Preview

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

7-11 579
Аннотация

Мақалада педагогикалық бағыттағы мамандықтардың бітіруші курс студенттерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сауаттылығын анықтау бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелері берілген. Бітіруші курс студенттерінің АКТ түрлері туралы білімдері мен оларды оқу ҥдерісінде және педагогикалық практикаларда қолдану жиілігі анықталды. Студенттердің АКТ білімдері мен біліктерін қалыптастыруда 4-курста өтілетін «IT құралдарын пайдалану практикумы» пәнінің рөлі нақтыланды. Сауалнамаға қатысқан студенттердің көбі интернет, e-mail, фотокопия, компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, PowerPoint және слайдтарды қолданатындары туралы жауап берді. Сонымен қатар, сауалнама нәтижесінде жоғарыда аталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кейбірімен таныс емес және мүлде қолданбайтын да студенттер бар екені белгілі болды.

12-18 565
Аннотация

Мақалада жоғары кәсіптік білім алу кезеңінде жобалық оқыту технологиясын енгізу практикасына байланысты сҧрақтар қарастырылады. Жҧмыстың мақсаты - Ақтӛбедегі Қазақ-Орыс халықаралық университетіндегі жобалар шеңберінде студенттердің ғылыми-зерттеу жҧмыстарын жҥргізу әдістемесі мен оқыту әдістерін тексеру. Жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері және оқу әдісі ретінде қолданудың мақсаттылығы зерттелінді және талданды. 2017-2018 жж. және 2018-2019 жж. студент-проектанттардың жеке және топтық жҧмысының практикалық нәтижелері бағаланған.

Зерттеулер студенттердің кәсіптік және жеке, сондай-ақ кәсіпкерлік қҧзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімділігін арттыру арқылы білдірілген, жобалық оқыту технологияны қолданудың дҧрыс нәтижесін анықтады. ҚОХУ негізіндегі бизнес-жобалар шеңберінде жобалық оқытудың интеграцияланған аумағын дамыту келешегі қарастырылады(жайын ӛсіретін цехының қҧру мысалында),бҧл жалпы болашақ мамандардың ӛндірістегі бейімделу кезеңін қысқартуға мҥмкіндік беретін бейімделу қасиеттерін және шығармашылығын дамытуға ықпал етеді.

Жоғары оқу орнының техникалық мамандықтарының студенттері ҥшін қауіпсіз іс-әрекет мәдениеті, ауыз судың сапасы, аквакультуралы балық шаруашылығы мәселелерін зерттеу аясындағы ғылыми-зерттеу жобаларының негізгі сатыларын ҧйымдастыру және жҥргізуге әдістемелік ҧсыныстар кӛрсетілді.

Жоғарғы оқу орындарында жобалық технология пайдалануы студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуда академиялық кӛрсеткіштеріне оң әсерін ескере отырып дәлелденді.

19-24 425
Аннотация

Мақалада қант құмайының Порумбень-7 және Қазақстан-20 сорттарының өсіп-дамуына тұздың (NaCl) улы әсері зерттелді. Тұздың жоғары концентрациясында өсімдіктіктің сабағының ұзарып өсуі нашарлап, тамыры жүйесі мүлдем түзілмей, эндоспермдағы қор затының жұмсалу дәрежесі де азайды. Тәжірибе нәтижелерінен анықталғандай, Қазақстан-20 сортына қарағанда Порумбень-7 сорты тұзға төзімділігімен ерекшеленді. Тұздың (NaCl) әртүрлі концентрациялары өсімдіктің жеке мүшелерінің өсуіне және өсімдіктің жеке мүшелерінің құрғақ биомасса жинақтау көрсеткіштеріне де әсер етті.

25-32 433
Аннотация

Жоғары білім берудегі географиялық білім мазмҧнын жаңарту қажеттілігі білімді бағалаудың критерийлерін ескерумен байланысты. Бҧл критерийлер білім берудің нәтижесін тек білім және дағдылармен ғана байланыстырмай, білім алушылардың ӛмірдегі әр тҥрлі мәселелерді шешу білу қабілетілігімен ҧштастырады (ӛмірлік дағдылар мен қҧзыреттіліктерді). Зерттеуде географиялық білім мазмҧнын қалыптастыру оның ғылымилығымен; пәнаралық байланыстарымен; гуманизациялау принципке сәйкестігімен; жаһандылылық пен аймақтылық; экологияландыру; проблемалық; жҥйелілік және тҧтастылық ҧстанымдар мен ережелердің тҧрғысынан қарастырылған. Қазақ ҧлттық қыздар педагогикалық университетінің география және туризм кафедрасының миссиясы халықаралық тәжірибені ескере отырып оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие және инновациялық процестердің бірлігі негізінде студенттерге географиялық білім беруді қамтамасыз ететін ғылыми, педагогикалық, ҧйымдастырушылық және әдістемелік жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты география және туризм кафедрасының мақсаты географиялық білім беру, ғылым және ӛндіріс саласында инновациялық қызметті тиімді жҥзеге асыруға қабілетті, динамикалық кәсібилікке, әлеуметтік-кәсіби қҧзыреттілікке ие білікті географтар мамандарды даярлау.

33-40 478
Аннотация

Мақалада Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық мәселелері қарастырылған. Халықтың экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің бірі – өмір сұру деңгейі болып табылады. Қазіргі қоғамда әлеуметтік-экономикалық дамудың басты доминанты – адамның өмір сҥру сапасы. Алматы қаласының өзінде әлі де болса денсаулық пен ұзақ жасау, табыс көлемі, жайлы өмір сүру, тұрғын үймен қамтылуы, ғылыммен айналысу, білім дағдыларын жетілдіру көрсеткіштері бойынша проблемалар бар. Сондықтан, елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруде халықтың сапалық жағынан кешенді түрде сипаттау мемлекет немесе аймақ бойынша ғана емес, қала деңгейінде де анықтаудың өзектілігі туындап отыр.

