Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

8-14 422
Аннотация

Қазіргі уақытта ақпараттық қызметтің негізінде дәстүрлі және электрондық ақпарат көздері мен ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға маңызды рөл беріледі. Мұғалімнің ақпараттық іс-әрекетін қалыптастыру ақпараттық іскерліктің кең спектріне негізделген, сондықтан оларды тек қана компьютерді оқытудың техникалық құралы ретінде қолдану қабілетіне және биология бойынша оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жеткілікті түрде жетелеу жеткіліксіз. Ақпараттық құзыреттіліктің негізгі сипаттамалары ретінде кең мағынада ақпаратты тұрақты кеңейтілетін ақпараттық алаңда (Интернетті, электрондық кітапханаларды, деректер базасын және т.б. пайдалану) ақпаратты іздеудің (алудың), іріктеудің, қайта өңдеудің (талдау, синтездеу, қорыту), сақтау және берудің әмбебап тәсілдерін меңгеру ерекшеленеді. Мектептен бастау алған ақпараттық қызметті қалыптастыру процесі жалғасуда және кәсіптік білім беру жүйесінде біртіндеп күрделене түсуде, ЖОО-ны бітіргеннен кейін тоқтамайды, өйткені ақпараттық қоғамның даму жылдамдығы, барлық қызмет түрлеріне жаңа технологияларды енгізу қарқындылығы маманның ақпараттық ортада жұмыс істеуге дайындығын ұдайы арттыруды талап етеді. Зерттеудің мақсаты - биолог-студенттердің педагогикалық қызметтері бойынша түрлі функционалдық міндеттерін орындауға және ақпараттық ағымды бағдарлауға дайындық деңгейін анықтау. Бұл мақсатты шешу үшін «5В11300-Биология» мамандығының 2, 3 - курс студенттеріне сауалнама жүргізілді.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

16-21 413
Аннотация

Мақалада бейімдік мектепте математикалық анализ элементтерін саралап және даралап оқытудың тиімділігіне байланысты зерттеу нәтижелері беріледі. Оқушылардың өздігімен жасайтын көп деңгейлі тапсырмалар сыныпта қолайлы психологиялық климатты қалыптастыратынын көрсетеді. Күрделі қиындықтарды жеңу нәтижесінде пайда болған табыс когнитивті белсенділікті күшейтуге қуатты серпін беретіндігі айқындалады. Мектепте математика курсын оқытудың әдістемесін жетілдіру, оның ішінде математикалық анализ элементтерін саралап оқыту қажеттігіне әкеледі. Сонымен қатар, мақалада жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытуда бейімдік саралауды жүзеге асыратын жалпы талаптар айқындалған, деңгейлеп саралап оқытудың деңгейлері мен саралаудың түрлері баяндалады және бейімдік мектепте анықталмаған интеграл ұғымын енгізу ерекшелігін қарастыру арқылы оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру көрсетіледі.

22-28 462
Аннотация

Геометрияны тиімді оқыту мәселесі әлі күнге дейін педагогикалық ғылым үшін өзекті болып тұр. Сондықтан мектептегі білім берудегі заманауи беталыстарға сай болу үшін ол мәселелерді шешуде жаңа көзқарасты талап етеді. Мақалада теоремамен жұмыс істеу жүйесінің мазмұнды, субъективті және процессуалды компоненттерінің арасындағы байланыстар зерттеледі. Мектептегі геометрия курсындағы теоремамен жұмыс істеудің әр түрлі кезеңдеріндегі сыни ойлауды, топтық қарым-қатынасты және ақпараттық- коммуникациялық технологияларды жүзеге асыру технологияларының ерекшеліктері ашылады. Теоремамен жұмыс істеудің тиімді технологияларын жүзеге асырудың мысалдары келтірілген. Келтірілген тәсілдеме оқушылардың теоремалар мен олардың дәлелдеулерін мағыналы сезінуге көмектесетін геометрияның оқу үрдісін ұйымдастыруға, теоремамен жұмыс істеуді сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

29-34 391
Аннотация

Мақалада, өзіндік жұмыстардың мақсаты мен мазмұны анықталған. Математика пәніне деген оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында, өздік жұмыстарды қолданудың ерекшелігі көрсетілген. Оқушылардың жұмыстарына бағыт, бағдар берудің жолдары қарастырылған. Өздік жұмыстардың орындалуындағы мұғалімнің міндеті анықталған. Математика сабақтарында әртүрлі деңгейлі өздік жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары көрсетілген.

35-40 504
Аннотация

Мақалада шеттілін үйрену үдерісінде цифрлық білім беру контентін құрастыру мен оны қолдану мәселесі және ағылшын тілін үйрену үшін электрондық оқулықтар және компьютерлік мультимедиалық білім беру программаларын құрастырудағы отандық тәжірибе қарастырылады.

ФИЛОЛОГИЯ 

42-47 454
Аннотация

Мақалада «дүние бейнесі», концепт ұғымдарына қатысты зерттеулерге талдау жасалады. Концепт жіктелімі талданады. Мақаланың мақсаты - «тіл және таным» аспектісіндегі концепт және ұғым феномендерінің өзара айырмашылықтарын анықтау. Концепт адамның ойлау кодын таңбалайтын тірек бірлік ретінде танылады. Сондықтан концепт жүйесі шынайы әлемді танудағы адам түсінігінің «дүние бейнесін» құрайды. Концепт өрісі мен дүниенің ақиқат бейнесін тілде таңбалау мәселесі когнитивтік лингвистикада қарастырылады.

48-56 496
Аннотация

Мақалада қазақ және орыс тілдерін оқитын шетелдік студенттерге коммуникативті әрекеттерді үйретудің кейбір әдістемелік амалдары (жеке алғанда, ауызша сөйлеуге үйретуде тыңдалым мен сөйлесім оқытудың екі маңызды аспектісі ретінде) және коммуникативті қабілеттерін қалыптастыруға талдау жасау қарастырылады. Мақала авторлары педагогикалық қызмет сапасын жақсарту үшін сабақтарда қолданылатын инновациялық тиімді әдістер мен студенттердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіру үшін қажетті оқытудың жаңа тиімді амалдарын көрсетеді. Сондай-ақ, мақалада әр кезеңге сай қызықты дайындалған материал мазмұнын анықтап беруге тырысады. Нәтижесінде, авторлар жаңа оқу-әдістемелік материалдарды пайдалануды ұсынады.

