Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

7-13 445
Аннотация

Мақалада Elaeagnus oxycarpa Schltdl дәрілік өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері сипатталды. Өсімдіктердің жер үсті бөлігінің көлденең кесіндісінің микрофотографиясы түсірілді. Өсімдік жапырағының морфометриялық өлшеулері жүргізілді. Студенттердің MCX100 бинокульярлық микроскопы арқылы зертханалық эксперименттер жүргізу дағдыларын қалыптастыруы сипатталды. Жұмыста пән бойынша студенттердің жоғары оқу деңгейін қамтамасыз ететін әдістемелік материалдардың нұсқаулары ұсынылды.

14-20 435
Аннотация

Мақалада қазіргі таңда ғылым мен білім беру үдерістерін интеграциялау басты назарда болып отыр. Қазіргі білім берудің моделі талаптарына жауап беретін тұлға қалыптастыру үшін білімгерлерді ғылымизерттеу жұмыстарына бағыттаудың маңызы зор. Зерттеу жұмысының барысында білімгерлерге арналған алдыңғы қатарлы жетекші мектептердің ғылыми зерттеудің спецификасы туралы жалпы көзқарасын қалыптастыру мақсатында олардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру кезеңдері талданды. Жүргізілген зерттеу жұмыстары білім алушылардың ғылыми білімін дамыту, зерттеу жүргізу әдістерін меңгеру нәтижесінде, оқыту үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын байланыстыру арқылы білім сапасын арттыруға негізделген. Зерттеу объектісі ретінде құрманың 3түрі (Зенжи-Мару, Хиакуме және Виргин) таңдап алынып, олардың күздік және жаздық мерзімдегі өнгіштігі зертханалық жағдайында анықталды. Құрма тұқымдары егудің алдында стратификациялау, термиялық өңдеу, тұқым қабығын механикалық бұзу, суға батырып қою әдістері қолданып өңделді.

21-26 485
Аннотация

Мақалада орта мектептегі биология пәні сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу материалының мазмұнын меңгерудің негізгі құралы ретінде пайдалану мәселесі - кез келген пәнге тән оқытудың жалпы әдістемесінің аспектісін анықтайды. Осыған байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кәсіби қызметте де, адам мәдениетінде де, арнайы білім беру процесінде де ерекше маңызға ие. Мақалада АКТ-ны оқу процесінде қолдану тиімділігін негізге ала отырып, биология пәні бойынша осы технологияны пайдаланып жүргізген сабақ жоспарлары келтірілген.

27-32 548
Аннотация

Мақалада білім беру үдерісінде кешенді тұрғыдан студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Аумақтың табиғаты, халқы және шаруашылығы экологиялық жағынан талданған. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті география және туризм кафедрасы студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастырудың оқу моделі - оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, нысандары, әдістері және білім беру құралдарынан тұратындығы айқындалған. Бұл модель студенттердің экологиялық мәдениетін тиімді түрде қалыптастыруға бағытталған шарттардан тұрады,олар:

- жұмыс оқу жоспарына болашақ мұғалімдердің экологиялық мәдениетін көтеретін пәндер енгізу; - студенттердің оқу іс-әрекеттерін жаңа білім беру бағдарламалары негізінде іске асыру;

- студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру пәндерінің мазмұнын, оқу үдерісін, студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарын экологиялық тұрғыдан қарастыру.

33-39 497
Аннотация

Интерактивті оқыту әдістерінің ішінде «Академиялық пікірталас», «Бірлескен ізденіс», «Тренинг» түрлері көп қолданылады. «Академиялық пікірталас» түріне байланысты Тибет таулы қыраты жер бедерінің ерекшелігі мен Кайлас тауы қарастырылды. «Бірлескен ізденіс» түрінде Ганьсу провинциясындағы ЧжаньеДанься ұлттық геопаркі, осы аймақтағы ерекше қалыптасқан ландшафттар және олардың қалыптасу себебін анықтау көрсетілді. «Оқытушы-компьютер-оқушы» жүйесі арасындағы оқыту бағдарламаларының көмегімен жүзеге асырылатын «Тренинг» түрінде Мейли қарлы шыңында Ерекше қалыптасқан «тасбақа сауытының көрінісіне сай тапсырмалар берілді.

40-44 500
Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде химияны оқыту кезінде өзін-өзі оқыту тәжірибесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік тәсілдері қарастырылады. Өзін-өзі оқыту және өзін-өзі бақылау тәжірибесін дамыту мен өздігінен білім алу біліктерін дамытуды қамтамасыз ететін әдістемені және оны іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге ерекше назар аударылды. Әдістемелік жұмыстың жалпы сипаттамасы, химияны оқу кезінде оқушылардың өздігінен білім алу біліктерінің дамуын зерттеу әдістемесінің сипаттамасы берілді.Өздігінен білім алу біліктерінің қалыптасу көрсеткіштері негізінде өздігінен білім алу біліктерінің қалыптасуының деңгейлері көрсетілді. Өзін-өзі оқыту тәжірибесін қалыптастыру мақсатын іске асыруда кейбір тапсырмаларды қолдану мысалдары келтірілді.

