақ халқының түп тамыры түркілердің көне мұраларындағы антропонимдер зерттеу нысанына алынып отыр. Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі ономастикалық атауларды терең зерттеу, жинастыру, олардың семантикасын, лингвомәдени мазмұнын талдау секілді мәселелер сөз етіледі.

56-61 457
Аннотация

Бұл мақалада XX ғасырдың бас кезеңінде қазақ жерінде орын алған саяси, қоғамдық оқиғалар баяндалуымен қатар ол оқиғалардың бел ортасында жүрген зиялы қауым өкілдері Мағжан Жұмабаев пен Бейімбет Майлин туралы сөз болады. Нақтырақ айтсам, олардың отаршылдыққа наразылық тақырыбындағы шығармаларында орыс патшалығының құрсауындағы қазақтың тағдыры әр қырынан сипатталған. Осындай қиын заманда өз бастарына қауіп төнерін білсе де бұл тақырыптағы шығармаларын газет-журналдарда халыққа таратып отырғаны, әрі оны елдің санасын ояту мақсатымен жасағаны туралы жазылған. Өлеңдеріндегі, прозалық шығармаларындағы ұлттық рух, ұлтшылдық мәселелері сөз болып, өз заманында бұл тақырыпты қаншалықты көтере білгендігі де баяндалады. Шығармаларын жеке-жеке талдай отырып, әрбірінің қандай идеяға құрылғандығына басты назар аударылады және олардың қандай оқиғалармен байланысты жарық көргендігі де назардан тыс қалмаған.

62-66 324
Аннотация

Бұл мaқaлaдa қaзaқ хaлқының тaрихындaғы кeңec дәyiрiнeн бeргi жaзy үлгiciнiң өзгeрicтeрi мeн oны қaбылдayдың өзiндiк қaрaмa-қaйшылықтaры тyрaлы тaныcтырмaқпын.Қaзaқ хaлқы КCРO құрaмындa бoлғaн жылдaры жaзyды ayыcтырyғa бaйлaныcты eкi рeфoрмa жүзeгe acырылды. Бұл өзгeрicтeрдi aлдыңғы қaтaрлы интeллигeнция өкiлдeрi, түркi тiлдec хaлықтaрдың тiлдiк eрeкшeлiктeрiн ecкeрe oтырып тaрихи caрaптay жұмыcтaрын жaн- жaқты жүргiзiп рyхaни мәдeниeт caхынacынa лaтын әлiпбиiн әкeлдi. Хaлық aғaртy caлacының өкiлдeрi, қaлың бұхaрa aрacынa нacихaт жұмыcтaрын жүргiзe oтырып лaтын грaфикacын eнгiзyгe eлeyлi eңбeк eттi. 1940 жылы «Лaтындaндырылғaн» қaзaқ жaзyын oрыc грaфикacы нeгiзiндeгi жaңa әлiпбигe көшiрy тyрaлы зaң өз күшiнe eнгeн coң хaлық aрacынa oрыc грaфикacы (кириллицa) қoлдaныcқa eнe бacтaды. Лaтын әлiпбиiнe ayыcy eлiмiздiң әлeмдiк aрeнaдaғы бәceкeгe қaбiлeттiгiн aрттырa oтырып, дaмығaн eлдeрмeн жaқcы қaрым- қaтынac oрнaтyдaғы ықпaлы зoр бoлмaқ.

66-72 1200
Аннотация

Мақала Қазақстанның танымал ақындарының бірі - «вюджуднама» (поэзия дәуірінің) Жамбыл Жабаевты талдауға арналған. Автобиографиялық вюджуднама Ж.Жабаевтың арқасында біз оның өмірлік жағдайының егжей-тегжейін білеміз. Автор Ахмед Яссауидің және Жамбыл Жабаевтың автобиографиялық өлеңдерін салыстыра отырып, автор софистік бағыттың ерекшеліктерін Ахмед Яссауидің вюджуднаманда және Жамбыл Жабаевтың вюджуднамасындағы өмірбаяндық сипатта болуы мүмкін деген қорытындыға келеді. Шын мәнінде, түркі халықтарының вюджуднамында жалпы адам өміріне арналған өлеңдерден айырмашылығы, адам өмірінің жартысы сипатталған. Зерттеу барысында Жамбыл Жабаевтың мәтіні өмірлік процестерді зерттеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады.