57-63 458
Аннотация

Мақалада білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі, оның ішінде қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда компьютерлік бағдарламалардың қолданылу барысы айтылады. Мақала қазақ тілін үйретуде оқылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық- коммуникациялық технологиялар арқылы жасалған тапсырмалардың тиімділігін көрсетуді мақсат етеді. Осыған байланысты әр сөйлеу әрекеті мен сөздік қорды дамытудағы компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалған тапсырма мен ойын үлгілері беріліп, тиімділігі көрсетіледі. Оның ішінде тапсырмаларды түрлендіруде Learning Apps, Kahoot бағдарламаларының ұтымды тұстары қарастырылып, жан жақты сипатталады. Қазіргі қоғам сұранысына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тілді оқытудағы маңызы талданады.

64-69 589
Аннотация

Бұл мақалада қарымды қаламгер Бексұлтан Нұржекеұлының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне арнаған «Әй, дүние-ай!» романы жөнінде айтылған. Сол заманның әлеуметтік жай-күйі, қазақ даласында орын алған тарихи оқиғаның жай-жапсары, өзге ұлттың боданы болған қорғансыз халықтың қасіреті суреттелген. Аталған оқиғаларға шығармадан орын беруіндегі жазушының идеясы ашып айтылады. Романда ойып тұрып орын алатын әр кейіпкерге қысқаша сипаттама берілген. Қаламгердің жазу стилі, романның көркемдік қуаты, романдағы артықшылықтары мен кемшіліктеріне баса назар аударылды. Негізгі ерекшеліктерінің бірі болып көрінген, сөздердің жазылуындағы дұрыс нұсқа деп санайтын грамматикалық өзгешеліктер туралы жазылған. Сондай-ақ, автордың шығарма кейіпкерлері арқылы берген ұлттың характеріне талдау жасалған.

70-75 1006
Аннотация

Мақалада ХVІІІ ғасырдағы Елек пен Жайық бойын мекендеген қазақ халқының хал-жағдайы мен ауыр тұрмысы суреттелген Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романы туралы айтылады. Елдің жағдайына алаңдап аянбай күрес жүргізген Сырым батыр бейнесін толықтыратын тарихи деректер келтіріліп романдағы оқиғалардың ақиқаттығы зерттеліп, зерделенеді. Патшалық Ресейге бағынып, оның отарына айналған қазақ халқының тар кезеңге тап болғаны тарихи негізде нанымды суреттелген. Батыр бейнесін сомдауда өзіне дейін жазылған шығармаларды назарда ұстап қана қоймай, батыр өміріне қатысты негізгі оқиғаларды іріктеп алуға ден қойған жазушының шеберлік қыры мақалада ашық көрініс тапқан. Қазақ деген халықтың ел айтып жүргендей көшпелі, жабайы халық емес екендігін басқа халықтардың да мойындаған мысалдар арқылы көптеп келтіріледі.

76-80 425
Аннотация

Зерттеудің бастауында ауызекі әңгімелердің құрылымы, халық прозасының өзгеде жанрларымен арақатынасы, таралу аясы, өзіндік ғылыми сипаты, нақты тарихи оқиғаларға қатыстылығы, олардың тарихи тұлғалар өмірдеректерін қалыптастырудағы маңызы сөз болады. Ауызекі әңгімелердің сюжеттері жаңа замандағы, бергі оқиғаларды қамтыитындықтан және зерттеудің көлемі шығын болу себепті оның негізгі ғылыми нысанасына қазақ жеріндегі алғашқы кен орындарының бірі Қарағанды көмір өндірісінің Қазан төңкерісіне дейінгі, кеңестік кезеңіндегі тарихи оқиғаларға қатысты, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске белсенді түрде қатысқан, ауыр зұлматы басынан кешірген адамдар туралы, ұлы Абай өмірінің кейбір тұстарын көрсететін, оның адамгершілік қасиеттерін айқындайтын туындылар алынып, Қазақстан тарихында беймәлім болып келген кейбір тарихи деректер ғылыми айналымға түсірілді.

81-85 872
Аннотация

Мақала түркі әлемінің ойшылы, сөз зергері, ортағасырдың ұлы ақыны Әлішер Науаидың лингвистикалық трактаты «Мухәкәмәтул-луғәтәйн» (Екі тілдің таласы) шығармасына арналады. Әлішер Науаидың түркі тілі мен парсы тілін бір-бірін салыстыру арқылы түркі тілінің үстемдігін көрсету мақсатында жазылған шығармасы еді. Шағатай тілінде жазылған «Мухәкәмәтул-луғәтәйн» еңбегі әлем ғалымдарының
қызығушылығын тудырған. Осы мақалада бұл шығарма төңірегінде жасалған аудармалар мен зерттеулерге шолу жасалады.  

86-89 453
Аннотация

Мақалада Тәуелсіз Қазақстандағы өзбек ақындарының өлеңдері халықтық тәлім-тәрбие негізі ретінде дидактикалық – философиялық тұрғыдан талданады. Ақындардың дидактикалық мазмұндағы туындыларындағы халықтық философия, педагогика, мораль, этика мәселелері баяндалады. Халықтық көркемдік және эстетикалық түсініктер, сан ғасырлар бойы жинақталған білік, ақыл, тәжірибе, әдет-ғұрып, тұрмыс-салттағы жарқын дәстүрлер әңгімеленеді. Қазақстандағы өзбек ақындарының дидактикалық- философиялық өлеңдері әлемдік сөз өнерінің дидактикалық сипаттағы шығармаларын, ата-бабалардан кейінгі ұрпақтарға жалғасатын тәлім-тәрбиелік дүниетанымын қалыптастыруға, дамытуға өз үлесін қосуда.