45-52 560
Аннотация

Бұл мақалада орта білім беру мектептеріндегі сыни ойлау тәжірибесіне әсер ететін әдістерді импровизациялауға негізделген практикалық әрекеттер қарастырылады. Сондай-ақ, орта мектеп оқушылары үшін химия саласындағы сыни ойлауды дамыту бойынша жаратылыстану ғылымдары мұғалімдерінің қызметі зерттелді. Мақалада сыни ойлауды анықтау, бағалау және зерттеудің негізгі концептуалды және әдіснамалық мәселелері, сондай-ақ балалардың шығармашылық және сыни ойлауын зерттеу үшін химиялық білімнің маңызы көрсетілді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушыға берер оң тұстары көрсетілді, сонымен бірге осы технологияның ерекшеліктері келтірілді. Инсерт, кластер және синквейн әдістерінің маңызы атап өтілді.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

53-60 431
Аннотация

Бұл жұмыста 18F (FDG) және 99mTc негізінде радиофармацевтикалық препараттар негізінде радионуклидті диагностикалау әдістерін қолдану бойынша зерттеулер нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері ПЭТ әдісі техникасының қатерлі ісік, асқазан-ішек жолдары, жүрек, жамбас мүшелерінің аурулары мен басқа да ауруларды диагностикалауда тиімді екенін көрсетті. Бұл әдістің артықшылығы – науқастың денесінде молекулалық белсенділіктің дәл суретін алуға болады, бұл аурудың пайда болуының бастапқы кезеңінде, денеде құрылымдық өзгерістер басталмай тұрып ерте анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыста қолданылатын ПЭТ/ КТ әдістері ағзаның анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, аурудың патологиялық ошақтардың жиналған жерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеулер қатерлі ісік ауруын анықтау үшін 18F (FDG) радиофармацевтикалық препараттарды қолданудың диагностикалық маңыздылығы және оның ағзаға жеңіл сірілетін глюкозаның құрылымына ұқас екенңімен түсіндіріледі. Қысқа мерізімді 99mTc технеций изомері негізінде жүргізілген зерттеулер, бұл изомердің жартылай ыдырау периодының қысқа мерізімділігі мен ағзадан жартылай шығу периоды қысқа мерізімді және тексерілетін адамның ағзасының саулығына тигізетин зияндылығы онша көп болмайтын мүмкіндікті көрсетті. Технеций 99mTc изомерінің қолдануы өте қысқа уақыт аралығында бұрынғы қаралған науқасты қайта қарауға мүмкіндік береді. Ол науқас ағзасына қосымша сәуле бермейді. Себебі, ол γ сәулесі, оның энергиясы аз, ену қабілеттілігі жоғары, яғни талдаудың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

61-71 462
Аннотация

Кез келген ғылымның тарихы оның даму қарқынын, эволюциясын, идеялар күресін, сондай-ақ осы ғылымның болашағын көрсетеді. Бізге де терең ой салған физика ғылымының мұражайындағы тарихтан сыр шертер экспонаттар еді. Мақала автордың Томск мемлекеттік университетіндегі іссапары негізінде жазылып, аталмыш оқу орнының ерекшеліктерінің бірі болған «Физика тарихының мұражайы» туралы деректермен таныстырады. Мақала материалдары мен экспонаттары туралы мұражай меңгерушісі Ида Николаевна Анохинаның құнды деректері негізінде жазылды.

72-79 455
Аннотация

Климаттың өзгеруі – қазіргі заманда әлемдегі кеңінен талқыланатын мәселелердің бірі. Бұл мәселеге газеттер мен журналдардағы жарияланымдар, телевизиялық хабарлар, ғалымдар мен саясаткерлердің пікірталастары арналған. Жаңарып тұратын энергия көздеріне көшу жалпы әлемдік үрдіс болып табылады және көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының кең саяси қолдауының нәтижесінде болып отыр. Осыған байланысты мақалада Қазақстанда жаңарып тұратын энергия көздерін пайдалану мәселелері, техника-экономикалық көрсеткіші жоғары Дарье жел турбинасының жаңа түрі НBI- ротор жел электр қондырғысының конструкциясы қарастырылған. Соңғы 20 жыл бойы парниктік әсердің деңгейін төмендету мақсатында жел энергиясын пайдалану жөнінен энтузиаст қазақстандық ғалымдар екі коаксиал орналасқан валдары бар, айналу өсі вертикаль орналасқан (Дарье типті) аппараттарды дайындап, жасауда.

80-86 421
Аннотация

Мақалада қатты денелердегі дыбыс жылдамдығын анықтау тәжірибесі көрсетілген. Жиілігі 1 МГц ультрадыбыстық сигналдың әртүрлі S ұзындықтағы полиакрил цилиндр арқылы тарау t уақыты есептеледі. Алынған мәндер S-t координатына графикке енгізіледі. Өту уақыты азая түседі. Ол пластина материалында дыбыс таралуы судағы дыбыс таралуымен ерекшеленетінін көруге болады.

87-92 504
Аннотация

Мақалада оқушыларды оқыту процесін оңтайландыру негізінде математикалық қызметті оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері баяндалады. Оқытудың теориясы мен практикасы бойынша отандық және шетелдік зерттеулерде оқыту процесін оңтайландыруға арналған бірқатар жұмыстарды талдау жүзеге асырылды. Оқыту процесін оңтайландыру педагогқа оқушыларды оқытудың құралдары мен әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Оқыту құралдары оқуға бөлінген уақыт шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің қойылған міндеттерін шешудің барынша мүмкін болатын тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс. Проблемалық жағдайларға сәйкес келетін математикалық қызметтің негізгі аспектілері анықталды. Математикалық есептер математикалық қызметті оқыту процесін оңтайландыру құралы ретінде әрекет етеді. Авторлар Математиканы оқыту процесін оңтайландыруға бағытталған міндетпен жұмыс істеу үлгісі келтіред.

93-98 563
Аннотация

Сындық бағалау білім берудің мазмұнын жаңарту үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның құрылымы мен ерекшеліктері бағалауға деген көзқарасты өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар тану үрдісін ұйымдастыруға жаңа элементтерді енгізуге мүміндік береді. Сындық бағалаудың негізгі құралының бірі- дескриптор болып табылады. Мақалада негізінен есептерді шешудің альтернативті дескрипторларын дайындау үрдісіне оқушылардың іс-әрекеттері қойылған математикадан оқу зерттеулерінің ерекшеліктері қарастырылған. Функциялардың графиктерін түрлендіру тақырыбын оқытуға арналған дескрипторларды дайындау үрдісінің сипаттамасы көрсетілген. Ұсынылған тәсіл оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді, себебі зерттеу қызметтерінің нәтижесі болып табылатын дескрипторлар тек қана өзін-өзі және өзара бағалауда ғана қолданылып қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың оқу жетістіктері жиынтық бағалауының негізіне қойылады.