73-78 403
Аннотация

Талаптан Ахметжан – қазақ әдебиетіндегі өз қолтаңбасын қалдырған қаламгерлердің бірі. Жазушы туындыларында ар-ұят, адамгершілік, намыс, адалдық сынды адам бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптеп, жат қылықтардың зияны жайлы оқиғалар баяндалған. Сонымен қатар, шығармалардағы Барақ баба және Қойлыбайдың қобызы жайлы аңыздарды кездестіреміз. Қаламгердің шығармаларынан діни сарындар мен мифологиялық құбылыстарды да кезіктіруге болады. Талаптан Ахметжанның «Тозақ оты», «Айсәуле» және «Нобель сыйлығы» әңгімелеріндегі діни және мифологиялық құбылыстарды ашып көрсетеміз.

79-85 443
Аннотация

Бұл мақалада Сәкен Жүнісовтің әңгімелерде кең орын алатын адамгершілік тақырып қарастырылады. Сәкен Жүнісовтің шығармашылығы қазақ әдебиетінің алтын қорда лайықты орын алады. Мораль, адамгершілік, ұлт мәселесі кез-келген ұлттың әдебиетінің ең үлкен және мәңгілік тақырыптарының бірі. Мораль тақырыбына үлес қосқан жазушылар тек моральдық және этикалық мәселелерді көтеріп қана қоймай, замандастарының рухани байлығы мен рухани сұлулығын мақтап қана қоймай, оларға және филистикалық кейіпкерлерге, адамдардың ұмтылысына қарсы тұрған теріс әрекеттерді сынға алды.

86-90 350
Аннотация

Қазақстанның үш тілде білім беру саясаты тиімді тілдік оқытуға басымдық береді, оның жету жолдарының бірі - тілдік оқыту стратегияларын қолдану. Мақалада ғалымдар қолданылатын техниканың толық мәнін жеткізуге тырысатын уақытқа байланысты өзгеретін тілдік оқыту стратегиясының әртүрлі анықтамалары берілген. Бұдан басқа, мақалада функцияларды және тілдік дағдыларды (сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау) сәйкес мысалдармен және түсініктемелермен тілдік оқыту стратегиясының жіктелуі бар.

91-95 452
Аннотация

Бұл мақалада ТЕД талк әңгімелерін шет ел тілі сабақтарында тиімді қолдану тәсілдері қарастырылған. Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде, яғни жүргізілген сауалнамалардың нәтижесінде ТЕД талқ құралын шет ел тілі сабақтарында оқушылардың тыңдау әрекетін дамытуға тиімді қолдану мүмкіндігіне қол жеткізілген.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

97-101 399
Аннотация

«Алаш» қозғалысының өкілдерінің бірі, көрнекті ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері – Жұмағали Тілеулин. Ол медицина саласындағы алғашқы қазақстандық мамандарының бірі, көз аурулары, жұқпалы аурулар еңбектерінің авторы. Ж.Тілеулин облыстық халық денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосқан, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан тарихында алғаш рет мектеп және басқа да мекемелер үшін қазақстандық мамандар даярлау курсын ұйымдастырушы. Сондай-ақ ол Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырған.

102-108 588
Аннотация

Сарапшылар әлеуметтік кәсіпкерліктің төрт негізгі сипаттамасын анықтады. Біріншісі, оның әлеуметтік әсері, яғни компанияның қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Екіншісі, инновациялармен толықтырылуы, яғни компания өз қызметінде жаңа және бірегей жұмыс әдістерін қолдануы керек. Үшіншіден, әлеуметтік кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылық белгілері болуы тиіс. Соңғы төртінші аспектісі – ауқымдылығы, яғни өзінің дағдыларын басқа компанияларға, нарықтарға, тіпті өзге елдерге беру мүмкіндігі. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» жаңа заңының қабылдануы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы шектеулерді жоюға әрі әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасауға әсер етеді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік кәсіпкерлердің санының артуына алып келеді. «Алматы – әлеуметтік кәсіпкерлік қаласы» идеясы аясында Алматы Менеджмент Университетіндегі Әлеуметтік кәсіпкерлік орталығының негізінде әлеуметтік кәсіпкерлікті «қолдау экожүйесі» құрылды.