90-96 487
Аннотация

Бұл мақалада Иран-Тұран тарихи қатынастары, түркі халықтары мен Иран жеріндегі халықтардың байланыстары мен сол байланыс барысында бір-біріне тигізген лингвистикалық әсерлері баяндалады. Мақалада парсы тілінде жиі кездесетін, қолданылу аясынан әлі шыға қоймаған түркі сөздері берілген. Парсы тіліндегі түркизмдерге жалпы түсініктеме беріліп, олардың аудармалары көрсетілген. Парсы тіліндегі түркизмдердің қолданылу аясы мен ерекшеліктеріне тоқталған. Зерттеу барысында алға қойған мақсат- міндеттерді шешу үшін негізгі дереккөздерді жинау, жүйелеу, талдау, қорыту және салыстыру әдістері,тарихи- салыстырмалы, салғастыру тәсілі қолданылды.

97-103 466
Аннотация

Мақалада әдебиеттің «көркем әлемі» түсінігі талқыланады. Қазақстандағы көркемдік әлемінің қазіргі жай-күйін талдау қарастырылған. Тәуелсіздік кезеңіндегі постмодернистік хаттардың негізгі мәтіндері келтірілген. Постмодерн дәуіріндегі отбасының әлеміндегі жаһандық өзгерістерге әкелетін негізгі тақырыптар мен себептер анықталды. Постмодернизмге тән ерекшеліктерді тізімдейді. Постмодерндік отбасының әлеміндегі жаһандық өзгерістерге әкелген әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени процестердің аттары аталған.

104-112 473
Аннотация

Бұл мақала орыс тілін шет тілі ретінде оқыту сабағында оқылған мәтін негізінде сөйлеуге үйрету мәселесіне арналған. Авторлар тақырыптық мәтіні бар материалдар бойынша лексика-грамматикалық моделдердің негізінде оқытудың бастауыш деңгейіндегі шетелдік студенттердің ауызша сөйлеуін дамыту әдістері мен тәсілдерін қарастырады. Тіл үйренушілер мәтінмен жұмыс істей алуға, мәтінді қысқартуға, мәтіндегі негізгіні таба білуіне, одан кейін оны айтып шығуға үйрену керек. Мақалада А1 және А2 деңгейлеріндегі тіл үйренушілердің монологиялық сөйлеуін дамытуға және қалыптастыруға тапсырмалар көрсетілген. Авторлар шетелдік студенттермен жұмыс істеу тәжірибесіне сүйенеді. Мақаланы тәжірибеде қолдануға болады, оқытудың бастауыш деңгейінде орыс тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған оқу құралын дайындауда қолдануға болады.

113-118 447
Аннотация

Мақалада кәсіптік ағылшын тілінде терминологияны оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану принциптерін қарастырады. Зерттеудің мақсаты терминдерді жаттаудың жаңа бір мүмкіндігі Quizlet интернет-ресурсын ойын элементтерімен үйретуге мүмкіндік беретінін (жылу энергетика саласының терминдері) құрал ретінде қарастыру болып табылады. Жалпы ғылыми индуктивтi әдісті пайдалану (қарапайымдан кешенге дейiнгi бағыт бойынша оқу материалын орналастыру және талдау) Quizlet негiзiндегi әдiстердiң әртүрлiлiгi және осы ресурстың маңызды ынталандырушы әлеуетiн көрсетуге мүмкiндiк бередi.

119-123 491
Аннотация

Мақалада оқытудағы мәдениетаралық құзырлылықтың негізгі мәселелері қарастырылған. Жаһандану дәуірінде мәдениетаралық құзырлылықтың өзекті мәселелерінің бірі оларды оқытуда трансформациялау болып табылады. Сыныпта әртүрлі мәдени құндылықтарға ие оқушылар бар және олар өздерінің басқа адамдармен қарым-қатынастарында этносаралық шиеленісті тудыруға деген ұмтылыстарға, олардың иелік етуін арттыруға әкеліп соқтыратын кемшілік, кемсітушілік сезімін сезінуі мүмкін. Мұғалімдер тұрақтылықты қалыптастырып, мәдениетаралық құзырлылықты дұрыс меңгеру керек. Осылайша, мәдениетаралық қарым-қатынас - бір-біріне төзімділік пен сөйлесу қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру арқылы этникалық топтардың қауіпсіз және жанжалсыз өзара әрекеттесу мәселесін зерттеудегі мәдениетаралық құзыреттілік құрамдас бөліктерінің бірі.

124-128 416
Аннотация

Авторлар қашықтықтан оқытудың маңыздын, заманауи білім берудегі маңызы мен оның болашағын анықтайды. Авторлар тілдік емес жоғары оқу орындарының студенттеріне электрондық оқулықтарды құрастыру тақырыбын қозғайды. Мақалада құрал-жабдық болып табылытын компьютерлік бағдарламаны енгізу тақырыбы айтылады. Қашықтықтан оқыту курсы талқыланады, оның компоненттері талданады. Шет тілінің қашықтағы курсының мазмұнын таңдау мен құрылымдау ерекшелегі көрсетілген.

129-133 537
Аннотация

Қазіргі таңда Қазақстандағы білімнің интеграциялануына байланысты ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілік тұжырымдамасы өзекті болып табылады. Коммуникативтік құзыреттілік - тілді дұрыс қолданудағы коммуникативтік қабілеттер мен дағдылар, сондай-ақ ақпарат алмасу мен мектеп қабырғасынан тыс бір-бірін түсінуді қамтитын әлеуметтік-мәдени білімдер жиынтығы. Коммуникативтік құзыреттілік мазмұнына қатысты лингвист ғалымдар мен педагогтар арасында ортақ пікір бар, алайда коммуникативтік қабілеттер бойынша зерттеу жұмысын жүргізгенге дейін коммуникативтік құзыреттілік тұжырымдамасын жан жақты талдау қажет. Бұл мақалада коммуникативтік құзыреттіліктұжырымдамасын терең талдау қарастырылған, ол кейіннен шет тілін оқыту жағдайында тиімді деп саналатын коммуникативтік құзыреттілік модельдерін қарастырады. Осы модельдер негізінде қазіргі тұжырымның негізгі рөлін түсінуге көмектесетін салыстырмалы талдау бар.