41-45 384
Аннотация

Бұл мақалада Cichorium Intybus L. өсімдігі тамырынан инулин бөліп алудың қолайлы жағдайы анықталды. Зерттеуге алынған инулиннің балқу температурасы ПТА(М)ТУ- 92 маркалы оптикалық спектроскопиялық әдіспен анықталды. Тәжірибе барысында алынған инулиннің балқу температурасы 1780С-қа тең. Олар: 60 минут аралығында, Қ:С қатынасы 1:75-1:100 арақатынаста, 80-850С температурада инулиннің шығымы 58 %-ды құрайды. Инулинді тазалау үшін сорбент іріктелінді. Адсорбент ретінде катионит КУ-2-8, силикагель және құмды қолдану тиімді деп табылды. Бұл мәлімет әдеби деректермен сәйкес келеді. Cichorium өсімдігі тамырының адам ағзасы шаршағанда жалпы күш-қуат беретін, қанның құрамын қалыпқа келтіретін қасиеті жоғары. Cichorium өсімдігінің тамырын нефрит, энурез мен көк бауыр ауруларын , геморрой және қант диабетінің бастапқы сатысын емдеуде қолданылады.

46-52 348
Аннотация

Бұл мақалада Helianthus Tuberosus өсімдігінің құрамындағы дәрумендердің мөлшері анықталды. Өсімдіктің құрамындағы дәрумендер титриметриялық және капилярлық электрофорез әдістерімен анықталды. Зерттеу нәтижесінде Helianthus Tuberosus өсімдігінің құрамында В1, В2, В3, В5, С дәрумендерінің бар екендігі анықталды. Зерттеулердің нәтижелерінде Helianthus Tuberosus өсімдігінің гүлінің құрамында С (аскорбин қышқылы) және В3 (пантотен қышқылы) дәрумендерінің мөлшері көп, ал Helianthus Tuberosus өсімдігінің жемісінде В1 (тиаминхлорид) дәруменінің мөлшері жоғары. Helianthus Tuberosus өсімдігінің жапырағының құрамында В2 (рибофлавин) және В5 (никотин қышқылы) дәрумендерінің мөлшері жоғары екендігі, ал Helianthus Tuberosus өсімдігінің сабағының құрамында В3 дәруменінің көп мөлшерде екендігі белгілі болды. Helianthus Tuberosus өсімдігі қазіргі таңда медицинада, фармоцевтикада, тұрмыста, ауыл-шаруашылығында, косметологияда кең қолданыс аясында.

53-57 439
Аннотация

Мақалада «Химия өмірімізде» атты элективті курсты енгізу процесінің зерттеу нәтижелері келтірілді. Зерттеу мақсаты – химияны оқуға қызығушылық пен оқу үлгерімін арттыру, мамандықты таңдауға көмек беру. «Химия өмірімізде» атты элективті курсты ендіру нәтижесінде оқушылардың химия пәніне қызығушылығының артқаны баяндалды. Осы элективті курс арқылы оқушылардың танымдық және өзін-өзі тану мотивтері дамыды. Сонымен қоса мотивация деңгейі артты. Оқу-зерттеушілік әрекет оқушының оқу және жалпы істерінің сәтті орындалуы үшін қажет. Элективті курстарды оқыған балалар сабақтарға белсенді қатысағынын керуге болады. Оқушылардың оқуға қызығушылықтарының қалыптасу деңгейі анықталды.

58-61 746
Аннотация

Бұл мақалада жаңартылған білім беру жағдайында химиядағы оқу материалының үлгісі арқылы тәуелсіз танымдық әрекеттердің нәтижесінде бір немесе бірнеше мәселені шешуге мұмкіндік беретін химияны оқытудың ойын технологиясын қолдану мұмкіндіктері қарастырылады. Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың тұрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын кҥшейту де осы міндеттерден туындайды. Осыған орай біз бұл мақалада ойын технологиясын қолданып химияны оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдерін қарастырамыз.

62-68 414
Аннотация

Химияны оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінен оқу тапсырмасын толық дербес орындау сипаты тән, оқушының зерттеу жұмысы оқушының саналы тҥрде қабылдай алатын кезеңдері бойынша іске асатын зерттеу әдісін қолданумен байланысты.

Оқушылардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастырудың негізгі құралы шығармашылық есептер шығару болып келеді. Шығармашылық есептер мына педагогика-психологиялық талаптарға жауап береді: шарты ашық, мазмұны полипәнді, шешу жолдары көп нұсқалығы, оқушылардың шешуіне қолжетімділігі, химия курсымен байланыстылығы, олардың қызығушылығына сәйкестігі және ынтымақтастыққа бағытталғандығы. Аталған талаптар шығармашылық ҥрдістің мазмұндылық, тұлғалық және коммуникативтік қабілетін ескереді.

Есептерді құрастыру кезінде оқушылар арасында кең тараған, эксперименттік жұмыстар кезінде анықталғандай жете түсінбеген химиялық көзқарасты қолдануға болады.

Химияны оқытуда оқушылардың шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру нәтижесі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелденген.

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА 

70-79 360
Аннотация

Синергетикалық тұрғыда бейсызық динамикалық жүйенің стохасталынуымен қатар жұретін тепе-теңсіз құбылыстардың мейілінше әмбебап статистикалылық сипаттамалары - информация және информациялық энтропия ұғымдары енгізіледі. Синергетикада информация зерттеулердің басты объектісіне айналды. Информациялық энтропия информацияның орта ықтимал мәнін анықтайды. Мақалада тепе-теңсіз жүйелердегі уақыт пен координатаға тәуелді энтропияны анықтаудың мұмкіндіктері қарастырылады. Яғни энтропия балансының теңдеуі, энтропия өнімінің минимум және, сонымен қатар, информацияның максимум қағидалары қарастырылған.