109-113 332
Аннотация

Мақалада сенім түсінігіне тұжырымдалатын классикалық және қазіргі заманғы теориялар қарастырылған. Соңғы онжылдық постиндустриалды заманында сенім мәселесі қоғамның ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Э. Гидденстің және Т. Парсонстың әлеуметтанулық теориялары сенім мәселесін зерттейтін әлеуметтанушылар үшін идеялардың негізгі көзі болды. Дж. Клоумен және П. Штомка еңбектерінде сенім әлеуметтік капитал призмасы арқылы талданады. Қазіргі қоғамдағы индивидтердің арасындағы сенімді мінез-құлықтың кірігудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы қорытынды жасалынды.

114-122 379
Аннотация

Ғылыми мақалада халықаралық сайлау стандарттарының ұлттық сайлау заңнамасында қаллыптасудағы атқаратын қызметі қарастырылған. Халықаралық сайлау стандарттарының мәні мен мағнасы және қайнар көздеріне талдау жасау жасалынған. Әрекет ететін халықаралық стандарттардын Қазақстан Республикасы мен басқада шетелдердін сайлау заңнамасының қалыптасуына тигізген әсері мен олардын сақталуының қаматамасыз етілу мәселелері көтерілген. Тақырыпта көтерілген мәселені анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мен шетелдердін сайлау заңнамасына және ЕҚЫҰ Миссиясының сайлау заңнаманы жетілдіруге байланысты ұсыныстары қарастырылған.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

124-130 371
Аннотация

Мақалада Қазақстанның педагогикалық білім беру саласын модернизациялаудың ерекшеліктері, қазіргі педагогтың кәсіби құзыреттілігі жөнінде жазылған. Зерттеу жұмысында негізгі мәселелер көрсетіліп, студенттердің оқу әрекетін өзіндік ұйымдастырудың қажеттілігі және оның өзектілігі дәлелденген. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізіне өз әрекетін жоспарлай алуы, уақытын тиімді пайдалану және жоспарлауы, өз әрекетін өздігінен ұйымдастыруға практикалық тұрғыдан дайындығы жатады.Автор студенттердің өзіндік жұмыстарын, өзара қарым –қатынас RP-технологиялары арқылы ұйымдастыру мәселесін негіздейді, ол «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 1- курс студенттеріне «Артпедагогика» пәні бойынша өзіндік жұмыстардың практикалық мысалдарымен расталады.

131-135 515
Аннотация

Мақалада білім берудегі бағалау түрлері қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердегі бағалау мен Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі бағалау жүйесі салыстырмалы зерттелініп, оларға мониторинг жасалынған. Жалпы білім беретін мектептердегі бағалаудың тиімсіз жақтары талқыланған. Қазіргі таңда білім беру жүйесіне енгізетін өзгерістердің бірі ретінде бағалауға қажетті реформалы өзгерістер қажеттілігі талданады. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі Білім берудің кіріктірілген бағдарламасына енетін пәндер бойынша оқушының жетістіктерін бағалаудың бірнеше түрлері қамтылғаны нақты деректермен қамтылған.

136-140 759
Аннотация

Аталмыш мақала қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне қарқынды түрде еніп, талқыланып жатқан, үлкен назар аударуды қажет етіп отырған мәселе – оқу сауаттылығына арналған. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, көп жағдайда оқушылар алған білімдерін іс жүзінде қолданып, өмірмен сабақтастыра алмайды. Білім алушылардың функцианалды сауаттылықтарының төмендігі білім беру саласына жаңа өзгерістерді енгізуге негіз болды. Функционалды сауаттылық негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады: оқу сауаттылығы, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтары. Бұл мақалада функционалды сауаттылықтың негізі саналатын оқу сауаттылығының маңызы, оны мектепте қалыптастырып дамытудың әдіс-тәсілдері сөз етіледі. Зерттеу барысында саралау, жинақтау, талдау тәсілдері қолданылып, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруда тиімді болып табылатын тәсілдер келтіріледі.