134-140 732
Аннотация

Бұл мақалада Д.Бруннердің тұжырымдамасын қолдану тәсілдері, Л.С. Выготский енгізген жақын арадағы даму аймағынан өтуге көмектесетін «көпір» түрлерінің түсінігі сипатталады. Әрбір оқушының жақын даму аймағын ескере отырып, оқыту білім алушының бастапқы білімдеріне, тілдік материалды меңгеру жылдамдығына, әрбір білім алушының жеке-жеке меңгеру ерекшеліктеріне негізделетіндей оқыту бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Мақаланың өзектілігі – Қазақстанда инклюзивті білім берудің дамуын ескере отырып, инклюзивті сыныпта шетел тілін оқыту әдістемесін әзірлеу мәселесінің белсенді талқылануы. Мақалада ағылшын тілі оқулықтарының "жақын даму аймағы" теориясына сәйкестігін анықтау мақсатында талдау жүргізіледі. Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың шет тілін оқыту үдерісінде «көпірлерді» қолданудың кемшіліктері мен артықшылықтары қарастырылады. «Көпір» ретінде әрекет ете алатын, инклюзивтік сыныптағы оқушылармен жасалатын жұмыстың үлгі-нысандары келтірілген.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

142-150 633
Аннотация
Ел тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан мен Құрама Штаттар тығыз байланыстарды қолдайды. АҚШ 1991 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанды егеменді және тәуелсіз мемлекет деп бірден мойындаған
алғашқы ел болды, келесі күні екі ел дипломатиялық қатынастар орнатты. Содан бері энергетика мен қауіпсіздік мәселелері екі жақты қатынастардың іргетасы болып табылады. Қазақстанның ядролық
қарусыздану саясаты Қазақстан - Америка қарым-қатынасында маңызды рөл атқарды. Екі ел де саяси, экономикалық (сауда және энергетика), әскери және гуманитарлық ынтымақтастықты қоса алғанда, кең
ауқымды мәселелер шеңберімен айналысады. Қазақстан теңізге шыға алмайды, Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен және Қырғызстанмен шектеседі және Каспий теңізінің үлкен бөлігімен ортақ
шекарасы бар. Қауіпсіздік саласында Қазақстан АҚШ үшін тиімді, өйткені географиялық жағынан елден алыс, демек, ол өзінің сыртқы саясаты мен қауіпсіздікке жәрдемдесу бағдарламасында Құрама Штаттарға басымдық береді. Энергетика және сауда - олардың терең қатынастарының тағы бір саласы. Қазақстан мұнай мен табиғи газдың үлкен қорына ие. 11 қыркүйек күні АҚШ-тағы лаңкестік әрекет әлемдік саясат пен халықаралық саясаттағы жаһандық тепе-теңдікті өзгертіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті. Осы зерттеуде 2001 жылдан бастап Қазақстан-Америка қарым-қатынастарын және олардың тек екі елге ғана емес, сондай-ақ өзара тәуелді болып отырған бүкіл халықаралық жүйеге әсерін қарастыруға әрекет жасалуда. Зерттеу барысында АҚШ-тың Қазақстанға оның шекара қауіпсіздігін жақсартудағы көмегіне баса назар аударылады, өйткені шекара кез-келген елдің қауіпсіздігінде маңызды рөл атқарады. Қазақстан
шекаралары көптеген қауіп-қатерлерге, оның ішінде есірткіні заңсыз әкелуге, қарудың, ЖҚЖҚ материалдарының заңсыз айналымына және оның аумағы арқылы атыс-шабыстардың транзитіне ұшырайды,
бұл оны шетелдік көмекті іздестіруді жеңілдетеді және интернационализациялайды.   
151-156 642
Аннотация

Ұйғыр хaлқының тілі түркi тiлдeрiнiң қaрлұқ тoбынa жaтaды. Тaрихы тeрeңдe жaтқaн бұл ұлттың көптeгeн мұрaлaры әлi күнгe дeйiн зeрттeлмeй кeлeдi. Бiз мақаламызда шaмaн дiнiнiң ұйғыр мәдeниeтiнe ықпaлын зeрттeyдi мақсат тұттық. Зерттеудің өзeктiлiгi дe шaмaн дiнiнiң ұйғыр мәдeниeтiндeгi көрiнiciн aнықтay, oны тeрeңiнeн талдау, дiн мeн мәдeниeттiң aйырмaшылығын aшып көрceтy бoлып тaбылaды. Өйткeнi қaзiргi тaңдa бiз мәдeниeт пeн дiн ұғымын көп шaтacтырaмыз. Ecкi дiнiмiздeгi нaным-ceнiмдeрiмiздi ұлттық мәдeниeтiмiздiң бiр бөлшeгi рeтiндe қарастырамыз. Мақалада шаман дініне жалпы шолу жасалынған. Сондай - ақ шаман сөзінің әр түрлі түсіндірмелері, мағыналары келтірілген. Негізгі бөлімінде «Қорғасын құю», «Ағашқа ұру», «Ағаштарға мата байлау», «Қызыл мата байлау» т.б. шамандық дәуірінен бүгінгі таңға дейін сақталып келген, біздің тұрмыс- тіршілігімізде әлі күнге дейін қолданылып келген наным- сенімдер, салт – дәстүрлер келтірілген.

157-162 425
Аннотация

Мақала университеттердің гендерлік мәдениетін дамытудағы халықаралық әйелдер жобаларының әлеуетін талдауға арналған. Бірінші бөлім "гендерлік мәдениет" феномені туралы теориялық ережелерді қамтиды, оның құрылымы мен негізгі функциялары бөлініп, негізделген. Екінші бөлім ең ықпалды әйелдер халықаралық ұйымдарына шолу жасайды және Орал мемлекеттік педагогикалық университетінің жобаға қатысу тәжірибесін жинақтайды, олардың бірі – World Women University Presidents Forum (WWUPF), ол жоғары білімді басқару жүйесінде әйелдердің кәсіби әлеуетін жүзеге асыруға ықпал етеді. Университеттің интегративтік ортасы ретінде гендерлік әріптестік мәдениетін қалыптастыру ісінде әртүрлі елдердің ғалымдарының күш – жігерін біріктіру басты жаһандық міндетті-ерлер мен әйелдер мүмкіндіктерінің нақты теңдігіне қол жеткізу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатыны көрсетілген. Қорытындыда осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары тұжырымдалды.