80-85 386
Аннотация

Кремний пластиналарының бетін тнрлі температура мен күйдіру уақытында және лазерлік сәуленің ҥздіксіз әсер етуі кезінде оның оксидтерінің пайда болу процестері зерттелді. Кремний тектес материалдарды өңдеудің ең тиімді әдістерінің бірі – беттік қабаттарды лазерлік күйдіру болып табылады. Өйткені - мұндай әдістердің артықшылығы атмосфералық жағдайда кұйдіру жүргізу мұмкіндігі болып отыр. Лазерлік сәулеленудің жартылай өткізгіштерге әсері олардың кристалдық құрылымының, электрфизикалық және оптикалық қасиеттерінің әртүрлі өзгеруіне әкелуі мұмкін. Үлгі бетінде оның оксидтерінің пайда болатындығы байқалған. Үлгіні үздіксіз лазерлік сәулелену арқылы термокүйдіру тотығу процестеріне әсер етеді. Термокүйдіру температурасы уақытының ұлғаюымен, сондай – ақ лазерлік сәулелендіру арқылы бақыланып отырған  SiO2 өсуі - тотығу жылдамдығы артуының салдары, ал оның артуы SiO2 ыдырауына және өнімдердің кезекті булануы оның көбеюіне байланысты болады.

86-91 713
Аннотация

Мақалада оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың кейбір аспектілеріне байланысты зерттеу нәтижелері беріледі. Сонымен қатар математикалық сауаттылық ҧғымының жҧмыс анықтамасы келтіріледі. Зерттеу нәтижелері бойынша математикалық сауаттылықтың тӛрт компоненті анықталды. Математикалық сауаттылықтың әрбір компонентінің қалыптасуы оның қҧрылымдық белгілерімен анықталады.Бірінші компоненттің белгілері-бағдарламалық арнайы және жалпы оқу танымдық білімдерді, оқу іс-әрекетінің дағдылары мен тәсілдерін, оқу әдістерін меңгеру. Екінші компонент математикалық объектілерді, қарым-қатынастарды, іс-әрекеттерді жылдам және кең жалпылау, ойлау процесін еркін қайта қҧру, тура ойдан кері жҥріске ауыстыру, дәйекті, дҧрыс, бӛлшектелген логикалық ойлау, математикалық материалды формальды қабылдау, есеп қҧрылымы қабілеттерімен анықталады. Ҥшінші компоненттің белгілері-математика тілінде мәселелерді, шешу нәтижелерін және т. б. тҧжырымдау және жазу қабілеті. Тӛртінші компонент ӛмірлік жағдайларда алдыңғы компоненттерді іске асырудан кӛрінеді.

92-98 453
Аннотация

Мақалада орта білім берудегі жаңартылған бағдарлама мазмұнына сәйкес «Математика» пәнін оқытудағы проблемалар қарастырылған. Сондай-ақ, мақала бүгінгі заманауи талапқа сай әрбір педагогтың кәсіби өсуіне жол ашады. Мұғалім өз тәжірибесінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Осы мақалада функционалдық сауаттылықты дамытуға байланысты, тапсырмалар берілген, мҧнда оқушылардың жеткен нәтижелерін саралайтын тәсілдер жайлы айтылады. Мұғалімдерге арналған жаңартылған бағдарлама мазмұнындағы ерекшеліктер көрсетіледі. Мақала жаңа инновациялық даму бағдарламасымен қызыға айналысатын мектеп, колледж мұғалімдеріне және білім бақармасының мамандарында көмегін тигізеді.

99-104 386
Аннотация

Бет-әлпетті тану жүйесі функционалды тестілеу кезінде сәйкестендіру және аутентификациялауды қамтамасыз ету ҥшін пайдаланылады. Әр түрлі жағдайларда жеке тұлғаларды анықтау ҥшін де қолданылады. Бұл мақалада бет-әлпетті оқшаулау және тану ҥшін қолданылатын алгоритмдерге салыстырмалы тҥрде зерттеу жүргізіледі. Салыстырылған бет-әлпетті тану алгоритмдері кең таралған алгоритмдер болып табылады. Әрбір алгоритм түсінігі түсіндіріледі және тиісті сипаттамасы беріледі. Бұдан басқа, әр алгоритмнің тиімділігін бағалау үшін алгоритмдерден алынған нәтижелер деректер жиынында тексеріліп, графиктер түрінде көрсетілген. Алгоритмдер ортақ деректер жинағымен жұмыс істейді және алынған функциялардың пайызын шығарады.

Бет-әлпетті тану жылдам дамып келе жатқан технология болып табылады және ол қауіпсіздіктің қақпасы ретінде қолданылады, қауіпсіздік органдарында, кейбір әуежайларда қолданылу үстінде, әсіресе, тұрмелерде кеңінен қолданылатын тиімді әдістердің бірі болып табылады.

ФИЛОЛОГИЯ 

106-114 440
Аннотация

Мақалада қазақ графикасының ауысуына байланысты оны оқыту мәселелері қарастырылады. Қазіргі техниканың қарқынды дамуына байланысты оқыту тәжірибелерінің брлығы дерлік электронды түрде өтетіндігі сөз болады. Оның ішінде электронды оқу құралы арқылы теориялық және тәжірибелік сабақтары беріліп, оларды өз бетінше орындап, өзін-өзі тексеру арқылы игеру жолдары берілген. Сонымен қатар мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сынып оқушылары ҥшін де даярланған тҥрлі ойын әдістері арқылы оқыту түрлері де осы мақаладан көрініс тапқан. Бұған қарап, латын әліпбиін игертуде қоғамның барлық мүшелерінің жас ерекшеліктері де ескерілген. Қазіргі білім берудегі ең басты міндет – әркім өзін білім тұрғысынан үздіксіз жетілдіру болатын болса, латын графикасын игеру кезінде зерттеудің бұдан кейін де берері мол болмақ.

115-121 415
Аннотация

Жұмыста білім алушы-инофондарды орыс және қазақ тіліне оқыту мәселесі сөз болады. Авторлар оқыту барысында грамматикалық материалды игертуден бҧрын дҧрыс сөйлеуге үйрету қажеттілігін алға тартады. Ол үшін фонетикаға, атап айтсақ, дыбыстау, екпін, сингармонизм, интонация мәселелеріне ерекше басымдық беріледі. Мақалада осы мәселелерге қатысты жҥйе қамтылған. Қазақ тілді білім алушыларды орыс тілінің ырғақ заңына негізделген мәнерлі қолданыс арқылы екпінді дұрыс қоюдың инновациялық әдістемесі ұсынылады. Орыс және қазақ тіліндегі оқыту әдістемесін салыстыра, салғастыра отырып екінші тілге үйрету үйлесімділігін анықтауға талпыныс жасау мақаланың өзіндік ерекшелігін айқындайды.