99-105 520
Аннотация

Мақалада математикалық білім теориясы мен практикасының әдіснамалық қағидасы ретінде мәдени көзқарас ашып көрсетіліп, математикалық білімнің тарихи даму мәселелері қарастырылған. Авторлар ежелгі Шығыстағы математикалық ойлар мен ғылымды дамытудың тарихи кезеңін адамзаттың мәдени тәжірибесін таратушы құрал, тарихи-философиялық мұраның бір мысалы ретінде ұсынады. Мақалада математика мен математикалық білімнің адам және оның айналасындағы әлемнің арасындағы қарым-қатынасты, өзара тәуелділікті орнатуға мүмкіндік беретін құрал ретінде түсіну және айналадағы шындықты өзгерту арқылы әрекет етуге мүмкіндік беретін мәні ашылады. Нәтижесінде қоршаған әлемді өзгертудің жаңа тәсілдерін, мәдени құндылықтарды және ғылыми мұраларды игеру үдерісі мен қызметін қалыптастырады. Сонымен қатар авторлар математиканы оқытуда әдіснамалық принцип ретінде мәдени тәсілді пайдалануға әрекет жасайды.

106-111 592
Аннотация

Үздіксіз оқыту (LLL) азаматтарды Электротехниканың қазіргі заманғы білімдеріне тарту үшін шешуші мәнге ие. Рига техникалық университетінде инженерия ісі сияқты пәндерге нақты құзыреттермен қатар оқу жоспарларына интеграциялануы тиіс негізгі құзыреттіліктерді ұзақ мерзімді оқытудың жаңа бағдарламасы әзірленді. Студенттердің үздіксіз оқытуға деген өздерінің дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігін кеңейту үшін біз инженер мамандығының студенттеріне арналған «Электронды және оптикалық құралдар үшін өнеркәсіптік дизайн» жаңа бағдарламасын әзірледік. Үздіксіз оқыту пәндік шектеуді қамтиды, бұл бағдарламаны сауда, өндірістік компаниялар менеджерлері, техникалық қызметкерлер қабылдай алады.

112-118 448
Аннотация

Мақалада білім беру жүйесінің заманауи дамуының талабы ретінде электронды оқытудың түрлі формаларын енгізу қажеттілігі негізделеді. Moodle электронды оқытуды басқару жүйесі қарастырылды, ол оқытушының қандай да бір материалды орналастыруға ғана мүмкіндік бермейді, ал әрбір білім алушыға оқытушы және тыңдаушы болуға мүмкіндік береді. Оқытушы білім алушылармен жеке тәртіпте байланыса және олардың жеке қажеттіліктерімен жұмыс істей отырып, бір мезгілде білім алушылардың барлық тобының қызметін жалпы оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттайды. Конструкционизм қағидатына және оны іске асыру мүмкіндіктеріне назар аударылады. Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері мен оқытушылары үшін оқытушылар құрған курстардың әртүрлі құрылымдарының мысалдары келтіріледі. Колледж оқытушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігі негізделеді. Курста тыңдаушылардың белсенділігіне талдау жүргізілді және ұсынылды.

119-126 519
Аннотация

Мақалада техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерде кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беру процесінде қолданылатын оқытудың бағдарламалық және техникалық құралдарына шолу берілген. Студенттердің техникалық ойлауын дамыту үшін аппараттық-бағдарламалық кешендерді қолдануға және соның салдарынан техниканы түсіну қабілетін дамытуға, техникалық құрылғыларды әзірлеу мен құрастыруға, техникалық шығармашылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Оқу процесінде әртүрлі құралдарды, оның ішінде: LMS Moodle, Logisim бағдарламалық- графикалық ортасын, Tinkercad симуляторын және аппараттық: Arduino микроконтроллерсіз макеттік платада электрондық схемаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін Digital Trainer DT-01 тренажерін қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Студенттердің техникалық ойлауын дамыту үшін оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану мысалдары келтірілген. Оқу үрдісінде бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланудың артықшылықтары мен мәселелері анықталады.

ФИЛОЛОГИЯ 

128-134 772
Аннотация

Бәсекеге қабілетті маман дайындауда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру арқылы жетістіктерге жетуге болады. Студенттердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру қазіргі қоғам талаптарына сай маңызды мәселенің бірі ретінде танылуда. Студенттің әдістемелік құзыреттілігі оның кәсіби маңызы бар қасиеттерінің біріктірілген көрінісі ретінде берілген. Педагогикалық ЖОО-да оны қалыптастыру және бағалау тиімділігін арттыру жолдары, шарттары көрсетілген. Мақалада жоғары оқу орындарында студенттердің әдістемелік даярлығының негізгі компоненттерінің бірі кәсіби құзыреттілік қалыптастырудың өзекті мәселелері қарастырылады.

135-140 527
Аннотация

Мақала мақсаты - білім беру үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Интерактивті оқыту технологиясында қолданатын оқыту процесінің құрылымындағы кезеңдерді бөліп көрсету. Интерактивті әдістер студент тұлғасы дамуына, қабілетінің артуына айтарлықтай ықпал жасайды және қазіргі кезде білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі бағыт болып табылатындығын ашып көрсету. Сонымерн қатар мақалада С. Жүнісовтің әңгімелерін оқытуда студенттердің шығармаға деген қызығушылықтарын арттыру және өзіндік ізденістерін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды бірнеше кезеңдерге бөліп қолдануға болатындығы көрсетілген. Осыған байланысты оқу проблемасы ретінде С. Жүнісовтің әңгімелерін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы негізгі кейіпкерлердің образдық ерекшеліктерін, сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашуға интерактивті әдістердің тиімділігін атап көрсету.