141-147 383
Аннотация

Білім беру мекемелерінде жүзеге асатын бақылау (мониторинг) және бағалау студенттердің іс-
әрекеттеріне (оқу жетістіктерін бағалауға), оқытушылардың қызметтеріне (педагогтардың аттестациясына) және бүкіл білім беру мекемесіне (сертификаттау, аккредиттеу және т.б.) қатысты негізгі процестер болып табылады. Сонымен қатар, бақылау (мониторинг) және бағалау көбінесе жүйелік емес, дискретті сипатта болады және бақылау және бағалау процестері білім беру процесіне қатысушылардың шектеулі санының артықшылығы болып табылады. Осылайша, бақылау (мониторинг) және бағалау білім беру мекемесінің қызметін жетілдірудің міндетті шарты ғана болып табылмайды, сонымен қатар жүйелі түрде атқарылатын функцияға айналады. Нәтижесінде білім беру жүйесі сапа мониторингынің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Осы мақаламызда білім беру мониторингынің ғылыми-педагогикалық негіздеріне, яғни, «білім беру сапасы», «білім беру жүйесіндегі мониторинг», «педагогикалық мониторинг» сияқты ұғымдарға анықтама берген ғалымдардың еңбектерін қарастырып, сондай-ақ, университет студенттерін оқыту сапасының мониторингіне толығырақ тоқталамыз.

148-153 357
Аннотация

Аталмыш мақалада жастық шаққа аяқ басқан жасөспірімдерпдің суицидалды мінез-құлықтарының мәселесі қарастырылған. Сезімталдығымен ерекшеленетін жастық шаққа тән жас ерекшелік даму жағдайлары көрсетілген, өйткені дәл осы кезеңде адам өмірдің мәні турасында ой қозғап, оны бағалау мәселесінің қайта ұғынады. Негізінен, бұл ситуациялық-тұлғалық реакциялар, оны біздің айқындаушы әдіс-тәсілдер дәлелдеуде.

154-158 366
Аннотация

Бұл мaқaлaдa мeктeп жacынa дeйiнгi бaлaлaрды отaнcүйгiштiккe тәрбиeлeу - өз Oтaнынa дeгeн cүйicпeншiлiк ceзiмiн oятып, oғaн aдaл қызмeт жacaуғa, oны қoрғaуғa бaулу және осы мақсаттар бойынша жұмыс жасау. Туғaн eл тaрихы жәнe өз хaлқы мeн бacқa дa ұлыcтaрдың мәдeни мұрacын, caлттaры мeн дәcтүрлeрiн қacтeрлeу қaтынacын қaлыптacтыру. Жaлпы aдaмзaттық, ұлттық құндылықтaрды мeңгeругe тәрбиелеу. Жac ұрпaққa өз eлiмiздiң тaрихымeн тeрeңiрeк тaныcтыру және мәдени мұраны сақтауға тәрбиелеу. Өлкeмiздe әртүрлi зaмaндaрдa caлынғaн тaрихи мәдeни мұрa қызмeтiн зeрттeп бiлу; туып өcкeн жeрлeрiндeгi өлкeтaну мұрaжaйлaрынa caяхaттaр ұйымдacтыру; бaлaлaрғa eлiн, жeрiн cүйeтiн құндылық ceзiмдeрiн жeтiлдiрe oтырып, балалар архитектурасын жасату және жac ұрпaққa ұлттық, пaтриoттық тәрбиe бeру.Бacты мaқcaтымыз бoлашақ ұрпаққа мәдени мұра тарихын қалыптастырып, құндылықтарымызды бағалауға тәрбиелеу.

159-163 356
Аннотация

Мақалада ерте және мектепалды жастағы балаларды тәрбиелеу мен тәрбиелеудің маңыздылығы талқыланады. Автор ерте жастағы балалардың тәрбиелеу мен тәрбиелеу қажеттілігін талдайды. «Әлеуметтік дағдылар» түсінігі анықталды, оның мазмұны қарастырылды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру критерийлерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін ұсынылды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастырудың негізгі құралдары сипатталған.

164-171 381
Аннотация

Мақалада жалпы мектеп мұғалімдерінің инклюзивті оқыту жүйесіне дайындығы қарастырылады. Жалпы білім береттін мектепте инклюзивті оқытуды ұйымдастыру кезінде бірқатар қарама-қайшылықтар кездеседі. Осы мәселеде қоғамның әлі де инклюзивті оқыту жүйесін қабылдамауы және жалпы мектеп мұғалімдерінің дайындығының жеткіліксіздігі басым болып отыр. Бұл жағдай мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру тапсырмасымен байланысты. Мұнда шарты түрде бір сыныпта әртүрлі деңгейдегі білімді қажет ететін балалардың оқытылуына, мүмкіндігі шектеулі балалардың мұғаліммен және сыныптастарымен әрекеттестігіне, ата-аналардың өзіндік білім алуға көзқарастарын жатқызуға болады. the teacher and classmates, to self-education.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

173-177 502
Аннотация

Мақалада Бурят оюны түрлі түрлерін қолданудың этномәдени аспектілері қарастырылады. Бурят халықтық өнерінің өрнегі әртүрлі өнеркәсіп өнімдері мен өнер объектілерінің этникалық дизайнында кеңінен қолданылады. Қазіргі заман архитектурасы, қалалық интерьер, графикалық дизайн, декоративті өнер, костюмнің қолданбалы өнері, Бурят халықтарын безендіру сияқты салаларда кеңінен ұсынылған. Олардың кейбір элементтері басқа халықтардың сәндік формаларына ұқсас.