122-126 480
Аннотация

Мақалада поэзия атты перизаттың қадір-қасиеті, өлең, сөз құдіреті жайында сөз қозғалады. Балалар әдебиетінің алтын діңгегіне айналған өлең ғұмыр иесі - М.Әлімбаевтің балалар әдебиетіндегі орны мен ақын шығармашылығының бала тәрбиесі барысындағы атқарар қызметі жайында кеңінен қозғалады. Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерінде кең орын алатын адамгершілік тақырып қарастырылады. М.Әлімбаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетінің алтын қорда лайықты орын алады. Мораль, адамгершілік, ұлт мәселесі кез-келген ұлттың әдебиетінің ең үлкен және мәңгілік тақырыптарының бірі. М.Әлімбаев балаларға арнаған өлеңдерінде адамзат баласының рухани байлығы мен рухани сұлулығын мақтап қана қоймай, бала жанына жат, дамуына кері әсер етер жат қылықтарды сынға алды.

127-132 469
Аннотация

Мақалада көркем шығарманы интерпретациялаудың тәсілдері мен түрлері, олардың туындауы туралы зерделенеді. Көркем мәтінді түсінуде интерпретацияның түрлі тәсілдері мен түрлері қарастырылады. Қабылдау мен түсінудің арақатынасы, интепретацияның негізгі түрлері мен қызметі, көркем шығарманы тҥсінудің тәсілдері мен деңгейлері сараптала отырып, негізгі ой-тұжырымдар ғалымдар пікірлерімен дәйектеледі. Интерпретация теориясының негізгі мәселері мен олардың туындау себептері айтылады.

133-138 678
Аннотация

Мақалада қазақ және ағылшын тіліндеріндегі көркем шығармадағы кездесетін идиомалар қарастырылған. Зерттеу жұмысының мақсаты – екі тілдің идиомаларының аудармасының ерекшеліктерін көрсету. Автордың айтуынша, Шынар Келімбетова ―I don‘t want to lose hope‖ шығармасындағы қазақ тіліндегі идиомаларды ағылшын тіліне сәтті аударған. Мақалада бақылау, салыстыру және жалпылау зерттеу әдістері қолданылды. Өзіндік ұлттық сипаты бар бұл идиомалар, мақаланың негізі болып табылады.

139-144 366
Аннотация

Мақалада Қ.Мұхамеджанов комедиялары мен драмаларындағы көркемдік тұтастық пен идеялық мазмұн бірлігін сақтап түрған нәрсе ұлттық ой-сана деректері екендігіне мән беріледі. Қ.Мұхамеджановтың тартымды комедия тудырғанын көрсеткен зерттеушілер, көрермендер және драматургтің өз әріптестерінің пікірлері назарға алынды. Драматург пен өмірлік материал арасындағы қарым-қатынас мәселелерін айқындауға Қ.Мұхамеджановтың  "Жат елде" және "Біз періште емеспіз" пьесалары қызықты мәліметтер ұсынады. Ол үш бірдей драмасында өмірлік материалға ұлттық ой-сана дерегі тұрғысынан қарады. Бір ерекшелігі осы үш бірдей драмадағы өмірлік материалды екшеу тәсілі үш түрлі екендігі көрсетіледі.

145-148 433
Аннотация

Мақалада болашақ лингвист-мұғалімдерді оқыту үдерісінде құзыреттілікті қалыптастыру мәселелерінің кейбір қырлары қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі - қоғамда қалыптасқан білім берудің кейбір тәсілдерін іс жүзінде қолдану әдістерін реформалау қажеттілігінен туындайды. Жаңа талаптар оқыту әдісі мен әдістемесіндегі өзгерістерге байланысты. Олар ең алдымен зияткерлік әлеуетке және жан-жақты болу қабілетіне сҥйенеді. Білім алушыларға қатысты инновациялар субъективті және объективті деңгейдегі бірқатар жағдайларға байланысты, онсыз ақпаратпен жұмыс істеу де, өзін-өзі жеке тұлға ету процесі де мүмкін емес. Аталған құзыреттер нақты тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді оқытушы мен студент орындағанда жүзеге асады. Сонымен қатар олардың бірлескен қызметінің нәтижелеріне байланысты, тәуелді болып табылады.

149-153 506
Аннотация

Мақалада коммуникативтік стратегиялар, сондай-ақ оларды жүзеге асыратын тактика мен техникалар, саяхат блогы хабарларының мысалдары негізінде қарастырылған. Коммуникативтік стратегияға анықтамалар беріліп және ол анықтамалар коммуникативтік тұрғыдан талданады. Коммуникативті жағдаятқа байланысты қолданылатын тілдік стратегияларды таңдау мәселесі мақалада талқыланады. Әр түрлі қатысушыларға коммуникативтік оқиғаға ақпарат бағытына стратегияның тҥрін таңдау анықталды. Сондай-ақ, мақалада Қазақстандағы туристік дискурста тілдің қолданылуын зерттеудің маңыздылығы туралы айтылады. Мақалада коммуникативтік стратегияның негізгі компоненттері коммуникативтік мақсатқа жету ҥшін адресат жоспарлаған когнитивтік процесс ретінде қарастырылады.

151-161 893
Аннотация

Мақалада бастауыш топта орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың инновациялық формалары, өзге тілді оқыту тәжірибесінде жаңа технологияларды қолдану әдістері қарастырылады. Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесінде жаңа мультимедиалық білім беру жүйесін қолданудың артықшылығы мен кемшілігі туралы сараптама жасалынады. Авторлар жаңа сөздермен жұмыс істеуде және жаңа грамматикалық құрылымдарды жасауда аталмыш технологияны қолдану үшін мысалдар да келтіріп өтеді. Коммуникативтік әрекетте лингвистикалық ұғымдарды меңгеру жүйесін, сөйлеу қызметінің барлық тҥрлерін біртіндеп меңгерту, тілдік біліктер мен дағдыларды қолдану сынды мәселелер талданады. Орыс тілін үйрену үшін жұмыс кезінде ақпараттық технологияларды әртүрлі мультимедиялық дереккөздерді пайдаланған жөн.