141-146 668
Аннотация

Технологиялар өміріміздің маңызды бөлігі ғана емес, сондай-ақ көптеген қызмет салаларында табысқа жетудің кілті болып табылады. Білім беру саласы ерекше болып табылмайды, өйткені білім беру қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс және технологиялардың біздің өмірімізге үнемі күшейіп келе жатқан әсері сауаттылықтың жаңа түрінің - сандық сауаттылықтың пайда болуына алып келді, ол сандық ақпаратты табу, жасау және беру үшін қызмет етеді. "Сандық аборигендер" болып табылатын оқушылар жаңа буынының талаптарына сәйкес болу үшін педагогтар тек қана сандық сауаттылықты меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың сандық сауаттылығын дамыту мен оқытудың әдістері мен тәсілдерін білуі керек, демек, сандық сауаттылықты алу немесе арттыру мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақалада авторлар XXI ғасыр мектептері үшін сандық сауаттылықтың негізгі рөлін анықтайды және шет (ағылшын) тілі оқытушыларының үздіксіз кәсіби дамуы мен бастауыш дайындық үдерісінде технологияны ендіру жолдарын ұсынады.

147-153 503
Аннотация

Мақалада Қазақстанның үштілді білім беру саясатын дамытуға қатысты нормативтік құжаттарды, сондай-ақ білім беру процесінде саясатты іске асыру жолдарын анықтау мақсатында білім берудің тиісті деңгейлеріндегі мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптары қаралады және талданады. Жұмыста ұсынылған кесте Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттары мен бағыттары бойынша хронологиялық тұрғыда қабылданған және жүзеге асырылатын бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды талдайды. Авторлар білім беру жүйесінің көп тілді саясаты енгізілуінің тарихи негіздерін және оның білім деңгейін дамытуға оң әсерін анықтайды. Сондай-ақ, үш тілге қойылатын талаптар салыстырылды және талданды (жазбаша дағдыны пайдалану арқылы). Барлық үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бір уақытта дамытуға мүмкіндік беретін оқу жоспары мен әдістемесін әзірлеу қажеттілігі атап өтілді. Қазақстанның мектептерінде барлық үш тілде оқытудың әмбебап әдіснамасын жасау мүмкіндіктері туралы тұжырымдар негізінде жазбаша дағдыларды дамыту әдістемесі ұсынылады.

154-158 465
Аннотация

Бұл мақалада авторлар коммуникацияны бағдарлауды ұйымдастыруды қарастырады және тыңдау үшін қолданылатын мәтіндерді қарастыруға ұсыныс ұсынады. Байланыс процесіне лингвистикалық элементтерді біріктіретін минималды блок – бұл адрессивтік ақпаратты беру ғана емес, байланыс болып табылатын сөйлеу актісі. Сондықтан, байланыс бірлігі ретінде қарастырылатын аудио мәтін міндетті түрде белгілі бір коммуникативтік тізбекті қолданады, ол нақты коммуникативтік ниетін білдіреді және кез-келген мәтінге тән барлық сипаттамаларға ие. Аудио мәтіндерді шет тілінде түсінуді үйрену ауызекі сөйлесудің құрамдас бөлігі ретінде тыңдауды менгеруді қамтитын қарапайым , жетілдірілген және сонғы кезендерді қамтиды.Бірақ коммуникативті бағдар бүкіл білім беру үдерісіне тән болғандықтан, жалпылама сөйлесуді үйренип, нақты тыңдауды барлық сатыларда өткізу керек.

159-166 437
Аннотация

Бейдау өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік құрылысы - оның поэзиясының қауіпті болуының себептерінің бірі. Ол уақыт пен кеңістіктің әр түрлі үйлесімін пайдаланып, өлеңдердің ішкі кеңістігін әртараптандыруды жүзеге асырады, ал кескін кеңістігі қалпына келтіріліп, кескін өте күрделі құрастырылған,ол негізінен үш жолмен құрастырылған; біреуі - кеңістікті жасырын түрде кеңейту поэзиясындағы уақыттық нұсқа,екіншісі - шексіз созылу уақыты, кездейсоқ комбинациядан секірудің ғарыштық бейнесі, үшіншісі- уақыт қоқысы. Бейдау әлемдік поэзия жүйесін құру ерекше эстетикалық мағынаға ие.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

167-172 965
Аннотация

Мақалада XVIII ғ. ІІ жартысы – XIX ғ. басындағы Ресей империясының қазақ даласында болып өткен саяхатшылары мен зерттеушілерінің еңбектері қарастырылады. Авторлар Қазақстанды ғылыми зерттеуге үлес қосқан Ресей ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектеріне деректанулық талдау жасайды. Бұл ғылыми мақаланы жазу барысында XVIII ғ. ІІ жартысы – XIX ғ. басындағы қазақ даласы туралы жазған зерттеушілер еңбектерін Отан тарихының дереккөздері ретінде ашып сараптауды мақсат етеді. Қазақ даласын зерттеуге байланысты Ресей империясының елшілері мен шенеуніктері, екінші Академиялық экспедициясы қатысушылары жариялаған еңбектері, саяхатшылар күнделіктері, саудагерлердің қалдырған естеліктері, Ресей империясынан Қазақстанға жіберілген әскерилердің жол күнделіктері мен жазбаларына талдау жасалып, оларға тарих, география, этнография салаларының мәдени ескерткіші ретінде баға беріледі. Қорытынды бөлімінде Қазақстанның жаңа заман тарихын зерттеуде XVIII ғасырдың II жартысы – XIX ғ. басындағы Ресей саяхатшылары мен зерттеушілерінің еңбектері жоғары деңгейдегі құндылыққа ие екендігі тұжырымдалады.

173-177 531
Аннотация

Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық тәжірибесін зерделеу және оны одан әрі көбейту мен тарату мүмкіндігін талдау өзекті. Әлеуметтік кәсіпкерлікті кең ауқымды мемлекеттік қолдаудың негізгі кедергілерінің арасында әлеуметтік кәсіпорындар туралы заңнаманың және олардың қызметінің нормативтік-құқықтық негіздерінің болмауы, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпорынның белгілерін анықтайтын әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заңды қабылдау қажеттілігі қарастырылып отыр. Авторлар әлемнің дамыған елдерінде өзін көрсете білген әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі бизнес-үлгілерін анықтайды. Бұл мақалада Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және одан әрі дамыту үшін оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін арттыру, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік проблемаларын тиімді шешу мақсатындағы ұсынымдарды жүйелейді.