163-167 434
Аннотация

Бүгінгі таңда жастардың білім мен еңбекке деген қызығушылықтары әлсіреуде.Жастардың мінез- құлқы, құндылықты бағдарларын таңдаудағы өзгерістер – қоғамның адамгершілік, психикалық және физикалық денсаулығының нашарлауының үрейлі көрсеткіші.Берілген мақалада волонтерлік сияқты жастарды әлеуметтендіру бағыты ерекше маңызға ие.

Мақалада әлеуметтік, мәдени, экономикалық дамудың маңызды институты ретінде, жастарды әлеуметтендірудің тиімді құралы ретінде волонтерлік қызмет қарастырылады.Автор «волонтер» ұғымының мағынасына жан-жақты тоқталып, сонымен қатар мақалада волонтерлік қызмет мәселесін зерттеудің түрлі ғылыми тәсілдерге талдау жасалынып, жастардың волонтерлік қызметке жұмылдырудың басты себептері келтіріледі. Сондай-ақ, студент волонтерлік қызметпен айналысу нәтижесінде меңгеретін, кәсіби саланы одан әрі игеру үшін қажетті негізгі дағдылар келтіріледі.

168-172 384
Аннотация

Мақалада экономикалық дәрменсіздік пен банкроттың қалыптасу себептері мен даму процесі көрсетіледі. Оларды жеңудің құралдарын жасау, экономикалық және құқықтық механизмдерін пайдалану мәселелері қарастырылады. Экономикалық дәрменсіздік пен банкроттықтың қалыптасу және даму процесі ерте заманда дами бастаған. Борышкерлер мен қарыз берушілер қатынастарында әлеуметтік нормалар болғандығы анықталған. Ал борышкерлер мен қарыз берушінің қатынасы да, тауар - ақша қатынастары сияқты, өз ерекшеліктерін көне заманнан қолданғанын көрсетеді.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

174-182 610
Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау мәселесі бойынша ғылыми шешімдердің қазіргі жай-күйі және Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі ұйымның мақсаттары мен міндеттері тұрғысында ғылыми жарияланымдарға, әдістемелік және теориялық тәсілдерге талдау жүргізілді. Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалаудың халықаралық тиімді үлгілерінің салыстырмалы талдауы ұсынылған. Гуманистік педагогика мен антропоцентризм құндылықтарына теңбе-тең мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау үшін халықаралық ECERS-R масштабының маңыздылығы көрсетілген.

183-189 426
Аннотация

Мақалада психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі зерттеу қызметінің эволюциясы берілген. Зерттеу және жаңалық ашу арқылы баланы әлемді тануға итермелеу идеялары айтылған шетелдік педагогтардың еңбектеріне шолу жасалды. Кіші мектеп жасында зерттеу іскерліктерін қалыптастыру мүмкіндігі мен қажеттілігін көрсететін балалардың танымдық, зерттеу қызметі мен оны ұйымдастыру тәжірибелері талданады. Зерттеу жұмысына байланысты мәселелер ашылады. Оқу пәндерін оқыту шеңберінде оқу зерттеуін ұйымдастыруға кең мүмкіндік беретін бастауыш мектеп үшін заманауи білім беру бағдарламаларының («Мектеп 2000... (2100)») сипаттамасы ұсынылған.

190-196 539
Аннотация

Мақалада студенттердің өзіндік оқу әрекетінің теориялық-әдіснамалық негіздері қарастырылған, ЖОО студенттері оқу әрекетінің құрылымы және маңызы анықталған, сонымен қатар болашақ бастауыш мектеп педагогтарының өзіндік оқу әрекетін ұйымдастыру дағдыларын жетілдіруде «тайм-менеджмент» технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері анықталған. Терең талдау негізінде автор теориялық және практикалық блоктарды қамтитын студенттердің оқу іс-әрекетін өздігінен ұйымдастырудың құрылымдық- мазмұнды моделін ұсынды, онда оқу іс-әрекетінің мақсаты, функциялары, принциптері, құрамдас бөліктері анықталған; бастауыш мектептің болашақ мұғалімдерінің оқу қызметін өзін-өзі ұйымдастыру біліктілігінің қалыптасу деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері әзірленді; "тайм-менеджмент" технологиясының компоненттері, практикада тайм-менеджмент принциптерін іске асыратын оқу қызметін ұйымдастыру формалары жинақталған, сондай-ақ бастауыш білім беру бакалаврларының оқу және оқудан тыс қызметін ұтымды ұйымдастыру үшін тайм-менеджмент құралдары анықталған.

197-203 489
Аннотация

Мақалада болашақ мұғалімдердің рухани мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша өңделген ғылыми зерттеу нәтижелерінің бірі ұсынылады. Авторлар «педагог тұлғасы», «педагогтың рухани мәдениеті», «рухани мәдениетті қалыптастыру» түсініктерінің мазмұнын ашқан. Рухани мәдениетті авторлар тұлғаның рухани білімінен, бағыттылығы мен тәжірибесінен құралатын кәсіби маңызды сапа ретінде қарастырады. Аталмыш компоненттер болашақ мұғалімнің өзін-өзі дамытуда бағдар мен реттеуші болып табылады. Авторлар рухани мәдениет тұлғалық өзін-өзі анықтау, моральдық таңдау мен тұлғаралық өзара әрекеттестік жағдайларында көрініс табатынын сөз етеді. Сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің рухани мәдениет деңгейін, педагогтың рухани мәдениет туралы түсініктерін, педагогтың рухани мәдениетін қалыптастыру жағдайларын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелері қарастырылады.

204-208 402
Аннотация

Мақалада білім беруді дербестендіру қағидасын іске асыру бойынша анықтамалық эксперимент туралы мәліметтер келтірілген, авторлармен құрастырылған және мектепке дейінгі гимназияның білім беру процесінің жұмыс жүйесіне енгізілген, мектепке дейінгі балаларды оқытуды дербестендіруді іске асыру нысаналы, маңызды, жедел және бағалау компоненттері түрінде ұсынылған, тұлғаның маңызды күштерін дамыту үшін жағдай жасау, көп сатылы білім беру жағдайында олардың оқуға дайындығын тиімді қалыптастыру сипатталған.