162-168 488
Аннотация

Бұл мақалада бәсекеге қабілетті дамыған мемлекеттің сауатты, кәсіби тұрғыдан жан-жақты, рухани дүниесі бай шығармашыл тұлғасын қалыптастыру үшін білім жүйесіндегі қазіргі заманғы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары қарастырылған. Білім берудегі жаңа парадигмалар, шет тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген. Шетел тілі пән мұғалімдерін даярлаудың, қарастырып отырған педагогикалық жүйенің сыртқы құраушылары арқылы оқытудың нәтижесін арттыруға бағыттау басты ұстаным. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі шетел тілдерін үйрету мәселесі бүгінгі күннің басты міндеттеріне айналып отырғандығы қарастырылады. Жалпы алғанда мақалада, Шет тілінің кәсіби маманы құзыреттілігіне өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра алу қасиеттері де ауқымды көлемде ашылған.

169-174 456
Аннотация

Бҧл мақалада жоғары медициналық білім берудегі пәндік тілдік интеграцияланған оқыту талқыланады. Блум таксономиясын қолдану жоғары кәсіби білім беруді жетілдіруге мҥмкіндік береді, яғни конференциялар мен жобаларға қатысуға, ал білім алушылар мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына шет елдердің жоғары оқу орындарымен академиялық білім алмасуларға қосымша мҥмкіндіктер ашады. Мҧндай мҥмкіндіктерді іске асыру ҥшін шет тілінің қҧзыреттіліктерін дамыту қажет. Кҥнделікті шет тілін қолданудың практикалық дағдыларын дамыту, жалпы лингвистикалық, білім беру және кәсіби коммуникативтік қҧзыреттіліктерін меңгеру жҥзеге асады. CLIL білім алушыларға жоғары оқу орынның пәндерін оқу ҥдерісінде шет тілін білуді ҥйренуге мҥмкіндік береді. Ҥйренуге деген осы кӛзқарас оқыту дағдыларын дамытқан кезде оқыту мазмҧнын біріктіреді және тиімді мотивациялық оқытуға ықпал етеді. Осылайша. шет тілін білуге деген сенімін арттырады, қарым-қатынаста тілдік кедергілерді жояды және шет тіліндегі қҧзыреттерді игерудегі деңгейінің ӛсуіне ықпал етеді. Медицина саласының білім алушыларының ағылшын тілінде белгілі бір деңгейге ие болу қажеттілігін және игерілген дағдыларды жетілдіру жолдары қарастырады.

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ 

176-180 406
Аннотация

Мақалада Қазақстанның бұрынғы кеңестік кезеңіндегі тарих көздерінің әдебиеттерінің тарихына қатысты мәселелер қарастырылады. Орыс ғалымдарының, түркітанушылардың, шығыстанушылар мен библиографтардың Қазақстандағы көрсеткіштерді қалыптастырудағы рөлі атап өтілді. Ресейдің Қазақстан тарихында жарияланған кейбір индекстердің сипаттамасы беріледі. Қазақстан тарихының кеңестік дәуіріне арналған библиографиялық көрсеткіштер тізбесі келтірілген. Энциклопедиялық басылымға енетін біздің еліміздің мәдениетін зерттеуге арналған аннотирленген заманауи био-библиография.

181-187 436
Аннотация

Мақалада 1916 жылғы Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысы аймағында болған ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі тұрғындардың күнделікті өмірі мәселесі қарастырылады. Әсіресе, көтеріліс кезінде көп зардап шегіп, ақырында патша үкіметінің қарулы жасағына төтеп бере алмай, елден қашып, Қытай асуға мәжбүр болған қазақ және қырғыз халықтарының өмір сүру амал-әрекеттеріне мән беріледі. Көтеріліс кезіндегі қалыптасқан төтенше жағдайдың жергілікті тұрғындардың (ересектермен бірге жас балалардың да) күнделікті өміріне әсері ресми деректерді, қолжазба қорының материалдарын, тарихи және әдеби еңбектер мен куәгерлердің естеліктерін салыстыра отырып жазылды. Мақалада төтенше жағдайда қалыптасқан өзгерістердің тұрғындардың жан-дүниесіне әсері, оның күнделікті тұрмыстағы көрінісі, сонымен қатар патша үкіметінің отаршылдық саясатының қазақ және қырғыз халықтарының өміріне тигізген зардабы баяндалады.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 

189-193 350
Аннотация

Бұл мақалада теориялық талдау негізінде студенттің субъектілік макроқұрылымы қарастырылған. Макроқұрылымның құрамы ұсынылған. Студенттің субъектілік макроқұрылымның компоненттері екі түрге бөлінген: студенттің субъективтілігінің құрылымдық көрінісі, студенттің субъективтілігінің функционалдық көрінісі. Студенттің субъективтілігінің құрылымдық көрінісіне мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-еріктілік, когнитивті -құзыреттілік, рефлексивті-реттеушілік компоненттер жатқызылады. Студенттің субъективтілігінің функционалдық көрінісі мазмұнына жеке-шығармашылық, іс-әрекет- болжамдық, ұйымдастырушылық-коммуникативтік компоненттер енгізілген.

194-202 516
Аннотация

Мақалада болашақ педагогтарды білім беру жүйесіндегі корпоративтік басқаруға даярлау және корпоративтік басқару арқылы білім беру менеджментін жұзеге асыру мәселесін зерттеу барысы қарастырылған. Мақала жазудағы мақсат – білім беру жүйесіндегі корпоративтік басқару ролін негіздеу және оған талдау жасау. Авторлар корпоративтік басқару мәнін білім берудің маңызды бөлігі деп қарастырады, сондай-ақ, оқытудың типтік жоспары мен оқытудың типтік бағдарламасы мазмұнын болашақ педагогтарды білім беру жүйесіндегі корпоративтік басқаруға дайындау көзқарасын ұстана отырып жалпылайды. Жоғарыда келтірілген мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдай келе авторлар білім беру саласындағы корпоративтік басқару мәселесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында жеткілікті деңгейде зерттелмегендігін сөзге тиек етіп, аталмыш ұғымның экономика саласында ғана көтеріліп жүргендігін айтады. Сонымен бірге болашақ педагогдары білім берудегі корпоративтік басқаруға даярлау қажеттілігін ашып көрсетеді.