178-183 615
Аннотация

Мақалада Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан жаңа институт – медиация, оның ішінде отбасылық медиацияның нормативтік-құқықтық даму барысы зерттеледі. Автор зерттеу барысында отандық және шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып, талдау жасайды. Ең алдымен, жалпы медиацияның теориясына тоқтала отырып, қазіргі Қазақстандағы медиацияның жай-күйіне баса назар аударылады. Сонымен бірге, ҚР Медиация туралы Заңындағы медиацияның маңыздылығына және сотқа дейінгі отбасылық медиатордың қызметін сараптап, тараптар арасындағы дауды реттеу технологияларын жіктеп, талқылайды. Атап айтқанда, шетелдегі медиация тәжірибелеріне сүйене отырып, Қазақстандағы отбасылық медиация мәселелеріне тоқталады. Автор қазіргі қоғамдағы медиацияның ұлттық құндылықтарға сай екендігін және дәстүрлі тәсілдердің қолданысын да сөз етеді. Нормативтік-құқықтық жүйе – отбасылық медиацияның маңызды механизмі ретінде оның ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетеді. Сондай-ақ, еліміздегі отбасылық медиацияның нормативтік-құқықтық дамуының кемшіліктері мен жетістіктеріне, кейбір әлеуметтік мәселелеріне де тоқталады.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

184-190 968
Аннотация

Мақалада жоғары сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру және оны дамыту үдерісі туралы мәселе қарастырылады. Педагогикада зерттеушілік құзыреттілік әртүрлі тұғырлар тұрғысынан зерделенген. Авторлар жоғары сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың бағыттарын нақтылаған. «Зерттеушілік құзыреттіліктің» «зерттеушілік дағды», «зерттеушілік әрекет» ұғымдарымен байланысы тұжырымдалады. Оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту мысалдары келтірілген.

191-195 1000
Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан психология ғылымының даму бағыты мәселелері бойынша ҚР психология ғылымдарының дамуы мен қалыптасуына үлес қосып жүрген ірі маман Қ. Жарықбаевтың психологиялық ойлары қарастырылған. Қазақстандағы психологияның VІ-ХХІ ғ. аралығындағы дамуын төрт кезеңге бөліп, психологиялық ойлардың қалыптасуы және әр кезеңнің мазмұнды жақтары мен психологияның елімізде ғылым ретінде негізін қалаушы тұлғалар таныстырылған.

196-203 685
Аннотация

Мақалада білім беру жүйесінің мониторинг көрсеткіштері негізінде даму стратегияларын қалыптастыру мақсаттары үшін білім беру нақтылығын құру проблемасының шешімін талдау келтірілген. Ең алдымен, ұлттық білім беру жүйесінің стратегиялық даму жолдарын айқындау үшін болжамды негіз ретінде түйінді көрсеткіштер массивін қалыптастыру қажет болды. Бұл міндетті шешу үшін әртүрлі әдістер - қолданылады: дескриптивті, компаративті, темпоральды, корреляциялық, болжамдық және т.б. Нәтижелердің мысалы ретінде мониторингтік және стратегиялық шешімдерді қабылдаудың әкімшілік деңгейлері мен композиттік индекстердің кестесі келтірілген. Сондай-ақ, 2030 жаһандық білім беру моделі сипатталған. Зерттеудің эмпирикалық бөлігі: а) әр түрлі мониторинг негізінде оқыту сатылары бойынша болжамдар; б) мектеп мұғалімдерін сипаттайтын мониторинг көрсеткіштерін категориялау.

204-210 472
Аннотация

Мақалада педагогикалық университеттің бірінші курс студенттері мен оқытушы арасындағы қарымқатынас негізінде оқу үдерісін құру ерекшеліктері қарастырылады. Олардың ішінде: студенттердің оқуға дайындық деңгейін саралау негізінде оқу процесін құру, студенттің бағыттылығын және жеке оқыту стилін есепке алу.

211-217 843
Аннотация

Мақалада қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру аясында балалар дарындылығын дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдау қалай жүргізіледі. "Әлеуметтік стигматизация" және "оң стигматизация"ұғымдарының анықтамасы беріледі. Нақты мысалдарда авторлар модельді пайдалану стигматизацияны баланың өмірлік траекториясы үшін маңызды оң нысанға ауыстыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Стигматизация процесі педагогтың жеке тұлғасына және оның кәсіби дайындығына байланысты сипатталады. "Зерттеу туризмі" қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде балалар дарындылығын дамытуды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу моделі келтіріледі.

218-222 491
Аннотация

Білім мен зерттеулер өмір сапасын жақсартудың және экономикалық және әлеуметтік дамуды ынталандырудың маңызды факторлары болып табылатынын түсіну жоғары білім беруді дамытудың жаңа сын-қатерлерді күтуге байланысты тізбесі елден елге таралғанда ішінара өзгереді, бірақ олардың жалпы қаржылық, рекрутингтік, технологиялық мәселелері, бірінші кезекте, сапа стандарттары қазіргі заманның жаңа шарттары талаптарының сақталуына байланысты. Университеттер өздерінің экономикалық, саяси және демографиялық жағдайларда өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік беретін білім беру қызметіндегі монополиясын сақтағысы келеді, бірақ бұл әрқашан колжетімді бола бермейді. Бұған әлемнің академиялық кеңістігінде мемлекеттік шекарадан тыс жерлерде орналасқан әртүрлі университеттер арасындағы бәсекелестік дәлел бола алады. Білім беру саласындағы көптеген сарапшылар мен университет жетекшілері болашақта студенттер университеттерге қатысуды қазіргі жағдайдан гөрі жоғары бағалайды және университет ғылымы жасанды интеллект емес, ең алдымен адамдар дамытады деп сенеді. Жоғары білімді дамытудың тағы бір бағыты - кәсіби курстардың танымалдығының артуы және жаппай ашық онлайн курстар қызығушылықтың төмендеуі.