209-213 462
Аннотация

Мақалада жеке мен саралау мәселелерінің даму тарихы ұсынылған. Оқудың жеке - саралап оқыту жүйесінің белгілері сипатталған. Балаларды оқуға үйретудің бастапқы кезеңінде жеке - саралап оқыту бойынша жұмыс істеу тәсілдері мен түрлері, мазмұны келтірілген. Әзірленген жеке-саралау жүйесінің мазмұны ұсынылған. Оқушылардың оқу дағдыларының даму деңгейіне байланысты жеке және сараланған тапсырмалар ұсынылады. Жаттығулар оқыту үрдісінде оқушыларды бірте-бірте көтеру мақсатында олардың күрделену деңгейі бойынша құрылады.

214-218 434
Аннотация

Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Құзыреттілігі жоғары маманды даярлау үшін қазіргі заманда жаңа инновациялық әдістерді тиімді пайдалану қажет. Мақалада ғалымдарның құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, кейс технологиясы және олардың түрлі топтастырулары жайлы айтқан тұжырымдамалары берілген. «Тұлғада қандай құзыреттіліктер болуы мүмкін?» деген сұрақтарға жауап іздестіріледі. Және де студенттерді оқыту үрдісінде кейстық технологияны қолдану ерекшеліктері мен артықшылықтары көрсетіледі, кейс технологиясын қолдану тиімділігіне болжам жасалады.

219-226 653
Аннотация

Мақалада авторлар оқушыларға арналған жиынтық қорытынды бағалау бойынша тапсырмалар кешенін ұсынады. Cыни тұрғыдан бағалау білім беру үдерісінің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған. Тапсырмалар кешені мұғалімдерге 3 - сынып оқушыларының «Ағылшын тілі» пәнін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бағалауды жетілдіруге көмектеседі. Баға қоюда дәлдікті қамтамасыз ететін тоқсанға арналған жиынтық бағалау ұсынылады. Әдістемелік ұсыныстар критериалды бағалау үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне, білім бөлімдерінің әдіскерлеріне көмек көрсетуге бағытталған.

227-234 429
Аннотация

Мақалада автор «толеранттық» ұғымының мәнін талдай отырып, оның ғылыми термин ретіндегі мағынасына түсінік береді. Сондай-ақ толеранттық тәрбиенің отбасында басталатынын атап көрсеткен. Мұнан әрі заманауи отбасының құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталған. Бүгінгі жаһандану дәуірінде жас ұрпақты толеранттыққа тәрбиелеуде мектеп пен отбасының әрекеттесе жұмыс істеу қажеттілігіатап айтылады. Жұмыста сонымен қатар толерантты тұлға тәрбиелеуде мектеп пен отбасы әрекеттестігінің тиімділігін дәлелдейтін кейбір әдіс-тәсілдер мен жаттығулар берілген. Қорытындысында мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста жұмыс істеуі арқылы толерантты ұрпақ тәрбиелеуге болатыны тұжырымдалған.

235-239 543
Аннотация

Мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізуге қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастар (соның ішінде белгілі ғалымдардың) мен Қазақстанда қолға алынып жатқан іс-шаралар жайы сөз болады. Мақала авторлары педагог кадрларды даярлау барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ туындаған мәселелерге қатысты жоғары оқу орындарына арналған үлгілік бағдарлама мазмұнына қатысты сыни көзқарасын білдіреді.

240-245 421
Аннотация

Мақалада педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың жетекші тұғырлары, жоғары оқу орнында оқыту үдерісіндегі дефектолог-студенттердің кәсіпқойлық негіздерін табысты қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалған.

Дефектолог-түлектердің бойында кәсіпқойлықтың қалыптасқан негіздерінің болуы, оқуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және дамыту үшін оңтайлы және қолайлы жағдайларды құруға, балалардың шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес даму траекториясын таңдауға, бағдарламалық талаптарды меңгерудің табыстылығын қамтамасыз етуге, бейімделу мәселелерінің болмауын немесе икемділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Арнайы педагогика саласындағы болашақ мамандардың кәсіпқойлық негіздерін табысты қалыптастырудың ұйымдастырушылық-дидактикалық шарттары ретінде, ұйымдастырылған кәсіби-білім беруші инновациялық дамытушы ортаны құру алынуы қажет.

Студенттердің сапалы кәсіби-практикалық іс-әрекеті болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

246-252 478
Аннотация

Мақалада фрустрация ұғымына түсінік бере отырып, оның жағымды және жағымсыз ықпалы қарастырылады. Фрустрация жағдайына ұшыраған тұлғаның конструктивті және деструктивті мінез-құлқының өлшемдерін құрастыруға талпынып, өлшемдерін жүйелеп, фрустрация жағдайындағы деструктивті мінез- құлықтың сипаттамаларын анықтаған. Бұл өлшемдер фрустрация жағдайындағы студенттердің психикалық күйі мен мінез-құлқын талдау үшін және болашақ педагогтер мен психологтарды даярлау барысында оқу мақсатында қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мақалада психологиялық қолдау феноменін талдау арқылы көмек көрсету, қолдау, демеу, психиканың бұзылуына жол бермеу әрекеттері, фрустрация күйінің алдын алу, реттеу, оқу-тәрбие процесінде жағымсыз реакцияларды тудыратын фрустраторлардың ықпалына жол бермеу, студенттер еңсеруге болатын қиыншылықтарды шешілмейтін кедергі ретінде қабылдамаулары үшін олардың қиыншылықтар туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру мәселесі жан-жақты талданған.

253-258 755
Аннотация

Бұл мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дәстүрлі емес сурет салу техникасы арқылы дамыту қарастырылады. Мектепке дейінгі педагогикада шығармашылық қабілеттерін дамыту әрқашанда өзекті тақырыптардың бірі болды. Барлық уақытта шығармашылық тұлғалар қажет, өйткені олар адамзаттың прогресін анықтайды. Біздің уақытымыз сондай-ақ жеке тұлға мен қоғамның дамуы үшін стандартты ойлайтын және әрекет ететін адамдарды талап етеді. Бұл жұмыстың өзектілігі дәстүрлі бейнелеу қызметі балаларға ойлаған нәтиже әкелмейді, факторлардың бірі графикалық дағдылардың қалыптаспауы болып табылады, сондықтан инновациялық әдістемелердің көмегімен сурет салу дағдыларын қалыптастыру бойынша арнайы жұмыс жүргізу орынды.