203-207 501
Аннотация

Мақалада болашақ мұғалімдерді педагогикалық менеджментті жүзеге асыруға үйрету ерекшеліктері, сондай-ақ мамандардың кәсіби дамуындағы рөлі айқындалды. Шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде білім мазмұнын педагогикалық көзқарастары қарастырылып когнитивтік, мәдени, тұлғалыққа бағдарландырылған, құзыреттілікке бағдарланған және т.б. тәсілдер талданды. Педагогикалық менеджменттің әр түрлі аспектілерінің мазмұндық негіздемелері анықталды, олар: когнитивті-ақпараттылық, іс – әрекеттілік, рефлексиялық және қүндылық - мотивациялық.

208-213 483
Аннотация

Кәсіби құзіреттілік теориясы мәселесі елдің экономикалық және әлеуметтік даму шарттарын қалыптастыратын маңызды фактор болып табылады. Кәсіби құзіреттілік бұл нақты ахуалдарда бұдан бұрын өткен тәжірибелер негізінде кәсіби шешім қабылдау қабілеті саналады. Берілген мақалада кәсіби құзіреттілік түсінігінің мәні мен негізгі қағидалары зерттелген. Зерттеу жұмысында педагогика және психология ғылымдарында қалыптасқан тұжырымдамалар қарастырылады. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы мынада: кәсіби құзіреттілік түсінігі құрылымданды және жүйеленді, педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық тұжырымдарға ерекше назар аударылды.

214-220 455
Аннотация

Мақалада кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жөніндегі өзекті мәселелер қарастырылған. Автор бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың өзектілігін, әдіснамалық негіздерін және оны тәжірибе жүзінде дәлелдей білген. «Коммуникативті құзыреттілік» ұғымының мазмұнымен маңыздылығын аша білген. Кіші мектеп жасындағы балалардың құзыреттілігін қалыптастыру деңгейі және оның сапалық критерийлерін бере білген. Бастауыш мектептегі коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының апробациядан өткен жүйесі берілген.

221-227 422
Аннотация

Мақалада жеке тұлғада әлеуметтік ұнамды қасиеттердің болуы, қоғамдық мәселелерді шеше алуы, белсенді, шығармашыл болуы қазіргі қоғам сұранысы екендігі айтылады. Бұл - болашақта бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудің басты міндеттеренің бірі. Сондықтан жастайынан баланың әлеуметтік мінез-құлқын реттеуге назар аударған жөн. Қоғамның мұндай әлеуметтік тапсырысы жеке тұлғаның өзін көрсете білудің, өздігінен кемелденудің, табысты әлеуметтенудің негізі ретінде бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдысын қалыптастыру және оны дамыту мәселесіне аса көңіл бөлу керектігі қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдылар мен шығармашылық белсенділігін дамыту арқылы қоршаған ортамен өзара іс-әрекеттік үдерісіне, әлеуметке және қоғам сұранысына сай тұлғаны тәрбиелейміз. Әлеуметтік дағдысы жоғары дамыған шығармашыл тұлға дағдарыс кезеңінде, құндылықтарды қайта бағдарлау кезеңінде төтеп беруге және өзінің мінез-құлқын жеке және қоғам игілігіне бағдарлауына мұмкіндік береді.

228-231 530
Аннотация

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесінде жас және дербес ерекшеліктерін ескерудің маңызы туралы айталады. Оқушының жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу оның тұлғасын дамытудың негізгі факторлардың бірі болып табылады. Авторлар бастауыш сынып оқушысының психофизиологиялық дамуына тоқталып, белгілі отандық, шетел психологтардың, педагогтардың еңбектеріне талдау жасайды. Сондай-ақ, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы туралы қазақ ғалымдарымыздың Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Қ Жарықбаевтың еңбектеріндегі құнды ой-тұжырымдарға тоқталған.

232-237 343
Аннотация

Автор мектеп жасына дейінгі ересек балалардың төтенше жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мәселесін қарастырады. 5-6 жастағы балалардың жас ерекшелігіне сипаттама беріліп, олардың білім алулары мен ойлау қабілеттіліктеріне, бәрін білуге және істеп көруге қызуғышылығы байқалады. Балабақша мен үй жағдайындағы және көшеде кездесетін қауіп қатер туралы балалардың нақты түсініктерін қалыптастыру бойынша арнайы сабақтар ұйымдастыру қажеттілігі байқалады. Балалармен жұмыс жасаудың мынадай тиімді әдістері анықталады: сюжеттік-рөлдік ойындарды сахналау, жағдайларды талқылау, көркем әдебиетті оқу және т.б.

Балабақша мен отбасының балалардың білім алуын ғана емес, әр түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша тығыз қарым-қатынас жасау қажеттілігі атап өтіледі.

238-243 463
Аннотация

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті мен оқушыларды бастауыш сыныптан бастап зерттеуге үйретудің тиімділігі баяндалады. Себебі, осы жаста олардың жаңа нәрсені танып білуге деген құлшынысы ерекше болады. Бастауыш сыныпта зерттеу жұмысы мектеп бағдарламасының әрбір пәнінде жүзеге асырылады. Авторлар оқушылардың зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім жан-жақты, зерттеу біліктіліг жоғары дәрежеде болуы қажет деп есептейді. Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру барысында олардың бойындағы зерттеуге қажет біліктіліктер мен оларды дамытудың жолдарын қарастырып, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың шарттарын анықтаған. Сондай-ақ, кіші мектеп жасынан қалыптасқан зерттеу дағдылары оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, өздеріне өмір бойы қызмет ететіндігін дәлелдейді.