178-177 426
Аннотация

Мақалада автор отандық телевизиялық контент бағыты мен режиссураның маңызын сараптайды. Автор болашақ мамандарды дайындауда олардың телевизиялық өнімін өндіруге қатысудың маңызы зор екенін қорытындылайды. Мақалада телевизияның жаңа технологиялық стандарттарының жұмысы жайында деректер келтірілген. Қазақстандық көрермендердің цифрлық платформаларға көзқарасының түрлі аспектілерін сипаттайды. Сондай-ақ, отандық телеарналардағы сапалы контент өндіру мәселелері қарастырылған.

183-188 598
Аннотация

Теледидар экран өнері ретінде кинодан көптеген әдістерді өзіне пайдаланғанын ескерсек, бұл екі жанрдың арасында ортақ құбылыстар бар. Мұндай ұқсастықтың бастысы ретінде екеуінің де бір уақыт ұзақтығы және көлем категориясына қатысты белгілерін атауға болады. Мақаланың негізгі мақсаты екі жанрдың негізгі айырмашылықтарын ашу болып саналады. Бірі киноға, бірі теледидарға негізделгендіктен, оларда ерекшеліктердің болуы да заңды құбылыс.

189-194 545
Аннотация

Мақалада «Иван Грозный» атаулы балеттің хореографиясын талтау ұсынылады. Би лексикасы және оның мағынасы бөлек эпизодтарда, кейіпкерлер қасиеттерімен байланысында сипатталады. Кеңес және ресейлік өнертанушылар, Ю. Григоровичтің балеттерін зерттеген театр сыншыларының шығармаларынан үзінділер берілген. Ғалымдардың алдыңғы тәжірибесіне сүйеніп, автор спектакльдің әрбір бөлігіне тәуелсіз қорытынды жасауға тырысады. Бұдан басқа, балеттің музыкалық негізін құрудың тарихи негіздері қарастырылады. С.С. Прокофьевтің музыкасын таңдаған және бейімдеген композитор М. И.Чулакидің рөлі атап өтілді.

195-200 404
Аннотация

Мақалада халықтық сахналық биінің даму жолы қазіргі заманғы педагогикалық үдеріспен салыстыра отырып талданады. Қазақ билерін билеу арқылы өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға үйренсе, әр түрлі халық билерін билеу арқылы сол халықтың тарихын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін меңгеріп, республикамызда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиеленеді. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан халықтық шығармашылықты студенттердің бойына сіңіріп, мәдени мұраларды құрметтеп, көздің қарашығындай сақтауға үйрету - мәдениетті адамды қалыптастырудың маңызды шарты.

201-206 1518
Аннотация

Қазақстанның мәдениет тарихында театр ерекше орын алады. Мақалада қазақтың өткен тарихына көз тастап, төл тарихын түгендеу барысында сахнадағы қойылым оның сыртындағы қоғамның үнін жеткізу, сол арқылы көрерменіне ой тастап, адам жанын жақсылыққа баулу түсінігі туралы айтылады. Қойылымдағы шығармалар арқылы ұлттық рухқа, махаббат хикаялары арқылы адалдыққа, нәзіктікке, сезімталдыққа, әлеуметтік драмалар арқылы бауырмалдыққа, жаңашылдыққа құштарлықты оятуға тырысады. Сонымен қатар қазақ театрының қалыптасу кезеңдері сөз болады.

207-212 418
Аннотация

Мақалада балалар хорымен жұмыс жасаудағы инновациялық технологиялар қарастырылады. Сабақта айтылған инновациялық формалар мен жұмыс әдістері заманауи білім беру үрдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондықтан оларды БММ-де оқыту практикасына белсенді енгізу қажет, бірақ бұл ретте хор мәдениетінің үздік дәстүрлері рухында академиялық ән айту мектебін тәрбиелеудің маңыздылығын ұмытпау қажет.



ISSN 2306-5079 (Print)