223-230 542
Аннотация

Мақалада білім сапасын басқару үшін Ұлттық мониторинг нәтижелерін түсіндірудің маңыздылығы мен 2018 және 2019 жылдардағы 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері талданды. Талдау әртүрлі кластерлер бойынша жасалды - мектеп, облыс, ауыл, қала деңгейлері ескерілді. ОЖСБ нәтижелерін өңдеу, түсіндіру және талдау барысында мақала авторлары ғылыми әдістермен қатар, өз тәжірибелерін де пайдаланды. Зеттеу барысында алынған нәтижелер білім беру саласының әртүрлі деңгейлеріндегі басшыларға, мұғалімдерге ұсынылады.

231-236 431
Аннотация

Мақалада эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша жас мамандардың көпшілігінде бастапқы мамандық таңдауы табысты болып, яғни мамандық бойынша немесе оған жақын мамандық бойынша жұмыс жасап жатқаны анықталды. Ер адамдардың құзыреттілік деңгейі сәл жоғары болғанымен, бірақ практикалық тәжірибе тапшылығын сезінетініні (қыздарға қарағанда жиі) дәйектелді. Еңбекті кәсіби-гендерлік бөлу дәстүрлі болып табылады. Жұмысқа орналасудың ең кеңінен тараған жолы - әлеуметтік байланыстар, таныстар. Бос орындар жәрмеңкесі, жұмыспен қамту қызметі сияқты жұмыспен қамту институттарының тиімділігі әзірше төмен болып отыр.

237-243 489
Аннотация

Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік тапсырысы кәсіптік білім беруді модернизациялауға, білім беру саласындағы мамандарды сапалы даярлауды жақсартуға бағытталған. Қазіргі кәсіптік білім беру алдында түлектердің біліктілігін арттыру, оларды оқытуды қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келтіру міндеті тұр. Психологиялық-педагогикалық мамандықтардың болашақ түлектері оқу орнының ақпараттықбілім беру ортасында, танымдық және білім беру процестеріне қатысушылардың желілік өзара әрекеттесу кеңістігінде жұмыс істеуге мәжбүр болады. Авторлар өз жұмыстарында «құзыреттілік», «ақпараттықкоммуникациялық құзыреттілік» ұғымдарының мәнін, олардың болашақ маманның дамуындағы рөлі мен маңыздылығын, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге шолу жасайды. Мақала жалпы және арнайы кәсіби құзіреттіліктердің психологиялық-педагогикалық бағытындағы болашақ мамандарды қалыптастыруға ықпал ететін мәселелерді шешуге бағытталған.

244-250 765
Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселесі, сондай-ақ балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың объективті алғышарттары қарастырылады. Мектепке дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлқының оң тәжірибесін алуда ойын, жобалау іс-әрекетін, ситуациялық-Имитациялық модельдеуді пайдалану тиімділігі негізделеді. Қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеудің практикалық тетігі, үй мен қоғамдағы тәртіп ережелері мен нормаларына қарапайым саналы көзқарасты қалыптастыру ұсынылған. Ересек жастағы балаларды жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қауіпсіздік мәдениетіне тарту әлеуметтік және мәдени тәжірибені: нормаларды, құндылықтар жүйесін, білімді, мінез-құлық және қарым-қатынас үлгілерін меңгеруге негізделген жеке даму процесі ретінде баланы әлеуметтендірудің қажетті және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

251-257 661
Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларының дамуын көрсететін шетелдік әдебиеттерге шолу жасалған. «Дағды», «әлеуметтік дағдылар» ұғымы, баланың базалық әлеуметтік дағдылары, олардың дамуына жәрдемдесетін қандай негізгі әдістер бар екендігі анықталған. Балалардың әлеуметтік өзара іс-әрекетіндегі психологиялық мәселелері, олардың қарым-қатынасы мен коммуникациясының ерекшеліктері, өзара іс-қимыл сапасын анықтайтын факторлар талқыланады. Әлеуметтік дағдылардың қалыптасуының негізгі кезеңдері, әлеуметтік дағдылардың қалыптасу деңгейі, балабақшадағы мектепке дейінгі баланың табысты әлеуметтік даму көрсеткіштері көрсетілген.

258-262 556
Аннотация

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының ойын іс-әрекетін оқу іс-әрекетімен ұштастыра отырып ағылшын тіліне үйретудің тиімділігі баяндалады. Себебі, кіші мектеп жасындағы балалардың жаңа нәрсені танып білуге деген қызығушылығы ерекше болады. Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен коммуникативтік (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдыларды қалыптастыру негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Авторлар сабақ барысында ойын элементтерін дұрыс ұйымдастырылуы қажет деп есептейді. Сабақта ойынның түрлерін қолдану барысында қажетті біліктіліктер мен оларды дамытудың жолдарын қарастырып, бастауыш сынып оқушыларының төрт коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың шарттарын анықтаған. Сондай ақ, ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудің теориялық аспектілерін жан-жақты ашып көрсеткен.

263-271 2921
Аннотация

Аталған мақалада қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі, екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының өскелең ұрпақ тәрбиесіне байланысты көзқарастары мен ой-пікірлерінің құндылығы көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада жастарға халықтық педагогика негізінде патриоттық тәрбие беру мәселелері қарастырылады. Бауыржан Момышұлының ұлттық педагогика арқылы жастарды тәрбиелеудің маңыздылығына көзқарастары, мысалдары келтіріледі. Халық педагогикасының тәжірибесі – патриоттық тәрбиенің негізі. Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу - бір күннің ісі емес, ол ұлттық идеологияға негізделген жағдайда ғана табысты болатындығы анық. Мақалада Б.Момышұлының ұл балалар мен ер азаматтың бойында ізгі қасиеттерді тәрбиелеу туралы ой-пікірлері баяндалып, «ұл бала, азамат, патриот тәрбиелеу» ұғымдарына түсінік беріледі.