244-249 815
Аннотация

Мақалада АҚШ, Ҧлыбритания, Ресей мен Қазақстандағы инклюзивті білім берудің даму мәселері мен тенденциялары қарастырылады. Мақаланың негізігі бӛлігінде инклюзивті білім беруді жҥзеге асыру жағдайындағы ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселесі кӛтеріледі. Авторлар инклюзивті білім беруді жҥзеге асыру жағдайындағы ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау барысында назар аудару керек негізгі қағидаларды ашып кӛрсетеді. Мақалада қатаң мемелекеттік білім беру стандартының негізінде дҧрыс бағалауды жҥзеге асыру мҥмкін емес екені кӛрсетіледі. Мақаланың негізгі қорытындылары ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жҥйесі бойынша оқу-әдістемелік нҧсқаулықтарды кеңейті мен толықтыру қажеттігін қарастырады.

250-255 532
Аннотация

Мақалада инклюзивті білім беруде арнайы мҧғалімнің дайындығына тҥрлі тәсілдер қарастырылады; осы ҥдерістегі бар проблемаларды айқындады; «инклюзивті білім берудегі мҧғалімдерді даярлау» тҧжырымдамасы анықталды. Осыған байланысты білім беру жҥйесін педагогикалық кадрларды даярлау, білім беру процесін қамтамасыз ету, білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау және заманауи қоғамдағы арнайы білім беру қажеттіліктерімен әлеуметтік-мәдени интеграциялау арқылы шешілетін шешуші мәселе.

256-260 385
Аннотация

Бҧл мақалада қазіргі заманғы арнайы педагогтың бҥгінгі кҥнгі маңызды тапсырмаларының бірі – байланыстырып сӛйлеу тілін дамыту мәселесі сӛз етіледі. Автор сӛйлеу тілі бҧзылысы бар балалардың сӛйлеу тілінің ерекшеліктерін сипаттап, сӛйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың байланыстырып сӛйлеуін дамыту жҧмысының ерекшелігіне тоқталған. Осының нәтижесінде, мнемотехника сӛйлеу тілі жалпы дамымаған балалармен жҥргізілетін тҥзету жҧмыстарын оңтайландырудың бір әдісі ретінде қарастырылады. Мақалада «мнемотехника» тҥсінігі әртҥрлі әдебиет кӛздерінен қарастырылады және осы әдісті тҥзету жҧмыстарында қолданудың ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Сонымен қоса, мнемокесте мен жҧмыстың кезеңдері сипатталған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы сӛйлеу тілі жалпы дамымаған балалармен мнемокестелерді қолдану арқылы жҥргізілетін жҧмыстың негізгі кезеңдері мен әдістері тақпақпен жҧмыс мысалы арқылы тҥсіндірілген.

261-265 559
Аннотация

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытуға ерте қолдау көрсету бүкіл әлемде басты мәселе болып табылады. Зиянды психофизикалық дамумен байланысты теріс факторлардың өзара тәуелділігі, баланы және ата-аналарды ерте тҥзету қызметі бағдарламасына қосу қажеттігін көрсетеді. Бұл ереже кохлеарлы имплантациядан кейінгі ерте жастағы балалармен жұмыс жасау барысында маңызды. Қазіргі уақытта кохлеарлы имплантация - есту қабілеті бұзылған балаларды оңалтудың тиімді әдісі. Мұндай балалардың педагогикалық адаптациясының жетістігі көбінесе екі негізгі шартты сақтау арқылы анықталады: қалыпты есту және сөйлеу қабілеті бар балалар мен ересектер арасында тҧрақты қатысу және жүйелі түзетуді қамтамасыз ету. Мақалада есту және сөйлеу жұмысының негізгі кезеңдері мен әдістері, шетелдік және отандық түзету жұмыстарының тәжірибесі, сондай-ақ ерте жастағы кохлеарлы импланты бар балаларға қатысты, оларды жүзеге асыру мұмкіндіктері туралы баяндалады.

266-273 367
Аннотация

Мақалада жоғары оқу орындарында білім беру ортасы, қоғам, кәсіптік білім беру, кәсіптік тәрбие болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби сәйкестендіруге әсер ететін негізгі факторлар ретінде қарастырылады. Білім беру ортасы әлеуметтік педагогтарды даярлаудың ажырамас және маңызды факторларының бірі болып саналады. Қоғам болашақ әлеуметтік педагогті өзіне ең жақын әлеуметтік орта арқылы интеграциялау тұрғысынан қарастырады. Ғалым педагогтардың және психологтардың жалпы педагогикалық идеяларын ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің ерекшеліктері мен қарым-қатынасын жалпы оқу үдерісі тұрғысынан қарастырып, қысқаша сипаттамасы берілген.

274-278 350
Аннотация

Мақалада спорттың қиын - техникалық тҥрлерінен бастапқы спорттық дайындық кезеңінде іріктеу мәселесі қарастырылады, оған дзюдо кҥресі жатады, ол бҥгінгі кҥні ӛзінің ӛзектілігін жоғалтпаған.. Жоғары жетістіктердегі заманауи спорт тҥрлері кҥрделі бәсекелестік жағдайында дамиды. Олимпиада мен әлем чемпионаттарында медаль ҥшін кҥрес әлемнің тҥрлі елдерінің 180 федерациясымен жҥргізіледі. Спорттың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу кӛбінесе адамның физикалық және ақыл-ой қабілеттерін дамыту дәрежесіне байланысты, бҧл спортта осы спорт тҥрі ҥшін бойынша жоғары деңгейдегі адамдарды таңдау мҥмкіндігін қарастырады. Дзюдомен кҥресудің тиімділігін бағалау ҥшін спорттық жаттығудың бастапқы кезеңінде спортты іріктеу жҥйесін жетілдіру болып табылады, ол процесті жҥйелеуге мҥмкіндік береді және әзірленген критерийлер негізінде дзюдода бастапқы спорт тҥрлерін таңдаудың тиімділігін айтарлықтай арттырады оқу топтарын одан әрі дамытуға дайындық болып табылады.