259-264 577
Аннотация

Мақалада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің функционалды мүмкіндіктерін және жүрек қан тамырлары жүйесінің Мартине-Кушелевский сынамасының стандартты жүктемеге деген бейімделуінің бастапқы деңгейін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Студенттердің жүктемеге деген бейімделуін артериалды қысым мен пульс көрсеткіштерінің бастапқы көрсеткіштері мен олардың қалпына келу кезеңіндегі өзгеруін бағалап анықтадық. Зерттеуге 17,12±0,81 жастағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- курсының 45 студент-бойжеткені қатысты. Зерттеу барысында студенттердің адаптациялық мүкіндіктері төмен, жүрек қан тамырлары жүйесінің стандартты жүктемеге деген жауабы қанағаттанарлықсыз екенін байқадық. Зерттеуге қатысқан студент-бойжеткендердің тек 31% ғана стандартты жүктемеге деген жауабы қанағаттанарлық болып, жүрек соғыс жиілігі, қан қысымы жүктемеге сай өзгерді, ал студенттердің басым бөлігінде, яғни 69%, жүктеме барысында организмнің қанағаттанарлықсыз реакциясының түрлері кездесті. Бұл өзгерістер жүрек жұмысының тиімсіздігінің, шамадан тыс жұмыс жасағандығының, қан айналымның әлсіздігінің және өзгергіш екендігінің, организмның дайындығының төмендігінің белгісі. Алынған нәтижелер осы студент-бойжеткендердің функционалды қалпын жоғарғы оқу кезеңінде түзетудің қажеттілігін көрсетеді.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

266-273 614
Аннотация

Мақалада қазіргі қазақ эстрадасындағы фольклордың қолданылу сипаты сараланып, эстрада өнері және отбасылық ғұрыптық фольклор үлгілері, композиторлық шығармашылықтағы және концерттік өңделудегі фольклордың интерпретациялану деңгейі көрсетіледі. Сонымен қатар, балалар фольклоры мен үйлену ғұрпына қатысты айтылатын әндердің эстрадағы лайықталып өңделу құбылыстарының өзекті мәселелері көрсетіліп, қолданылу ерекшеліктері анықталады. Эстрадаға арнап ән жазатын композиторлар шығармашылығындағы фольклорды пайдаланудың ерекшеліктері,өзекті мәселелері қаралады. Түрлі әлеуметтік топтар арасындағы, эстрада әншілері, фольклор зерттеушілері, әдет-салт үстінде орындалатын әндер мен концерттік бағдарламаға сай өңделулер арасында экспримент жүргізу арқылы тыңдаушы, орындаушы, композиторлардың фольклорды қабылдау, пайдалану ерекшелігі, сезіну, түсіну деңгейі анықталады. Салт-дәстүр үстінде орындалатын фольклорлық шығармалардың көне заманғы мән-мағынасы көмескіленгенімен, халық танымымен , ырым- салтымен тығыз байланыстағы мағынасымен түсініледі. Эстрада өнерінің пайда болуындағы фольклордың мәні көрсетіле отырып, қазіргі заманғы эстраданың фольклорды интерпрецациялаудағы өзіндік ерекшеліктері айқындалады.

274-280 473
Аннотация

Мақала Қазақстандағы заманауи музыкалық өнердің даму мәселесіне арналған. Осылайша, еуропалық авангард жақында отандық мәдениетте пайда болды және бұл туралы көптеген түсініктемелер бар. Бір жағынан, тәуелсіздікке салыстырмалы түрде ерте емес, екінші жағынан-дүниетанымдық тәртіптің бірқатар себептері. Әлемдік мәдениетке тән интеграциялық үдерістер отандық музыканттардан барынша әмбебаптылықты, жоғары тәртіптің кәсіпқойлығын, әртүрлі стильдерде, бағыттарда, үрдістерде бағдарлануды талап етеді. Қазіргі еуропалық авангард арнайы дайындықты қажет ететін өте күрделі феномен болып табылады және бүгінгі күні Қазақстанда арнайы ұжым – "ойын" ансамблі жұмыс істейді, оның қызметі қазіргі заманғы музыка саласындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

281-285 474
Аннотация

Мақалада қазіргі заманғы технологиялардың, хореографиялық өнердегі педагогикалық үдерістермен технологиялық жетістік құралдарының өзара әрекеттесуі анықталды. Зерттеудің негізі — мұғалімнің білімі мен оны дамытудың диалектикалық ерекшеліктерін ішкі жағынан (екі позициядан) студенттерге көрсету мүмкіндігін қарастыратын балет бишісі мен мұғалімнің тәжірибесі. Осы мақсатқа жету үшін мақаланың авторы түрлі зерттеу әдістерін біріктіреді: тарихи және хронологиялық көзқарас, салыстырмалы талдау түрлері және ғылыми синтез. Бұл инновациялар мен хореографиялық өнердегі алғашқы іргелі және қазіргі заманғы зерттеулерді әртараптандыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің қорытындысы бойынша, бүгінгі күні технологиялық және педагогикалық инновациялар бірқатар маңызды артықшылықтарға қарамастан әсер ету шектеріне ие және оқытушының өмірлік тәжірибесін алмастыра алмайды.

286-294 444
Аннотация

Мақала қазіргі қазақ театрының сахнасындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбының игерілуіне арналған. М.Әуезовтің «Қилы заман» повесінің Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрындағы режиссер Ә.Рахимовтің интерпретациясы қарастырылған. Режиссердің сахналық пластикалық шешімі, символдар мен метафораларды қолдануындағы шығармашылық қиялының жүйіріктігі анықталды. Режиссерлік ой-тұжырымға, актерлік ойынға, сценографияға театртанушылық тұрғыдан жан-жақта талдау жасалған. Сондай-ақ осы шығарма бойынша қойылған Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының Е.Қабдыл режиссурасындағы спектаклі де зерттелді.

295-301 460
Аннотация

Бұл мақалада автор заманауи қазақ графикасында бүгінгі таңда жұмыс жасап жүрген суретшілер шығармашылығын қарастырған. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сүйене отырып, заманауи қазақ графикасының негізгі тақырыбын аша түскен. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры, жалпы алғанда еліміздің бай мұрасы қазақ графикасында суреттелуін жазған. Мақала жазу барысында бүгінгі қазақ графикасына өз үлесін қосып, еңбек етіп жүрген суретшілер есімдері келтірілген. Аталған суретші- графиктерді жеке-жеке қарастырып, шығармашылығына тоқталған. Графиктер жұмыстарына өнертанушылық анализ жасалған.