272-280 650
Аннотация

Мақалада жаңартылған білім беру жағдайындағы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетінің мәселелері қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекеті жайында, осы жас ерекшелігіндегі сөйлеу дағдысының даму ерекшеліктері туралы айтылады. Сонымен қатар дұрыс дереккөздер мен жұмыс құралдары көрсетілген. Дереккөздер мен жұмыс әдістеріне тоқталып, олардың бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін белсенді етуіне психологиялық-педагогикалық талдау жасалынған. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкес, сөйлеу әрекетінің белсенділігі көрсетілген. Дереккөздермен жұмыс aрқылы сөйлеу әрекетiн дaмытудa дидaктикaлық ұстaнымдaр мaңызды орын aлaтындықтан, біз өз зерттеу жұмысының тaлaбы мен өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкес дидaктикaлық ұстaнымдaр жүйесiн бере алдық.

281-286 619
Аннотация

Бұл мақалада білім беру үдерісінде баланың әлеуметтік дағдылар жүйесін тиімді дамытуды бастауыш сынып оқушыларының сыртқы әлеммен белсенді қарым-қатынастарының оңтайлы бастамысы ретінде қарастырады және ұрпақтың табысты әлеуметтенуіне, өзін-өзі дамытуы мен тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіндігі айтылады. Бұл жас кезеңді әлеуметтік дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыратын әлеуметтік жүйе немесе кезең ретінде қарастырады. Себебі, дәл осы кезеңде баланың өзіндік мінез-құлық қасиеттері қалыптасып, қоршаған ортамен тиімді өзара қарым-қатынас жасауы жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдылар жүйесін дамытуда «жаңартылған білім берудің» маңызы өте жоғары. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ, сабақтан тыс іс-шаралар баланың әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, бала дамуының қосымша мүмкіндіктерін ашады. Осы мүмкіндіктерін ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдылар жүйесін дамытудың бірнеше ерекшеліктерін ұсынады.

287-292 554
Аннотация

Ғылыми мақалада құм терапиясы және құм подносында композиция құру арқылы адам бойында жасырын жатқан қиял мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға болатындығы жайында жазылған ғалым- зерттеушілердің тұжырымдамалары теориялық тұрғыда талданады. Құм терапиясы – бұл емдеу ғана емес, шығармашылық пен креативтіліктің, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігін, кез келген жағдайды шешуге көмектесе алатын арттерапияның бір түрі. Клиент құм подносында қандай да бір туынды жасай отырып, өзінің ішкі нышандары мен бағдарларын сыртқа шығарып, керісінше қажет болмаған дүниені өңдеуге мүмкіндік алады. Демек, құм терапиясы клиентке өз-өзіне шығармашылықпен қарауға мүмкіндік беретін шығармашылық акт, яғни құм алаңында композиция жасай отырып, ол өзін қалыптастырады. Соның нәтижесінде клиенттің тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілеттері бірге ашылатындығы туралы жан-жақты баяндалады.

293-301 486
Аннотация

Бұл мақалада Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығында білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларға Монтессори әдісі бойынша білім берудегі тәжірибе жайлы айтылады. Тәжірибе көрсеткендей, Монтессори әдісінің білім алуында ерекше қажеттілігі бар балардың дамуына қосар үлесі және маңыздылығы жоғары екеніне толықтай көз жеткіздік. Монтессори әдісінің балалардың дамуына қосар үлесі өте зор. Сол себептен де, осы әдісті дамыту, әр мектеп жасына дейінгі орталықтарға енгізуге аса мән берілсе, құба-құп болар еді. Балалармен жұмыс жасай отырып, бөлмеге қатысу ережелерін, олардың іс- әрекетін бақылау күнделігін, сонымен қатар, жаттығуларды өз беттерімен таңдауын белгілейтін сызбаны мақалада кесте ретінде көрсеттік.

302-306 578
Аннотация

Ғылыми мақала тақырыбының өзектілігі - біздің мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі, балаларды әлеуметтендіру проблемасы оның алдын алудың жүзеге асырылатын ықтимал жолдарын іздестіруді қажет ететіндігіне байланысты. Өзгерістер мен жаңа білімді меңгеруге, әлеуметтік бейімделудің табысты жүріп-тұруының негізгі және маңызды факторы отбасы болып табылады. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қоғамдық "рөл" туралы түсінігі отбасындағы өзара қарым-қатынас пен ата-аналардың педагогикалық мәдениеті сияқты психологиялық жайлылыққа байланысты. Баланың бейімделуінде психотравмалық жағдайда баланың қоршаған ортамен үйлесімді байланысын орнатуға кедергі келтіруі мүмкін, ата-аналардың жеке ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты әлеуметтік- психологиялық жұмыстың көптеген тұлғааралық жанжалдар мен ата-аналардың проблемаларын еңсеруге, олардың санасында олардың балаларының проблемаларын табысты шешуге мүмкіндік беретін жаңа дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру үшін қолайлы алғышарттар жасауға болатын нысандарын әзірлеу өзекті болып отыр.