279-284 390
Аннотация

Зерттеуді жүргізудің өзектілігі жүкті әйелдердің дене жүктемесіне функционалдық жүйесінің реакциясы жайында сұрақтарды жеткіліксіз түсіндірумен негізделген. Мақалада Қазақстандағы демографиялық жағдайдың статистикалық деректері берілген. Авторлармен алғашқы рет жүкті келіншектер тобының қатысуымен зерттеулер жүргізіліп, материалдар ұсынылды. Өткізілген зерттеулер негізінде болашақ аналар – қыздар ҥшін дене шынықтыруды отбасы тұрмысына енгізу бойынша және әйел-аналардың дене шынықтыру сауаттылығын дамытуға әдістемелік ұсыныстар құрастырылды. Студент қыздарға дене шынықтыруды дағдыландыру мен болашақ ана болу кезеңіне дайындау бойынша мақсатты іс-шаралардың әдістемелік жұмысынан тұратын қыздарда дене шынықтыруды қалыптастыратын жетілдіру жүйесі ұсынылады.

285-291 1045
Аннотация

Мақалада басқару үрдісіндегі тұлғаның ерікті-эмоциялы сферасының психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыдан қарастырылған. Эмоциялы процестің адам қажеттіліктерін қанағаттандырудағы субъективті психологиялық күй ретінде талдай келе оның негізгі үш компонентіне сипаттама берген. Сонымен бірге тұлғаның эмоциялы өмірінің әрқилы кқріністері: аффектілер, эмоциялар, сезімдер, көңіл- күй және стресс туралы мағлұмат берілген. Менеджменттегі басшының психологиялық денсаулығы және оның негізгі бағыттары, қуат көздері, салдары қарастырылған. Ерік – адамның ішкі және сыртқы кедергілерді жеңудегі мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы реттеушісі ретінде айшықталған. «Ерікті аумақ», «эмоциялы күй», «басшының денсаулығы» ұғымдарының мазмұны теориялық тұрғыдан нақтыланған. Тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялық күйлерінің, ерікті аумағының психологиялық денсаулығына ықпалының психологиялық ерекшеліктері қарастырылған.

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 

293-298 657
Аннотация

Мақалада қазақ ұлттық би өнеріні мазмұндық бағыты, сипаты және орындалу мәнері бойынша топтастырылып, зерттеледі. Хореография өнерiнiң соның ішінде қазақ биінің тарихында бидiң барлығы дерлiк халық шығармашылығынан нәр алғандығы қарастырылған. Қазіргі уақытта қазақ биінің даму жолдарын белгілейтін хореографиялық дәстҥрге бай өте құнды би мұрасына айналып отыр.

299-303 387
Аннотация

Мақалада «Стретч пластика» сабағының аналитикалық талдауы келтірілген. Бұл, дененің бҧлшық еттерін созу, бишілер денесінің пластикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін сабақ. «Стретч пластика» пәні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде хореография мұғалімдерін даярлау бағдарламасына кіреді. Осы мақаланың негізгі мақсаты — «Стретч пластика» пәнінің оқу жоспарына енгізілген жеке жаттығулардың ерекшеліктерін, міндеттерін және аналитикалық талдау арқылы орындаушылардың би дағдыларына әсерін анықтау. Қорытындылай келе, «стретч пластиканің» негізгі ережелері көрсетіледі, онсыз сыныпта оң нәтижеге жету мүмкін емес. Бишілердің денсаулығы мен моторикасына әсері байқалды.

304-309 498
Аннотация

Қазіргі уақытта академиялық көрсеткіштер мен дәстүрлі мәдениет арасындағы байланыстар артты. Бұл негізінен әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты. Бұған қоса, идеологиялық көзқарастар осы үдерісте маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі түрде бүгінгі таңда ең маңызды қондырғы - бұрыннан қалыптасқан дәстүрлерді сақтау және тарихи, әлеуметтік және саяси факторлардың әсерін атап өтуге болады. Академиялық бағыттың көрнекті орындаушылары өз жұмыстарында репертуар мен түсіндірудің ерекшеліктерін көрсететін дәстүрлі шығармашылық философиясының әсерін көрсетеді. Осылайша, академиялық көрсеткіштердің арасындағы байланыс соншалықты күшті, бұл дәстүрлі мәдениет ұлттық стильдің бірегей параметрлерін қалыптастыруға әсер етеді.

310-314 437
Аннотация

Мақалада Орал қаласындағы байырғы музыка мектебінің тарихы баяндалады. Білім ордасының бұрыңғы мекен-жайы мен бүгінгі қал жағдайы сипаттамалық әлемге танымал музыкант болған бітірушілері туралы мәлімет беріледі. Автор мектеп оқытушылары ондағы мамандықтардың түрлері республика және шетелдегі музыкалық білім беру ұйымдарымен қарым-қатынас туралы толыққанды дерек береді. Сонымен қатар, мектептің қалыптасу кезеңдері даму перспективалары туралы мазмұндалады.

315-320 477
Аннотация

Бұл мақалада автордың айтуынша қазіргі таңдағы театрды дамыту барысында Асанәлі Әшімовтің қосқан үлестерін көрсету және оның түпкі нұсқасын ашу. А.Әшімовтi қазақ театры мен кино өнерінде феномен ретінде көрсету. Өткелі шақтағы актерларды тұлға ретінде болашақ актерларға ашу, әлемдік терпілістер мен өзгерістерге тайталас беруді білдіру. Асанәлі Әшімовтың шығармашылығының өзектілігі мен қалыптасу кезеңі, оның актерлық тарихи және заманауи театрда немесе кинодағы сомдаған рөлдерінің ерекшелігін саралау. Актер шеберлігінің педагогы ретінде шәкірт тәрбиелеудегі ізденістері мен ұстанымдарын көрсету.

321-324 436
Аннотация

Ғылыми мақалада қазіргі қазақ эстрадасындағы белгілі вокалдық топтар, ансамбльдер, трио-дуэттер және басқа да этнофольклорлық үрдістер ұжымдарының репертуарындағы бай дәстүрлі ән орындаушылықтың функционалдық қызметі туралы өзекті мәселелер зерттеледі. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде эстрадалық аспаптарды халықтық аспаптармен синтезде қолдану, сондай-ақ еуропалық халық әндерін жанрлар (терме, желдірме) ретінде мәнерлі бояулармен қанықтыра келе тыңдаушыларға эмоционалдық әсер етуді күшейте отырып, ұлттық нақыштарды тереңдетіп, музыканың тембральді потенциалын ашу жаңа шынайы өмірге қол жеткізді.



ISSN 2306-5079 (Print)