302-306 421
Аннотация

Қолөнер ұлттық болмыс пен мәдениетті айқындаушы ерекше құрал болып табылады. Қазақ сәндік- қолданбалы өнерінің тарихы бірнеше ғасырлар қойнауында жатыр. Мақалада қолөнердің бір саласы зергерлік өнердің Қазақстанның қазіргі заманауи өнеріндегі көрінісі қарастырылады. Зергерлік өнердің даму бағытын зергерлер шығармашылы арқылы ашып көрсетеді. Мысалы: С.Баширов, А.Мұқажанов, С.Рысбеков, М.Қалилаев, Л.Шкляев, А.Қадырбаев сынды суретші, зергерлер шығармашылығын мысалға ала отырып өнертанушылық талдаулар жүргізеді. Сол арқылы автор ұлттық құндылықтарымыздың маңызын айқындайды.

307-312 462
Аннотация

Мақалада композицияны оқытудағы интегративті әдістер қарастырылады. Көркем қызмет түрлерінің түрлі тәсілдері мен техникаларын қолдануды және олардың интеграциясын қанағаттандыратын композицияны оқытудың кешенді мүмкіндіктері көрсетіледі. Композицияны оқытудың интегративті әдістері композициялық қызметтегі шығармашылық үрдіске өнерлердің әртүрлі-түрлері мен көркем қызметтің әртүріндегі құралдар мен техникалардың өзара байланыстары және интеграция тәсілдерімен кешенді келуді қарастырады. Композицияны оқытудың кешенді интегративті әдістері өнерлер мен көркем қызмет түрлерінің құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің неғұрлым динамикалық және өнімді интеграциясына ықпал етіп, сонысымен көркем образды өз мүмкіндігінше сомдауға әсер етеді. Зерттеу пәні болып, композицияны оқытудың интегративті әдістері мен принциптері негізінде студенттерді көркем шығармашылық дамыту болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты- көркем-шығармашылық үрдістің тұтас жүйесінің интербелсенді құралы ретінде композицияны оқытудағы интегративті әдістерді талдау болып табылады.

313-318 725
Аннотация

Бұл мақалада футуризм қазіргі заманғы вестиментарлық сәндегі стильдік бағыт ретінде қарастырылады. Қазақстандық дизайнерлердің шығармашылық жұмыстарын өнертанулық талдау арқылы отандық киім дизайнындағы осы стильдік бағыттың өзектілігі расталды. Футуризм стилінің өзіне тән ерекшеліктері анықталды, ол барынша аздықты, инновациялық материалдар мен технологияларды пайдалануды, дизайнның конструктивтік-технологиялық аспектісіне қызығушылықты көрсетеді. Қазіргі заманғы вестиментарлық сәнде футуризмнің тұжырымдамалық негіздері орнатылған: болашақ утопиялық және антиутопиялық идеялар мен бейнелерді визуализациялау, костюмнің эргономикалық және функционалдық қасиеттеріне назар аудару, экология және жаһандану мәселелеріне қызығушылық. Дизайнерлік практикада футуризмді дамытудың келешегі мен мүмкіндіктері анықталды.

319-323 359
Аннотация

Мақалада кинематография өнеріндегі мазасыздық ғылымы мен мағынасы туралы мәселелер қарастырылады. Кинотеатрдың пайда болуындағы шудың басты рөлі туралы гипотеза қарастырылады. Директорлардың мақсаттарына және мақсаттарына байланысты техниканы шектеу қарастырылған. Саспенс жасау кезінде түс пен дыбыстың мағынасын зерттелінген. Түс фильм мен оның аудиториясы арасындағы терең эмоционалдық байланыс жасаудың маңызды құралы болып табылады.

324-330 380
Аннотация

Осыдан 30 жыл бұрын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің кеңістігінде белсенді түсірілген деректі кино бүгінде өзекті емес. Қазіргі көрерменге кинематографтың ойын емес түрі қаншалықты қызықты және пайдалы болатынын түсіну үшін, мақала авторлары бұл мәселені телевизиялық оператор мен режиссер Болат Нүсіпбековтің (р. 1955) жұмыстарының мысалында зерттеуді шешті. Ғылыми жұмыс аясында алғаш рет компаративтік әдіспен оның кейбір деректі таспалары талданды. Бұл әдіс тарихи тұрғыда кинематографтың этикалық құрамдастарын өз елінің азаматтарын насихаттау және тәрбиелеу құралы ретінде көруге мүмкіндік береді. Визуалды қабылдау қоршаған ортаны түсінудің негізгі көзі болғандықтан, жұмыста кез келген шығармашылық жобаларды іске асыру үшін ең қажетті оператор мамандығы деген қорытынды жасалады. Деректі кино - өз халқының тарихын зерттеудегі қажетті құрал.

331-336 420
Аннотация

Мақалада коммерциялық жарнамалық роликтің тұтынушыға әсерінің психологиялық аспектілері талқыланады. Оператор қажетті құрамды жасаған кезде психолог ретінде болады. Коммерциялық жарнамалар жасауда қолданыстағы тәсілдерді талдаушының және оператордың рөлін атқарады. Коммерцияның қажетті эмоционалдық бояуын жасау үшін негізгі операторлық әдістер мен тәсілдерді талдау қажет. Оператордың психологиялық білімдерінің маңыздылығы туралы тұжырымдар келтірілген.

337-341 452
Аннотация

Бұл мақала кинематографтың пайда болуы мен бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу тарихына арналған. Кино режиссерлері мен операторларының идеяларын іске асуына ықпал еткен үрдістер мен технологиялар зерделенген. Кино жанрларының пайда болуы мен даму үрдістері қандай техникалық және цифрлық прогреске байланысты болғаны сараланған. Киноның жаңа бағыт-бағдары мен даму жолындары компьютер ойындары әлеміндегі интерактивті үрдіс ретінде қарастырылған.



ISSN 2306-5079 (Print)