307-313 451
Аннотация

Мақалада орташа жасы 17,2±0,81 жасты құраған әл-Фараби атындаңы ҚазҰУ 1 курс студенттерінің (n=174, оның ішінде 88 – бойжеткен, 86 – бозбала) морфофункционалды сипаттамаларын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Студенттердің дене дамуы деңгейін анықтау үшін антропометрия, физиометрия, индекстер әдістері қолданылды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер студенттердің дене дайындығының төмен деңгейде екендігін көрсетті. Алынған нәтижелерді дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыру барысында есепке алу арқылы осы жұмыстың тиімділігін арттыруға болады.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

315-320 824
Аннотация

Мақалада Қазақстан графикасының Ұлы даланың символдарымен өзара байланысы қарастырылады. Негізгі мәселе қазақ фольклорын безендірудің ерекше бейнелі құрылымын қалыптастыру қажеттілігінен туындайды. Е.М. Сидоркин, Н.Бубэ, Б.Аканаев, А.Састың шығармашылығын талдау барысында, қазақ халқының мәдени мұрасын пайдалануға экспрессивті-метафорикалық көзқараспен байланысты, кітап графикасындағы аң стилін пайдалану жолдары, ежелгі артефактілердің көркемдік, сонымен қатар рухани негіздерінің терең сезінген бейнесі анықталды.

321-326 531
Аннотация

Мақалада қазақ музыкасының көрнекті ғалым-этнографы А.В.Затаевичтің ұлттық ән мен күй мұраларын зерттеу жұмысын жүргізуіне қазақ театр актерлерінің қосқан үлесі қарастырылған. Халқымыздың мәдени тарихында өшпес із қалдырып, ұлттық топырақта өнген театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына мол еңбек сіңірген Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Ж.Шанин сынды өнер майталмандары А.В.Затаевич шығарған «Қазақтың 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән-күйі» деп аталатын зерттеу кітабына енген бірнеше әндерді, өз ауыздарымен орындап берген. Олардың әрқайсысы А.В.Затаевичке әр өлкенің ән-күйлерінің ерекшеліктері туралы көп мағлұматтар беріп, ұлтпен бірге мәңгі өмір сүретін рухани мұраны сақтауға қаншалықты сүбелі жұмыс жасағандары талданды. Нақты дәлелдерді келтіре отырып, әр актердің орындаушылық ерекшелігіне, ұлттық мәдениетіміздің тарихында алатын орнына тоқталған. Олардың шығармашылығы арқылы А.В.Затаевичтің музыкалық-эстетикалық көзқарасы жан-жақты қарастырылған.

327-330 512
Аннотация

Мақалада режиссерлік өнерді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары, жалпы режиссура бойынша жүйенің нақтылығы мен дәлдігі кең түрде ашылған. Режиссерлік өнер спектакльдің көркем шығармамен бүтіндей, толық қатыстылығы, оның барлық элементтері шығармашылық жолмен жасалатыны жайы толық ашылады. Спектакль барысында ұжымдық жұмысқа қатысушылардың да еңбегі жан-жақты айқындалады. Сонымен қатар режиссердің көркемдік-шығармашылық ісімен қатар әкімшілік-техникалық жұмысы да көрініс табады. Режиссер нақты мақсатқа өзінің шығармашылық ізденуі арқылы жетеді.

331-338 575
Аннотация

Арнайы қабілеттер мәселесі бойынша мақалада қысқаша теориялық жалпылау жүргізілуде. Музыкалық іс-әрекет және математика сабағында таным процестерінің (қабылдау,есте сақтау,ойлау) ерекшелігі ашылады. Музыкалық өзара әрекеттесуі және математикалық қабілеттерінің психофизиологиялық ерекшеліктері ашылды. Математикалық қабілеттерінің дамуында музыка өнерінің әсері дәлелденген. 

339-344 525
Аннотация

«Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша элективтік курс шеңберінде болашақ маманның арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға интегративті-модульдік тәсіл мәселесіне арналған. Интегративті тәсілді таңдау педагог-хореографтың орындаушылық дайындығының мақсаттарын, оның мазмұнын, сонымен қатар оқытудың формалары мен әдістерін біріктірумен анықталады. Модульдік дегеніміз - оқытудың мазмұны мақсатқа жетуге бағытталған тәуелсіз оқу блоктары түрінде ұсынылатын принцип. Модульдік принциптің негізі: бір модульге оқытудың әртүрлі типтері мен формаларын біріктіру, оқушылардың жеке білім алуға маманның шығармашылық дайындығы процесінде өздігінен білім алуға деген қажеттіліктерін дамыту. Модульдегі оқытудың түрлері мен формалары оқу курсының жалпы тақырыбына бағынады, ал студенттер білім пакеттерін оқу арқылы алады. Сонымен, интегративті-модульдік тәсіл ретінде біз студенттің танымдық және практикалық қызметінің ерекше түрін түсінеміз, ол маманның қалыптасу процесінің жеке және бір мезгілде технологиялығын қамтамасыз етеді.

345-348 492
Аннотация

Қазақстанда спорттық-бал билерінің жалпы көтерілуі мен дамуына байланысты бұл өнер түрінің жаттықтырушыларының педагогикалық қызметі де дами бастады. Жеке тұлғалар спорттық-бал билерінде ұйымдастырушылық-педагогикалық үдерістерге үлкен үлес қосқанын айта аламыз. Педагогикалық принциптерінде еуропалық және латын-американдық билерде жаппай білім беру үрдістері анық көрінді. Олардың идеялары мен жұмыс істеу әдістері Қазақстандағы жалпы хореографиялық өнерді дамыту үшін үлкен маңызға ие болды. Бұл мақалада Қазақстандағы спорттық-бал билерінің негізін қалаушылардың бірі, мұғалім мен жаттықтырушы, «Радуга» БСК жетекшісі Валентина Васильевна Евсеева туралы баяндалады. Балдық би шеберінің өмірбаяны мен «Радуга» БСК-ның қалыптасу және даму тарихы келтіріледі. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-дағы В.В. Евсееваның педагогикалық қызметі қарастырылады.

349-355 478
Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы медиамен байланысты факультеттер мен кафедралардың оқу үдерісіне гендерлік теңдік пәнін оқытудың мәселелері қарастырылады. Автор бұның себебі ретінде Қазақстан медиасындағы кең тараған сексист дискурстарды көрсетеді. Сонымен қатар зерттеуде Қазақстан медиасы редакцияларында жұмыс істейтін журналистердің гендерлік теңдік жағдайы да қарастырылады.



ISSN 2306-5079 (Print)